Бұдан әрі «APPTEKA» деп аталатын «APPTEKA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке тұлғаларға «APPTEKA» мобильді қосымшасында немесе https://appteka.kz сайтында (бұдан әрі – APPTEKA сайты) тіркелген, бұдан әрі «Сатып алушы» немесе «Пайдаланушы» деп аталатын тұлғаларға APPTEKA сервисін пайдалануды және «APPTEKA» мобильді қосымшасында немесе APPTEKA сайтында көрсетілген, бұдан әрі «Серіктес» немесе «Сатушы», ал бірлесіп «Тараптар» деп аталатын тұлғаның тауарларын/қызметтерін/жұмыстарын сатып алуды ұсынады.
Осы ұсыныс Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес жария оферта (бұдан әрі – Пайдаланушы келісімі) болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес оның шарттарын толық және сөзсіз қабылдау (акцепт) Пайдаланушының конклюденттік әрекеттер жасауы – APPTEKA сервисін пайдалануы және/немесе «APPTEKA» мобильді қосымшасында не APPTEKA сайтында тіркелуі болып табылады.
Терминдер мен анықтамалар:
Негізгі ережелер:
1. Пайдаланушы келісімін акцепттеу бойынша әрекеттер жасау арқылы Пайдаланушы өзінің құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін, сондай-ақ шарттық қатынастарға түсуге заңды құқығы бар екенін растайды.
2. Пайдаланушы келісімін акцепттеу Пайдаланушы келісімін және оның барлық қосымшаларын жасасқанмен бірдей болып табылады және Пайдаланушының осы ұсыныстың барлық ережелерімен келісетінін білдіреді. Осыған байланысты, Пайдаланушы келісімінің және оның қосымшаларының (APPTEKA Платформасында орналастырылған Шарттардың) мәтінін мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз. Егер Сіз Пайдаланушы келісімінің қандай да бір тармағымен келіспесеңіз, APPTEKA Сізге Пайдаланушы келісімін Акцепттеуден бас тартуды ұсынады.
3. Пайдаланушы келісімінің мәні: APPTEKA құқық иеленушісі APPTEKA болып табылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, Интернет арқылы Сатушылар мен Сатып алушылар арасында байланыс орнату және мәмілелер жасау үшін бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерді ұсыну (нақты уақыт режимінде Интернетте жұмыс істейтін сауда алаңын ұсыну) бойынша қызметтерді, соның ішінде APPTEKA Платформасының бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктеріне интеграцияланған, жасалатын мәмілелер шеңберіндегі ілеспе қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асырады.
4. APPTEKA Пайдаланушы келісімінің шарттарын оның тиісті Қосымшасында (APPTEKA Платформасында орналастырылған Шарттарда) орналастыруға құқылы. Қосымшалар Пайдаланушы келісімінің ажырамас бөлігі болып табылады. Пайдаланушы келісімінің Қосымшаларында қамтылған барлық шарттар Пайдаланушы келісімінің Шарттары болып табылады.
5. Пайдаланушы «APPTEKA» Платформасы арқылы Серіктестен тауарларды/қызметтерді/жұмыстарды сатып ала отырып, Серіктеспен мәміле жасайды.
6. Серіктестің тауарларына/жұмыстарына/қызметтеріне қатысты барлық шағымдар Серіктеске қойылады. APPTEKA Серіктестің тауарлары/жұмыстары/қызметтері үшін жауапты болмайды.
7. APPTEKA Пайдаланушыларға APPTEKA Платформасында (толық немесе ішінара) пайдалануға болатын бонустарды есептеуге құқылы. Бұл ретте Пайдаланушыға ақшалай түрде өтемақы алу, сондай-ақ берілген күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күнді құрайтын жойылу мерзімі өткеннен кейін мұндай бонус сомасын қайтару немесе қалпына келтіру құқығы берілмейді.
APPTEKA сервисін пайдалану:
8. Пайдаланушы «APPTEKA» Платформасы арқылы Серіктестің тауарларын/жұмыстарын/қызметтерін сатып алған жағдайда, Серіктес Пайдаланушыға APPTEKA Платформасында көрсетілген мөлшерде жеңілдік береді.
9. Пайдаланушы «APPTEKA» Платформасы арқылы бонустарды пайдалана отырып Серіктестің тауарларын/жұмыстарын/қызметтерін сатып алған кезде, жеңілдікті Серіктес Пайдаланушы пайдаланған бонустар мөлшерінде береді. Бұл ретте Пайдаланушыға ақшалай түрде өтемақы алу, сондай-ақ бонус сомасын қайтару немесе қалпына келтіру құқығы берілмейді.
10. APPTEKA келесі жағдайларда Пайдаланушының аккаунтын бұғаттауға және/немесе бонустардың күшін толық немесе ішінара жоюға құқылы:
11. Пайдаланушы «APPTEKA» Платформасы арқылы Серіктестің тауарларын/қызметтерін/жұмыстарын сатып ала отырып, Серіктеспен мәміле жасайды.
12. APPTEKA Платформасы берілген жағдайда, Пайдаланушы APPTEKA Платформасын қабылдаушы тарапқа беруге және мұндай тұлғаға меншік құқығы өткеннен кейін қызметтер көрсету мен APPTEKA Платформасын сүйемелдеу үшін қажетті дербес деректерді, коммерциялық және өзге де ақпаратты сол тараптың өңдеуіне өзінің келісімін береді.
13. Құқықтар мен міндеттер өткен күннен бастап жаңа тұлға Шарт бойынша APPTEKA-ның барлық құқықтарына ие болады және барлық міндеттемелерін өзіне қабылдайды, ал тараптардың өзара қарым-қатынасы әрі қарай жалғасады.
14. Пайдаланушы шарттық қатынастардың жаңа тұлғаға өтуін ресімдеу үшін қисынды түрде қажет болатын барлық әрекеттерді жасауға және құжаттарды ұсынуға міндеттенеді.
15. APPTEKA Пайдаланушыны мұндай беруден кемінде 5 (бес) жұмыс күні бұрын хабардар ету шартымен, Пайдаланушыдан қосымша келісім алмай-ақ, Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін аффилирленген тұлғаға, құқықтық мұрагерге не APPTEKA Платформасына құқықтар берілетін үшінші тұлғаға толық немесе ішінара беруге құқылы. Егер хабарламада көрсетілген мерзім ішінде Пайдаланушы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беруге қатысты жазбаша қарсылық жібермесе, мұндай беруді Пайдаланушы келіскен болып есептеледі, ал APPTEKA-ның тиісті құқықтары мен міндеттері хабарламада көрсетілген күннен бастап жаңа тұлғаға толық көлемде өтеді.
Құпиялылық және дербес деректерді қорғау саясаты:
16. Пайдаланушы APPTEKA-ға Дербес деректерді жинауға және Дербес деректерді өңдеуге, үшінші тұлғаларға, соның ішінде Серіктеске, «Halyk Finservice» ЖШС-не беруге келісім береді және APPTEKA Платформасында тіркелу процедурасынан өткеннен кейін оның электрондық поштасына, телефонына хаттар мен хабарламалар, соның ішінде жарнамалық сипаттағы хабарламалар жіберілуі мүмкін екендігіне келіседі.
17. Дербес деректерді жинауға және Дербес деректерді өңдеуге берілген келісім, Пайдаланушы оны кері қайтарып алудың болжамды күнінен кемінде 30 (отыз) күн бұрын APPTEKA-ға жазбаша өтініш жіберу арқылы кері қайтарып алғанға дейін мерзімсіз қолданылады.
18. Пайдаланушы APPTEKA-ға дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық беруге келісімін береді.
19. Пайдаланушыға қатысты жиналатын деректердің тізбесі:
20. APPTEKA Пайдаланушының дербес деректерін, соның ішінде келесі мақсаттарда пайдаланады:
21. APPTEKA-ның заңның негізді және қолданылатын талаптарына сәйкес, Пайдаланушы алдындағы міндеттемелерді орындау үшін APPTEKA-мен шарт негізінде әрекет ететін агенттерге және үшінші тұлғаларға дербес деректерді ұсынуы бұзушылық болып есептелмейді. APPTEKA «Cookies» технологиясын пайдалануға құқылы. «Cookies» құпия ақпаратты қамтымайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. APPTEKA APPTEKA Платформасына кірушінің IP-мекенжайы туралы ақпаратты алады. Бұл ақпарат Пайдаланушының алаяқтық әрекеттері жағдайларын қоспағанда, Пайдаланушының жеке басын анықтау үшін пайдаланылмайды.
22. Пайдаланушы APPTEKA-ға берілетін дербес деректердің шынайылығына жауапты болады.
23. APPTEKA Пайдаланушының дербес деректерін қорғау бойынша тиісті шараларды қолданады және оларды қорғау үшін жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды енгізеді.
24. Банк картасын байлау сервисін қосу әрекеттерін жасай отырып, Пайдаланушы ақпараттың үшінші тұлғаларда сақталуына келісімін растайды, банк картасын байлау сервисін пайдаланғаны үшін дербес толық жауапты болады; логинді, парольді, бақылау сұрағының жауабын, карта нөмірін үшінші тұлғалардың пайдалану мүмкіндігіне, автоматты авторизацияны пайдалануға, соның ішінде электрондық поштаға алынған хабарламаны және өзге де ақпаратты қайта жіберуге байланысты барлық тәуекелдерді өзіне жүктейді.
25. Пайдаланушы қызмет көрсету сапасын арттыру және Пайдаланушының ауызша өтініштерін растау үшін телефон арқылы сөйлесулерді жазып алуға APPTEKA-ға келісім береді.
26. Пайдаланушы SMS, электрондық пошта, сондай-ақ пуш-хабарламалар, телефон қоңыраулары және басқа да байланыс тәсілдері арқылы жаңартылған ақпаратты, соңғы жаңалықтар бар ақпараттық хабарламаларды, жаңа ұсыныстарды, арнайы ұсыныстар мен сату туралы хабарландыруларды, сондай-ақ APPTEKA Серіктестерінің жаңалықтары мен ұсыныстары туралы ақпаратты алуға өзінің келісімін береді.
27. Пайдаланушы ақпараттық таратылым параметрлерін таңдай алады немесе одан бас тарта алады.
Басқа шарттар:
28. APPTEKA кез келген сәтте Пайдаланушылармен алдын ала келіспестен, өзгертілген шарттардың APPTEKA Платформасында жариялануын қамтамасыз ете отырып, Пайдаланушы келісімінің шарттарын біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.
29. APPTEKA Серіктестің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) қауіпсіз пайдаланудың ықтимал тәуекелдері мен шарттары бойынша, сондай-ақ желілік шабуылдар немесе APPTEKA Платформасының бұзылуы (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей), техникалық себептерден туындаған APPTEKA ресурстарының жұмысындағы іркілістер үшін жауапты болмайды. Үшінші тұлғалардың бонустарды пайдалануы үшін Пайдаланушы жауапты болады.
30. Серіктес Пайдаланушыға тауарды (жұмысты, қызметті) қауіпсіз пайдаланудың ықтимал тәуекелі мен шарттары туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте, егер тауарды (жұмысты, қызметті) қауіпсіз пайдалану, оны сақтау, тасымалдау немесе кәдеге жарату үшін арнайы ережелерді сақтау қажет болса, онда Серіктес оларды тауарға (жұмысқа, қызметке) қоса берілетін құжаттамада, тұтынушылық ыдыста, затбелгілерде немесе тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бөлек түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен көрсетуге міндетті.
31. Тараптар Пайдаланушы келісімі бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін еңсерілмейтін күш мән-жайлары (форс-мажор) әрекет еткен уақытқа жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш деп Тараптардың Пайдаланушы келісімі бойынша өз міндеттемелерін орындауына кедергі келтіретін төтенше және еңсерілмейтін мән-жайлар түсініледі. Оларға мемлекеттік органдардың локдаундар мен басқа да шектеу және тыйым салу шараларын енгізуі; табиғи құбылыстар; ядролық жарылыстың, радиацияның (иондаушы сәулеленудің) немесе ядролық қару материалдарымен, өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен немесе радиоактивті қалдықтармен радиоактивті зақымданудың әсері; соғыстар, әскери басып кірулер, шетелдік жаудың жаулық әрекеттері, әскери маневрлер және олармен байланысты әскери сипаттағы шаралар; азаматтық соғыс, қарулы көтеріліс, кез келген түрдегі халық толқулары, бұқаралық тәртіпсіздіктер, өкіметті күшпен басып алу немесе күшпен ұстап тұру; эпидемиялар, метеожағдайлар, террористік әрекеттер, ереуілдер, алып қоюлар, тәркілеулер, мемлекет меншігіне алу және т.б. жатады. Бұл ретте жалпыға мәлім оқиғалар қандай да бір растауды қажет етпейді.
32. Пайдаланушы келісімі бойынша құқықтық қатынастардан туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер міндетті түрде талап қою алдындағы (претензиялық) тәртіпті сақтай отырып, келіссөздер жолымен шешіледі. Талап қоюға жауап беру мерзімі 10 (он) күнтізбелік күнді құрайды.
33. Пайдаланушы келісімінен немесе оған байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер (соның ішінде оны түсіндіруге, орындауға, бұзуға, тоқтатуға немесе жарамсыздығына қатысты) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес APPTEKA орналасқан жер бойынша сотта реттелуге тиіс.
34. Тараптар Пайдаланушы келісімі APPTEKA сервисі пайдаланылған және/немесе Пайдаланушы APPTEKA Платформасында тіркелген сәттен бастап жасасылған болып есептеледі, екіжақты қол қоюды талап етпейді және электрондық түрде жарамды деген келісімге келді.
35. «APPTEKA» мобильді қосымшасы, APPTEKA Платформасында жарияланған кескіндер мен мәтіндер авторлық құқықпен қорғалған. Материалдарды кез келген пайдалану тек APPTEKA-ның жазбаша рұқсатымен ғана мүмкін болады.
36. Пайдаланушы келісімі бірдей заңды күші бар орыс және қазақ тілдерінде жасалған. Пайдаланушы келісімінің әртүрлі тілдердегі мәтіндері арасында қайшылықтар немесе алшақтықтар туындаған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін басым күшке ие болады.
37. Пайдаланушы келісімінің осы нұсқасы ағымдағы нұсқа болып табылады және барлық алдыңғы нұсқалардың орнын басады.
38. Пайдаланушы өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін APPTEKA-ға немесе сотқа жүгінуге құқылы. Уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекенжайлары мен телефон нөмірлері): https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-kzpp/contacts?lang=kk.
39. Сұрақтар туындаған жағдайда Пайдаланушы APPTEKA-ға мына мекенжай бойынша жүгіне алады: 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы 134, 804-кеңсе. Телефоны: +7 700 9597777.