+177 бонус

ЗУЛЬБЕКС 20 мг №14 таб.п/о Рабепразол

9:00-ден кейін қолжетімді
3550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рабепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: КРКА, д.д., Ново место
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
асқазан жəне он екі елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруында гастроэзофагеальді рефлюксті аурудың (ГЭРА) эрозивті немесе ойық жаралы түрлерінде гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды (ГЭРА демеуші емі) ұзақ демеуші емдеуде гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды орташадан ауыр дəрежесіне дейін симптоматикалық емдеуде (ГЭРА симптоматикалық емдеуде) Золлингер-Эллисон синдромында ойық жаралы ауруы бар пациенттерде Helicobacter pylori эрадикациясы үшін біріктірілген бактерияға қарсы ем құрамында Қолдануды бастағанға дейін қажетті мəліметтер тізбесі
Қарсы көрсетілімдер
əсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жүктілік жəне лактация кезеңі 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған)
Дозасы
Ересектер/егде жастағы пациенттер Асқазанның немесе 12 елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы: Зульбекстің ұсынылатын дозасы тəулігіне бір рет, таңертең 20 мг құрайды. Пациенттердің көпшілігінде 12 елі ішектің белсенді ойық жарасы төрт апта ішінде жазылады. Алайда, кейбір пациенттерге ойық жараның толық жазылуы үшін тағы 4 апта қажет болуы мүмкін. Асқазанның қатерлі емес белсенді ойық жарасы пациенттердің көпшілігінде алты апта ішінде жазылады. Алайда пациенттердің азғантай бөлігінде толық жазылуы үшін тағы алты апта қажет болуы мүмкін. Эрозиялы-ойық жаралы немесе гастроэзофагеальді рефлюкстік ауру (ГЭРА): Зульбекстің бұл жағдайда ішке қабылдауға ұсынылатын дозасы төрттен сегіз аптаға дейін тəулігіне бір рет 20 мг құрайды. Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ уақыт емдеу (ГЭРА демеуші ем): Ұзақ уақыт емдегенде пациентті емдеуге реакциясына байланысты Зульбекстің тəулігіне бір рет 10 мг немесе 20 мг демеуші дозасы қолданылуы мүмкін. Орташадан ауыр дəрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (симптоматикалық ГЭРА): эзофагитпен ауырмайтын науқастарда тəулігіне бір рет 10 мг. Егер апта ішінде симптомдарын бақылауға алу мүмкін болмаса, пациентті қосымша тексеруден өткізу қажет. Жағдайы жақсарғаннан кейін симптомдарын ары қарай қадағалау қажеттілігіне қарай тəулігіне бір рет 10 мг қабылдау арқылы жүргізуге болады. Золлингер-Эллисон синдромы немесе патологиялық гиперсекрециямен сипатталатын басқа жағдайлар: ересектер үшін ұсынылатын старттық дозасы тəулігіне бір рет 60 мг құрайды. Дозасын пациенттің жеке қажеттіліктеріне байланысты тəулігіне 120 мг дейін ұлғайтуға болады. 100 мг дейінгі тəуліктік дозасын бір рет қабылдау режимімен қолдануға болады. 120 мг дозасын 2 қабылдауға бөліп, тəулігіне екі рет 60 мг қабылдау керек. Ем клиникалық қажеттілік сақталғанға дейін жүргізіледі. H. pylori эрадикациясы: H. Pylori жұқтырған пациенттер эрадикациялық емдеуден өтуі тиіс. Препараттардың төмендегі біріктірілімі 7 күндік курспен ұсынылады. Зульбекс® тəулігіне екі рет 20 мг дозада + кларитромицин тəулігіне екі рет 500 мг дозада жəне амоксициллин тəулігіне екі рет 1 г. Егер эрадикация сызбалары препаратты тəулігіне бір рет қабылдауды талап етсе, Зульбекс® таблеткаларын таңертең, таңғы асты ішер алдында қабылдау қажет; бірақ тəулік мезгілі де, ас ішу де натрий рабепразолының сіңуіне əсер етпейді, препаратты қабылдаудың мұндай режимі емдеу режимінің жақсы сақталуына ықпал етеді. Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылулары Бауыры немесе бүйрегі ауыратын науқастарда дозасын түзету қажет емес. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс («Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары» бөлімді қараңыз). Бала жасындағы пациенттер Зульбекс® осы жас тобында қолдану тəжірибесінің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану үшін ұсынылмайды. Енгізу жолы жəне тəсілі Зульбекс® таблеткаларын сумен іше отырып, тұтастай жұту қажет; шайнауға немесе сындыруға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.