+262 бонус

ЗОВИРАКС 200 мг №25 таб

5250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Glaxo Wellcome S.A.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – ацикловир 200 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалы гликоляты, повидон К30, магний стеараты.
Қолданылуы
- қарапайым герпес вирусы туындатқан тері мен шырышты қабық инфекцияларын, бастапқы және қайталанатын генитальді герпесті қоса емдеу (нәрестелердегі қарапайым герпес вирусын және иммун тапшылығы бар балаларда қарапайым герпес вирусы туындатқан ауыр инфекцияларды қоспағанда) - иммундық статусы қалыпты пациенттерде қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар қайталануының профилактикасы - иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялардың профилактикасы - желшешек пен белдемелі герпесті емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- ацикловирге немесе валацикловирге жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын лактоза жақпаушылығы немесе тұқым қуалайтын лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы - 6 жасқа дейінгі балалар Зовиракс® дегидратация және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қолдану керек.
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Ішке қабылдауға арналған. Зовиракс® таблеткаларын тамақтану кезінде қабылдауға болады, өйткені тамақтану оның сіңірілуін едәуір дәрежеде бұзбайды. Таблеткаларды 50 мл суда ерітуге немесе бір стақан толы сумен тұтастай жұтуға болады. Зовиракстың® жоғарғы дозаларын ішке қабылдап жүрген пациенттер жеткілікті мөлшердегі сұйықтық қабылдауы тиіс. Ересектер Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу үшін Зовиракстың® ұсынылған дозасы әрбір 4 сағатта тәулігіне 5 рет 200 мг (1 таблетка), түнгі уақытты қоспағанда. Әдеттегі емдеу курсы 5 күнді құрайды, бірақ бастапқы ауыр инфекцияларда ұзартылуы мүмкін. Айқын иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңірілу бұзылған жағдайда Зовиракс® дозасы тәулігіне 5 рет 400 мг (2 таблетка) дейін ұлғайтылуы немесе вена ішіне енгізу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Емді инфекция туындағаннан кейін барынша ертерек бастау қажет; қайталанған кездерде препаратты продромальді кезеңде немесе бөртпенің алғашқы элементтері пайда болғанда тағайындай беру ұсынылады. Иммундық статусы қалыпты қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар қайталануының профилактикасы Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар қайталануының профилактикасы үшін Зовиракстың® ұсынылған дозасы тәулігіне (әрбір 6 сағат) 4 рет 200 мг құрайды. Көптеген пациенттерге тәулігіне (әрбір 12 сағат) 2 рет 400 мг қолайлырақ емдеу сызбасы келеді. Бірқатар жағдайда Зовиракстың® тәулігіне (әрбір 8 сағат) 3 рет 200 мг немесе тәулігіне (әрбір 12 сағат) 2 рет төменірек дозалары тиімді болып келеді. Кейбір пациенттерде инфекцияның тоқтауы жиынтық тәуліктік доза 800 мг қабылдағанда орын алуы мүмкін. Ауру ағымының ықтимал өзгерістерін анықтау үшін Зовиракспен® емдеуді 6-12 ай мезгіл-мезгіл үзіп тұру керек. Иммун тапшылығы бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялардың профилактикасы Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялардың профилактикасы үшін иммун тапшылығы бар пациенттерде Зовиракстың® ұсынылған дозасы тәулігіне (әрбір 6 сағат) 4 рет 200 мг құрайды. Айқын иммун тапшылығы жағдайында (мысалы, сүйек кемігін трансплантациялаудан кейін) немесе ішектен сіңірілу бұзылған жағдайда Зовиракс® дозасы тәулігіне 4 рет 400 мг дейін ұлғайтылуы немесе вена ішіне енгізу мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін. Емнің профилактикалық курсының ұзақтығы инфекция жұқтыру қаупі болғанда кезеңнің ұзақтығымен анықталады. Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу Желшешек пен белдемелі герпесті емдеу үшін Зовиракстың® ұсынылған дозасы тәулігіне 5 рет 800 мг (4 таблетка) құрайды; препаратты әрбір 4 сағатта қабылдайды, түнгі уақытты қоспағанда. Емдеу курсы 7 күнді құрайды. Айқын иммун тапшылығы бар пациенттерді емдеу үшін (оның ішінде сүйек кемігінің трансплантациясын бастан өткерген пациенттер) немесе сіңірілуі бұзылған пациенттерде Зовиракстың® вена ішіне енгізуді назарға алу ұсынылады. Препаратты инфекция басталғаннан кейін барынша ертерек тағайындау керек. Бөртпе туындағаннан кейін белдемелі теміреткіні емдеу неғұрлым ерте басталса ол соғұрлым тиімді болады. Иммунокомпетентті пациенттерде желшешекті емдеуді бөртпенің алғашқы элементтері пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде бастау ұсынылады. Балалар Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу - 6 жастан асқан балалар: Тәулігіне (әрбір 4 сағат) 4 рет 200 мг (1 таблетка), түнгі ұйқы кезеңін қоспағанда. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Иммун тапшылығы бар балаларда қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялардың профилактикасы - 6 жастан асқан балалар: Тәулігіне (әрбір 6 сағат) 4 рет 200 мг. Герпес вирусының неонатальді инфекцияларын емдеу үшін ацикловирді вена ішіне енгізу ұсынылады. Желшешекті емдеу - 6 жастан асқан балалар: тәулігіне 4 рет қабылданатын 800 мг. Дәлірек дозаны тәулігіне 4 рет (бірақ 800 мг артық емес) дене салмағының 20 мг/кг есебінен анықтауға болады. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекциялар қайталануының профилактикасы және иммунитет көрсеткіштері қалыпты балалардағы белдемелі герпесті емдеу Деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер Егде жаста организмде креатинин клиренсінің төмендеуімен қатар ацикловир клиренсінің төмендеуі орын алады. Егде жастағы пациенттер Зовиракстың® жоғарғы дозаларын қабылдау аясында жеткілікті сұйықтық мөлшерін қабылдаулары тиіс, бүйрек жеткіліксіздігінде оларда Зовиракс® дозасын төмендету туралы мәселені шешу қажет. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қарапайым герпес вирусы туындатқан инфекцияларды емдеу мен профилактикасы мақсатында Зовираксты® ұсынылған дозаларда ішке қабылдау препараттың белгіленген қауіпсіз деңгейлерден асатын концентрацияларға дейін жинақталуына әкелмейді. Алайда, айқын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз) Зовиракс® дозасын тәулігіне (әрбір 12 сағат) 2 рет 200 мг-ге (1 таблетка) дейін төмендету ұсынылады. Желшешекті, белдемелі герпесті емдегенде, сондай-ақ айқын иммун тапшылығы бар пациенттерді емдегенде Зовиракстың® ұсынылған дозалары төмендегідей: - ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз): әрбір 12 сағатта тәулігіне 2 рет 800 мг (4 таблетка); - орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10-25 мл/мин): әрбір 8 сағатта тәулігіне 3 рет 800 мг (4 таблетка).

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.