+4750 бонус

ЗОМЕТА 4 мг/5 мл №1 фл

95000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Золедроновая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: Новартис Фарма Штейн АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 құтының ішінде белсенді зат - сусыз золедрон қышқылы 4 мг, қосымша заттар: маннитол, натрий цитраты, инъекцияға арналған су, азот.
Қолданылуы
- Сүйек зақымдануымен жүретін кең таралған қатерлі жаңа түзілімдері бар ересек пациенттерде қаңқа тарапынан болатын құбылыстардың (патологиялық сынықтар, омыртқа бағанының компрессиясы, сәулелік терапия немесе сүйекке операция жасау немесе шығу тегі ісіктік гиперкальциемия) профилактикасы. - Шығу тегі ісіктік гиперкальциемия (ШІГ) бар ересек пациенттерді емдеу.
Қарсы көрсетілімдер
- золедрон қышқылына, басқа бисфосфонаттарға немесе препарат құрамына кіретін кез келген басқа компоненттерге жоғары сезімталдық - бала емізу кезеңі
Дозасы
Сүйек зақымдануымен жүретін кең таралған қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде қаңқа құбылыстарының профилактикасы Ересектер және егде жастағы пациенттер Сүйек зақымдануымен жүретін кең таралған қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде қаңқа құбылыстарының профилактикасы үшін ұсынылатын доза 3-4 апта сайын 4 мг золедрон қышқылын құрайды. Пациенттерге тәулігіне 500 мг дозада ішке кальцийді және тәулігіне 400 ХБ дозада D дәруменін қосымша қолдану керек. Сүйек тіндері тарапынан болатын құбылыстардың алдын алу мақсатында сүйек метастаздары бар пациенттерді емдеу туралы шешім қабылдау кезінде емдік әсері препаратпен емдеу басталғаннан кейін 2-3 айдан соң басталатынын назарға алу керек. ШІГ емдеу Ересектер және егде жастағы пациенттер Гиперкальциемия кезінде ұсынылатын доза (альбумин деңгейі ≥ 12,0 мг/дл немесе 3,0 ммоль/л түзетумен қан сарысуындағы кальций концентрациясы) 4 мг золедрон қышқылының бір реттік дозасын құрайды. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану ШІГ кезінде бүйрек функциясының бұзылуы: Бүйрек функциясы ауыр бұзылған ШІГ бар пациенттерді Зомета препаратымен емдеуді емдеу қаупі мен пайдасы арақатынасын бағалағаннан кейін ғана қарау керек. Клиникалық зерттеулерде қан сарысуындағы креатинин деңгейі > 400 мкмоль/л немесе >> 4,5 мг/дл пациенттер алынып тасталды. Сарысудағы креатинин концентрациясы < 400 мкмоль/л немесе < 4,5 мг/дл құрайтын ШІГ бар пациенттерге дозалау режимін түзету талап етілмейді. Сүйек зақымдануымен жүретін кең таралған қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерде қаңқа құбылыстарының профилактикасы: Зомета препаратымен емдеуді бастар алдында көптеген миелома немесе тығыз ісік салдарынан сүйектердің метастаздық зақымдануы бар пациенттерге қан сарысуындағы креатинин деңгейін және креатинин клиренсін (КК) анықтау керек. КК Кокрофт-Голт формуласы бойынша сарысудағы креатинин деңгейі негізінде есептеледі. Зомета препараты ем басталған сәтте бүйрек функциясы ауыр бұзылған пациенттерге ұсынылмайды, олар осы популяция үшін КК ретінде айқындалады Зомета препаратының клиникалық зерттеулерінде қан сарысуындағы креатинин деңгейі > 265 мкмоль/л немесе >> 3,0 мг/дл пациенттер алынып тасталды. Сүйектегі метастаздары бар пациенттерге осы популяция үшін КК 30-60 мл/мин ретінде анықталатын ем басталғанға дейін ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежеде бүйрек функциясы бұзылған кезде Зомета препаратының мынадай дозалары ұсынылады:

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.