+118 бонус

ЗОЛОПЕНТ 40 мг №30 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
2370 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Пантопразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Украина
  • Өндіруші: КУСУМ ФАРМ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 45.113 мг пантопразол натрий сесквигидраты (40.0 мг пантопразолға баламалы), қосымша заттар: сусыз натрий карбонаты, маннитол, кросповидон, гидроксипропилцеллюлоза, кальций стеараты, қабықтың құрамы: метакрилатты сополимер дисперсиясы, триэтилцитрат, натрий лаурилсульфаты, титанның қостотығы (E171), темірдің сары тотығы (E172), тальк, Опадрай 03F58750 ақ*. *Опадрай 03F58750 ақ құрамында: тальк, полиэтиленгликоль, гипромелоза, титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар: рефлюкс-эзофагит Ересектер: асқазан мен он екі елі ішектің H. pylori астасқан ойықжарасы бар пациенттерде Helicobacter pylori (H. pylori) эрадикациясы белгілі бір антибиотиктермен біріктірілімде он екі елі ішектің ойықжарасы асқазан ойықжарасы Золлингер-Эллисон синдромы және басқа гиперсекреторлық патологиялық жағдайлар.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа және бензимидазол туындыларына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар. Рефлюкс-эзофагитті емдеу. Ұсынылатын дозасы тәулігіне ЗОЛОПЕНТ® 40 мг 1 таблеткасын құрайды. Жекелеген жағдайларда, әсіресе рефлюкс-эзофагитті емдеуге арналған басқа препараттарды қолданудан әсер болмағанда дозаны екі еселеуге (тәулігіне ЗОЛОПЕНТ®40 мг 2 таблеткасы) болады. Рефлюкс-эзофагитті емдеу, әдетте, 4 аптаға созылады. Егер бұл жеткіліксіз болса сауығуды келесі 4 аптада күтуге болады. Ересектер. H. pylori эрадикациясы, екі антибиотикпен біріктірілімде Асқазан және он екі елі ішек ойықжарасы бар H. pylori қатысты нәтижесі оң ересек пациенттерде микроорганизмнің эрадикациясына біріктірілген емнің көмегімен жету қажет. Бактериялық резистенттілікке қатысты жергілікті деректерді және тиісті бактерияға қарсы препараттарды қолдануға және тағайындауға қатысты ұлттық нұсқауларды ескеру керек. H. pylori эрадикациясы үшін микроорганизмдердің сезімталдығына байланысты ересектерде мынадай емдік біріктірілімдер тағайындалуы мүмкін: а) ЗОЛОПЕНТ® препаратының 1 таблеткасы тәулігіне 2 рет 40 мг + тәулігіне 2 рет 1000 мг амоксициллин + 500 мг кларитромицин тәулігіне 2 рет; б) ЗОЛОПЕНТ® препаратының 1 таблеткасы 40 мг тәулігіне 2 рет + 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол) тәулігіне 2 рет + 250-500 мг кларитромицин тәулігіне 2 рет; в) ЗОЛОПЕНТ® препаратының 1 таблеткасы 40 мг тәулігіне 2 рет + 1000 мг амоксициллин тәулігіне 2 рет + 400-500 мг метронидазол (немесе 500 мг тинидазол) тәулігіне 2 рет. H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емді қолданғанда ЗОЛОПЕНТ® 40 мг препаратының екінші таблеткасын кешке тамақ ішер алдында 1 сағат бұрын қабылдау керек. Емдеу мерзімі 7 күнді құрайды және жалпы емдеу ұзақтығы екі аптадан аспайтын тағы 7 күнге созуға болады. Егер ойықжараның жазылуын қамтамасыз ету үшін әрі қарай пантопразолмен емдеу көрсетілсе асқазан және он екі елі ішек ойықжарасы кезіндегі дозаларға қатысты нұсқауларды қарастыру керек. Егер біріктірілген ем көрсетілмесе, мысалы, H. рylori қатысты нәтижесі теріс пациенттерде монотерапия үшін ЗОЛОПЕНТ® 40 мг препаратын төмендегі дозаларда қолданады. Асқазан ойықжарасын емдеу. ЗОЛОПЕНТ® 40 мг препаратының тәулігіне 1 таблеткасы. Жекелеген жағдайларда, әсіресе басқа препараттарды қолданудан әсер болмағанда дозаны екі еселеуге (ЗОЛОПЕНТ® 40 мг препаратының тәулігіне 2 таблеткасы) болады. Асқазан ойықжарасын емдеу, әдетте 4 аптаға созылады. Егер бұл жеткіліксіз болса, ойықжараның жазылуын келесі 4 аптада күтуге болады. Он екі елі ішек ойықжарасын емдеу. ЗОЛОПЕНТ® 40 мг препаратының тәулігіне 1 таблеткасы. Жекелеген жағдайларда, әсіресе басқа препараттарды қолданудан әсер болмағанда дозаны екі еселеуге (ЗОЛОПЕНТ® 40 мг препаратының тәулігіне 2 таблеткасы) болады. Он екі елі ішек ойықжарасын емдеу үшін, әдетте, 2 апта қажет. Егер бұл жеткіліксіз болса, ойықжараның жазылуын келесі 2 аптада күтуге болады. Золлингер-Эллисон синдромын және басқа да гиперсекреторлық патологиялық жағдайларды емдеу. Золлингер-Эллисон синдромын және басқа да гиперсекреторлық патологиялық жағдайларды емдеу үшін бастапқы доза 80 мг (40 мг-ден ЗОЛОПЕНТ® препаратының 2 таблеткасы) құрайды. Қажет болғанда асқазан сөлінің қышқылдық көрсеткіштеріне байланысты арттыра немесе азайта отырып, осыдан кейін дозаны титрлеуге болады. Тәулігіне 80 мг асатын дозаны екі қабылдауға бөлу қажет. Дозаны уақытша пантопразолдың 160 мг жоғары арттыруға болады, бірақ қолдану ұзақтығы қышқылдықты талапқа сай бақылау үшін қажетті кезеңмен ғана шектелуі тиіс. Золлингер-Эллисон синдромын және басқа патологиялық жағдайларды емдеу ұзақтығы шектелмеген және клиникалық қажеттілікке байланысты. Пациенттердің ерекше топтары. Балалар. ЗОЛОПЕНТ® 40 мг 12 жастан асқан балаларға рефлюкс-эзофагитті емдеу үшін көрсетілген. Препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды, себебі пантопрозолдың осы жас санаты үшін қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер шектеулі. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерге тәуліктік дозадан 20 мг аспауы тиіс (ЗОЛОПЕНТ® 20 мг препаратының 1 таблеткасы). Бауыр функциясы орташа және ауыр дәрежелі бұзылған пациенттерге ЗОЛОПЕНТ® препаратын H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде қолданбаған жөн, өйткені қазіргі уақытта пациенттердің бұл санаты үшін мұндай қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер үшін дозаны түзету керек емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге ЗОЛОПЕНТ® препаратын H. pylori эрадикациясы үшін біріктірілген емде қолданбаған жөн, өйткені қазіргі уақытта пациенттердің бұл санаты үшін мұндай қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету керек емес. Енгізу әдісі мен жолы ЗОЛОПЕНТ®, ішекте еритін, қабықпен қапталған таблеткаларды астан 1 сағат бұрын шайнамай немесе ұсақтамай тұтастай қабылдап, сумен ішу керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.