+69 бонус

ЗИТРОКС-МАКЛЕОДС 500 мг №3 таб

1390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Маклеодз Фармасьютикалз Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - азитромицин дигидраты 524.04 мг (500 мг азитромицинге баламалы), қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, желатинделген крахмал (крахмал 1500), кросповидон, полисорбат-80, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза (РН 112), натрий лаурилсульфаты, тальк, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза (5 cps), титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль
Қолданылуы
Азитромицинге сезімтал патогенді микроорганизмдер туындатқан инфекцияларды емдеу үшін: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде фарингит, тонзиллит, синусит, гайморит - төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде бронхитте және ауруханадан тыс пневмонияда - ортаңғы отитте - тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында - Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныстық жолмен берілетін асқынбаған инфекциялар
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, кез келген макролидті немесе кетолидті антибиотикке немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Дене салмағы 45 кг артық балалар мен жасөспірімдер, ересектер Келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды: - жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында; - ортаңғы отитте; - тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында. Жалпы дозаны 3 күндік немесе 5 күндік емдеу схемасына сәйкес қабылдауға болады. 3 күндік емдеу схемасы 500 мг азитромицин (1 таблетка) 3 күн бойы тәулігіне 1 рет. 5 күндік емдеу схемасы (баламалы нұсқа ретінде пайдаланылуы мүмкін) емдеудің бірінші күнінде тәулігіне 1 рет 500 мг азитромицин (1 таблетка) және келесі 4 күн ішінде тәулігіне 1 рет 250 мг азитромицин (½ таблетка). Пневмонияны азитромицинмен емдеудің 5 күндік схемасының тиімділігін растайтын жеткілікті мәліметтер бар; көп жағдайда 3 күндік емдеу схемасы де тиімді. Жыныстық жолмен берілетін асқынбаған инфекцияларды емдеуге арналған азитромицин дозалары: - Chlamydia trachomatis тудырған инфекциялар - жалпы дозасы 1000 мг құрайды (бір реттік қабылдау); - Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдарынан туындаған инфекциялар - ұсынылған доза емдеу жөніндегі ұлттық клиникалық нұсқауларға сәйкес 1000 мг немесе 2000 мг (250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде) құрайды (егер пациенттерде пенициллиндерге және/немесе цефалоспориндерге аллергия болған жағдайда, емдеу жөніндегі ұлттық клиникалық нұсқауларда қамтылған ақпаратты ескерген жөн). Пациенттердің ерекше топтары Балалар Дене салмағы 45 кг-ден кем балалар мен жасөспірімдерге Зитрокс-Маклеодс препаратын 250 мг таблетка немесе суспензия түрінде (ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ) қабылдау ұсынылады. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дәрілік затты ересектердегідей дозада қолдану керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесі жеңіл және орташа (ШСЖ 10-80 мл / мин) пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы жеңіл немесе орташа бұзылған пациентер үшін дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды ішке қабылдайды, оларды тұтастай жұтып, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек, тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.