+175 бонус

ЗИТМАК 200 мг/5 мл 30 мл

3500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: АО Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 құтының (20 мл) ішінде белсенді зат - азитромицин дигидраты 419.24 мг (400 мг азитромицинге баламалы) - 100 мг/5 мл доза үшін 1 құтының (15 мл немесе 30 мл) ішінде белсенді зат - азитромицин дигидраты 628.93 мг немесе 1257.86 мг (600 мг немесе 1200 мг азитромицинге баламалы) - 200 мг/5 мл доза үшін. қосымша заттар: қант (қант ұнтағы), сусыз натрий фосфаты, гидроксипропилцеллюлоза (Клуцел HXF), ксантан шайыры, банан хош иістендіргіші, шие хош иістендіргіші.
Қолданылуы
азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін: - фарингит / тонзиллит, синусит, ортаңғы отитті қоса алғанда, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында - созылмалы бронхиттің жедел өршуін, ауруханадан тыс пневмонияны қоса алғанда, төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында; - одонтогенді инфекцияларда; - тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында; - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекцияларында.
Қарсы көрсетілімдер
азитромицинге, эритромицинге, макролидтер тобының басқа антибиотиктеріне немесе кетолидті антибиотиктерге, қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылуы жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі жүктіліктің бірінші триместрі және лактация кезеңі тұқым қуалайтын галактоза көтере алмаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы – қант мөлшеріне байланысты 6 айға дейінгі балалар
Дозасы
Ересектер мен дене салмағы 45 кг-дан асатын балаларға Жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының, тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларын және одонтогенді инфекцияларды емдеу үшін: тәулігіне 500 мг бір рет, қатарынан үш күн бойы. Дене салмағы 45 кг-дан кем балалар мен жасөспірімдер: ұсынылатын доза 3 күн бойы бір реттік доза түрінде тәулігіне 10 мг/кг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Дозалау режимі ересек пациенттердегідей. Егде жастағы адамдарда қазіргі аритмияалды жағдайлар болуы мүмкін болғандықтан, препаратты жүрек аритмиясының, оның ішінде «пируэт» түрінің даму қаупіне байланысты қолданған кезде сақ болу керек. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (ГСЖ 10 - 80 мл/мин) бар пациенттерде дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (ГСЖ<10 мл/мин) бар пациенттерге азитромицин тағайындағанда сақ болу керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Азитромицин бауырда метаболизденетіндіктен және өтпен шығарылатындықтан, препаратты бауырдың ауыр ауруларымен ауыратын пациенттерге тағайындауға болмайды. Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі пациенттерге дозаны түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі мен жолы ЗИТМАК® тек пероральді қолдануға арналған. ЗИТМАК® күніне бір рет тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылданады. 20 мл суспензияны дайындау үшін ішінде 400 мг азитромицин бар құтыға 10 мл тазартылған су немесе салқын қайнаған су қосып, біртекті суспензия алынғанша араластыру қажет. Қолданар алдында суспензияны шайқау керек. 15 мл суспензияны дайындау үшін ішінде 600 мг азитромицин бар құтыға 9 мл тазартылған су немесе салқын қайнаған су қосып, біртекті суспензияға дейін араластыру қажет. Қолданар алдында суспензияны шайқау керек. 30 мл суспензияны дайындау үшін ішінде 1200 мг азитромицин бар құтыға 15 мл тазартылған су немесе салқын қайнаған су қосып, біртекті суспензияға дейін араластыру қажет. Қолданар алдында суспензияны шайқау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.