+103 бонус

ЗИРОМИН 500 мг №3 тб

2060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – азитромицин дигидраты 525.0 мг (азитромицин 500.0 мг), қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, натрий крахмал гликоляты, повидон (К30), магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, қабықтың құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (Е15), тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль 6000, пропиленгликоль.
Қолданылуы
Зиромин препараты азитромицинге сезімтал патогенді микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу үшін арналған: жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде фарингитте, тонзиллитте; төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында, оның ішінде бронхитте және пневмонияда; жедел ортаңғы отитте; тері мен жұмсақ тіндердің инфекцияларында; Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gопоrrһоеае (көптеген дәрілерге резистенттілігі жоқ штаммдар) туындатқан жыныстық жолмен берілетін асқынбаған инфекциялар. Бактерияға қарсы дәрілерді тиісінше пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарда қамтылған ақпаратты назарға алу қажет.
Қарсы көрсетілімдер
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Дозасы
Ересектер, егде жастағы пациенттер және дене салмағы 45 кг-нан асатын жасөспірімдер Келесі инфекциялық ауруларды емдеу үшін азитромициннің жалпы дозасы 1500 мг құрайды: жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары; жедел ортаңғы отит; тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары. Жалпы дозаны 3 күндік немесе 5 күндік емдеу схемасына сәйкес қабылдауға болады. 3 күндік емдеу схемасы 500 мг азитромицин (1 таблетка) 3 күн бойы тәулігіне 1 рет. 5 күндік емдеу схемасы (баламалы нұсқа ретінде пайдаланылуы мүмкін) емдеудің бірінші күнінде тәулігіне 1 рет 500 мг азитромицин (1 таблетка) және келесі 4 күн ішінде тәулігіне 1 рет 250 мг азитромицин (½ таблетка). Пневмонияны азитромицинмен емдеудің 5 күндік схемасының тиімділігін растайтын жеткілікті мәліметтер бар; көп жағдайда 3 күндік емдеу схемасы де тиімді. Жыныстық жолмен берілетін асқынбаған инфекцияларды емдеуге арналған азитромицин дозалары: Chlamydia trachomatis тудырған инфекциялар - жалпы дозасы 1000 мг құрайды (бір реттік қабылдау); Neisseria gonorrhoeae сезімтал штаммдарынан туындаған инфекциялар - ұсынылған доза емдеу жөніндегі ұлттық клиникалық нұсқауларға сәйкес 1000 мг немесе 2000 мг (250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде) құрайды (егер пациенттерде пенициллиндерге және/немесе цефалоспориндерге аллергия болған жағдайда, емдеу жөніндегі ұлттық клиникалық нұсқауларда қамтылған ақпаратты ескерген жөн). Пациенттердің ерекше топтары Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерде дәрілік затты ересектердегідей дозада қолдану керек. Егде жастағы пациенттерде жүрек аритмиясының туындауына бейімділік болуы мүмкін, сондықтан мұндай пациенттерде Зиромин препаратын қолданған кезде «пируэт» типті жүрек аритмиясы мен қарыншалық тахикардияның даму қаупіне байланысты ерекше сақ болу керек. Балалар және жасөспірімдер Дене салмағы 45 кг-ден кем балалар мен жасөспірімдерге суспензия түрінде (Зиромин, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ) Зиромин препаратын қабылдау ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Шумақтық сүзілу жылдамдығы 10-80 мл/мин құрайтын, бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде дәрілік заттың дозасын түзету талап етілмейді. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бұзылулары бар пациенттерде дәрілік заттың дозасын түзету талап етілмейді. Енгізу әдісі мен жолы Таблеткаларды ішке қабылдайды, оларды тұтастай жұтып, жеткілікті мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Таблеткаларды тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.