+227 бонус

ЗИЛТ 75мг №28 таблетки

4550 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Клопидогрел
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: КРКА-РУС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 97,875 мг клопидогрел гидросульфаты (75 мг клопидогрелге баламалы) бар. қосымша заттар: лактоза, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, макрогол 6000, гидрогенделген майсана майы Үлбірлі қабық: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), тальк, темірдің қызыл тотығы (Е172), пропиленгликоль
Қолданылуы
Атеротромбоздық асқынулардың салдарлы профилактикасы - миокард инфарктісін (бірнеше күннен 35 күннен аз уақытқа дейін), ишемиялық инсультті (7 күннен 6 айдан аз уақытқа дейін) өткерген ересек пациенттер немесе шеткері артериялардың диагностикаланған ауруы бар пациенттерде - жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы бар ересек пациенттерге: - ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі) бар пациенттер, соның ішінде коронарлық тамырларға тері арқылы араласу барысында коронарлық стент орнатылған пациенттер, ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ) біріктірілімде - тромболиздік ем жүргізуге жарамды дәрі-дәрмектік ем жүргізілген пациенттерде ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісінде АСҚ-мен біріктірілімде Жыпылықтағыш аритмия кезіндегі атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулар профилактикасы - тамыр ауруларының ең болмаса бір қауіп факторы бар жыпылықтағыш аритмияға шалдыққан ересек пациенттер, К дәрумені антагонистерінің (KДA) жақпаушылығы бар және қан кету қаупі төмен пациенттерде, ми инсультін қоса, атеротромбоздық және тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін АСҚ-мен біріктірілімде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық бауыр функциясының ауыр бұзылуы пептидті ойық жарадан қан кету немесе бассүйекішілік қан құйылу сияқты жедел қан кету 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер және егде жастағы пациенттер Клопидогрелді тәулігіне бір рет 75 мг-ден қабылдау керек. Жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы бар пациенттер - ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлық жеткіліксіздік синдромы (тұрақсыз стенокардия немесе Q тісшесінсіз миокард инфарктісі): клопидогрелмен емдеу бір реттік 300 мг жүктеме дозадан басталып, ал артынан тәулігіне бір рет 75 мг дозамен (тәулігіне 75-325 мг дозадағы ацетилсалицил қышқылымен (АСҚ)) жалғастырылуы тиіс. Себебі АСҚ едәуір жоғары дозалары жоғары қан кету қаупімен бірлесе жүретіндіктен, АСҚ дозасын 100 мг-ден асырмау ұсынылады. Оңтайлы емдеу ұзақтығы ресми анықталмаған. Қолда бар зерттеу деректері препаратты 12 айға дейін қолдануға негіз бола алады, ең жоғары оң әсері 3 ай емдеуден соң байқалады. ST сегментінің көтерілуімен жедел миокард инфарктісі: клопидогрел АСҚ және басқа тромболиздік дәрілермен біріктіріліп немесе оларсыз 300 мг жүктеме дозасынан бастап, бір реттік 75 мг тең бір реттік тәуліктік дозада қабылдану керек. 75 жастан асқан пациенттерде клопидогрелмен емдеуді жүктеме дозасыз бастау керек. Біріктірілген емді симптомдар білінген соң мүмкіндігінше ертерек бастап, кем дегенде, 4 апта бойы жалғастырған жөн. Осы ауруда 4 аптадан кейінгі клопидогрелді АСҚ-мен біріктіріп емдеудің оң әсері зерттелмеген. Жыпылықтағыш аритмиясы бар пациенттер: клопидогрелді 75 мг-ге тең бір реттік тәуліктік дозада қолдану керек. АСҚ қабылдауды (тәулігіне 75-325 мг) бастап, оны қолдануды клопидогрелмен біріктірілімде жалғастырған жөн. Пациенттердің ерекше топтары Балалар 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясы бұзылған пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Геморрагиялық диатез болуы мүмкін ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр ауруына шалдыққан пациенттерді емдеу тәжірибесі шектеулі. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.