ЖАСМЕД 500 мг №3 таб

4020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: РЕСПУБЛИКА СЕВЕРНАЯ МАКЕДОНИЯ
  • Өндіруші: Белинда Лабораториз ЛЛП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – 524,0 мг азитромицин дигидраты, 500 мг азитромицинге шаққанда қосымша заттар: желатинделген крахмал, коповидон, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, кросповидон, тальк, сусыз коллоидты кремний, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су 1, этанол 96 %1 қабықтың құрамы: гипромеллоза, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы, диметикон, тазартылған су 1 1 - Өндіріс үдерісінде жойылады.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулары: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (мұрынмаңы қойнауларының, жұтқыншақтың, бадамша бездерінің, ортаңғы құлақтың шырышты қабығының қабынуы) - төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (бронхит және өкпенің қабынуы) -жеңіл және орташа ауырлықтағы тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (түкті фолликуланың, теріасты шелмайының, тілменің қабынуы) -жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (несеп-жыныс жолдарының хламидиозын, хламидиялық инфекциядан туындаған несеп шығару өзегінің және жатыр мойнының асқынбаған қабынуын қоса).
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, қосымша заттарға немесе макролидтер немесе кетолидтер тобының кез келген антибиотигіне жоғары сезімталдық - бүйрек және бауыр функциясының ауыр бұзылуы (оның ішінде, холестаздық сарғаю, бұрын азитромицин қабылдау аясында бауыр жұмысының бұзылуы) - 12 жасқа дейінгі балаларға (дене салмағы 45 кг аз балалар) - жүктіліктің алғашқы үш айы және бала емізу кезеңі - жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің ауыр түрі.
Дозасы
Ересектер, дене салмағы 45 кг асатын балалар мен жасөспірімдер: Тәулігіне 500 мг-ден 3 күн бойы тағайындайды (курстық доза – 1,5 г). Хламидиялық инфекциядан туындаған несеп шығару өзегінің және жатыр мойнының асқынбаған қабынуында бір рет 1 г (500 мг-нан 2 таблетка) тағайындалады. Препаратқа сезімтал гонорея қоздырғышы үшін ұсынылатын доза 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктіріп, Жасмед препаратының 1000 мг немесе 2000 мг құрайды. Егер сізде басқа антибиотиктерге аллергия болса, емдеуді бастамас бұрын бұл туралы дәрігерге айту керек. Енгізу әдісі мен жолы Жасмед препараты, 500 мг таблеткаларын тамақтануға дейін 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.