+192 бонус

ЖАСМЕД 200 мг/5 мл 15 мл сусп

3840 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: Белинда Лабораториз ЛЛП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
5 мл дайын суспензияның құрамында белсенді зат – 209.62 мг азитромицин дигидраты (200,0 мг сусыз азитромицинге баламалы), қосымша заттар: сахароза, сусыз натрий фосфаты, гидрокси-пропилцеллюлоза, ксантан шайыры, банан хош иістендіргіші, құлпынай хош иістендіргіші.
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекциялық-қабыну аурулары: - жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары (мұрынмаңы қойнауларының, жұтқыншақтың, бадамша бездерінің, ортаңғы құлақтың шырышты қабығының қабынуы) - төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары (бронхит және өкпенің қабынуы) -жеңіл және орташа ауырлықтағы тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары (түкті фолликуланың, теріасты шелмайының қабынуы, тілме) -жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (несеп-жыныс жолдарының хламидиозын, хламидиялық инфекциядан және гонорея қоздырғышынан туындаған несеп шығару каналының және жатыр мойнының асқынбаған қабынуын қоса).
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, макролидті және кетолидті антибиотиктерге немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылулары - фруктоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын түрлері, сахараза-изомальтаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (құрамындағы сахарозаға байланысты).
Дозасы
Ересектер: асқынбаған генитальді инфекцияларда (хламидиозда), ұсынылатын бір реттік доза - 1000 мг. Барлық басқа көрсеткіштер үшін Жасмед препаратының жалпы дозасы 1500 мг құрайды, оны үш күн ішінде: күніне бір рет 500 мг - нан қабылдау керек. 1500 мг доза үшін емдеудің басқа баламалы сызбасы 5 күн қабылдауға есептелген: бірінші күні 500 мг-нан және 2-5 күндері 250 мг-нан. Балалар мен жасөспірімдер (18 жасқа дейін): 1 жастағы және одан үлкен балалар үшін жалпы доза 30 мг/кг құрайды, үш күн бойы күніне бір рет 10 мг/кг-ден немесе бес күн бойы төменде келтірілген ұсынымдарға сәйкес бірінші күні бір реттік 10 мг/кг дозадан бастап, келесі 4 күн бойы күніне 5 мг/кг-ден қабылдау қажет. Азитромицинді 1 жасқа толмаған балаларда қолдану бойынша шектеулі деректер бар. 3 күн емдеу курсы кезіндегі дозалар (баланың дене салмағын ескере отырып): 10 кг – күніне 2,5 мл-ден 3 күн, 12 кг - күніне 3 мл-ден 3 күн, 14 кг - күніне 3,5 мл-ден 3 күн, 16 кг - күніне 4 мл-ден 3 күн, 17-25 кг - күніне 5 мл-ден 3 күн, 36-45 кг - күніне 10 мл-ден 3 күн, 45 кг-ден артық - күніне 12,5 мл-ден 3 күн. 5 күн емдеу курсы кезіндегі дозалар (баланың дене салмағын ескере отырып): 10 кг – күніне 2,5 мл-ден 1 күн, күніне 1,25 мл-ден 2-5 күн 12 кг - күніне 3 мл-ден 1 күн, күніне 1,5 мл-ден 2-5 күн 14 кг - күніне 3,5 мл-ден 1 күн, күніне 1,75 мл-ден 2-5 күн 16 кг - күніне 4 мл-ден 1 күн, күніне 2 мл-ден 2-5 күн 17-25 кг - күніне 5 мл-ден 1 күн, күніне 2,5 мл-ден 2-5 күн 26-35 кг - күніне 7,5 мл-ден 1 күн, күніне 3,75 мл-ден 2-5 күн 36-45 кг - күніне 10 мл-ден 1 күн, күніне 5 мл-ден 2-5 күн 45 кг –ден артық - күніне 12,5 мл-ден 1 күн, күніне 6,25 мл-ден 2-5 күн. Балаларда іріңді стрептококктан туындаған фарингитті тиімді емдеу үшін 3 күн бойы 10 мг/кг немесе 20 мг/кг дозаны 500 мг ең жоғары тәуліктік дозамен қолданады. Алайда осы ауруды емдеу үшін және ревматизмдік қызбаның кейінгі профилактикасы үшін алғашқы таңдалатын препарат пенициллин болып қала бермек. Енгізу әдісі мен жолы Жасмед пероральді суспензиясын бір реттік тәуліктік доза түрінде беру керек. Суспензияны тамақпен бірге қабылдауға болады. Суспензия дайындау тәсілі Құтыны төңкеріп, бүкіл ұнтақ еркін қозғалғанға дейін оны мұқият шайқаңыз. Қайта төңкеріңіз, қақпаққа күш түсіре отырып басып, құтыны ашыңыз. Қоса беріліп отырған өлшеуіш шприцтің көмегімен су қосыңыз: 15 мл құтыға - 10 мл су. Тесілген пластик қақпақты құтының мойнына салыңыз және ол құтының мойнына орнатылғанға дейін басыңыз. Құтыны қақпақпен жабыңыз. Біртекті суспензия алғанға дейін шайқаңыз. Суспензия деңгейі заттаңбадағы белгіге сәйкес болуы тиіс. Суспензияны қабылдау Қақпақты бұрап ашыңыз, өлшеуіш шприцті пластик қақпақтың тесілген тесігіне салыңыз. Құтыны төңкеріңіз және өлшегіш шприцпен дәрігер тағайындаған препараттың қажетті мөлшерін алыңыз. Өлшеуіш шприцтің көмегімен алынған дозаны қабылдаңыз. Тесілген пластик қақпақты алмай құтының қақпағын жабыңыз. Әрбір қолданғаннан кейін өлшегіш шприцті жуу қажет. Әрбір қабылдау алдында құтының ішіндегісін біртекті суспензия алғанға дейін мұқият шайқайды. Жасмедті қабылдағаннан кейін, ауыз қуысында қалған суспензияның шайылып, жұтып қою үшін балаға бірнеше жұтым су береді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.