+275 бонус

ЖАНИН №21 таб

5500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Прогестагены и эстрогены фиксированные сочетания
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Қантты қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді заттар: микрондалған этинилэстрадиол 0,03 мг, микрондалған диеногест 2 мг, қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, жүгері крахмалы, желатинделген жүгері крахмалы, мальтодекстрин, магний стеараты, сахароза, повидон 90, макрогол 6000, кальций карбонаты, тальк, сұйық глюкоза, повидон К25, макрогол 35000, титанның қостотығы (Е171), карнауб балауызы.
Қолданылуы
- оральді контрацепцияда Жанин® препаратын тағайындау туралы шешімді әйелде бар қауіп факторларын, атап айтқанда, веналық тромбоэмболияның дамуын ескере отырып, және басқа да біріктірілген гормональді контрацептивтермен салыстырғанда Жанин® қабылдау аясында веналық тромбоэмболияның даму қаупіне баға бере отырып әркімге жеке қабылдау керек.
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген гормональді контрацептивтер төменде келтірілген жай-күйлердің қандай да бірі болғанда қолданылмауы тиіс. Егер осы жай-күйлердің қандай да бірі алғаш біріктірілген гормональді контрацептив қабылдау аясында дамыса, препаратты қабылдауды дереу тоқтату керек. - әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - вена тромбоэмболиясының болуы немесе қаупі • вена тромбоэмболиясы қазіргі уақытта (антикоагулянттық емдеуде) немесе анамнезде (мысалы, терең веналар тромбозы немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы) • тұқым қуалауға байланысты немесе жүре пайда болған вена тромбоэмболиясына бейімділік (мысалы, белсендірілген С протеиніне төзімділік (V Лейден факторын қоса), антитромбин III, С протеині немесе S протеині тапшылығы • ұзақ иммобилизациялаумен ауқымды хирургиялық араласулар • көптеген қауіп факторының болуы салдарынан вена тромбоэмболиясының жоғары қаупі - артерия тромбоэмболиясының болуы немесе қаупі • артерия тромбоэмболиясы қазіргі уақытта немесе анамнезде (мысалы, миокард инфарктісі) немесе артерия тромбоэмболиясының алдындағы жай-күйлер (мысалы, стенокардия) • цереброваскулярлық бұзылулар – инсульт қазіргі уақытта немесе анамнезде немесе цереброваскулярлық бұзылулардың алдындағы жай-күйлер (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар) • тұқым қуалауға байланысты немесе жүре пайда болған артерия тромбоэмболиясына бейімділік (мысалы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидті антиденелер (кардиолипинге антиденелер және жегілік антикоагулянт) • анамнезінде ошақты неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы • көптеген қауіп факторының немесе қауіптің күрделі факторларының бірі болуы салдарынан артерия тромбоэмболиясы дамуының жоғары қаупі, олар: - қантамырлық асқынулары бар қант диабеті - айқын артериялық гипертензия - айқын дислипопротеинемия - қазіргі уақытта немесе анамнезде айқын гипертриглицеридемиясы бар панкреатит - қазіргі уақытта немесе анамнезде бауырдың ауыр аурулары (бауыр тестілері қалпына келгенге дейін) - қазіргі уақытта немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерлі немесе қатерсіз) - анықталған гормонға тәуелді қатерлі аурулар (мысалы, жыныс гормондары немесе сүт бездерінің) немесе оларға күдіктену - шығу тегі түсініксіз қынаптан қан кету - құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир, дасабувир, глекапревир/пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревир бар дәрілік заттармен үйлестіріп қабылдау - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза ферментінің жеткіліксіздігі бар пациенттер.
Дозасы
Таблеткаларды қаптамада көрсетілген тәртіп бойынша, күн сайын шамамен белгілі бір уақытта, аздаған су мөлшерімен ішке қабылдау керек. Тәулігіне бір таблеткадан 21 күн бойы үзіліссіз қабылдайды. Келесі қаптаманы қабылдау таблеткаларды қабылдаудағы 7 күндік үзілістен соң басталады, осы кезде қабылдауды тоқтатудан қан кету орын алады. Қан кету, әдетте, соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін 2-3-ші күндері басталып, жаңа қаптаманы қабылдау басталғанша аяқталмауы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Жанин® препараты менархе басталғаннан кейін ғана қолданылады. Егде жастағы пациент әйелдер Қолданылмайды. Жанин® препаратын менопауза басталғаннан кейін қолдануға болмайды. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Жанин® препаратын бауырдың ауыр аурулары бар әйелдерге қолдануға болмайды. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Жанин® препараты бүйрек функциясы бұзылған әйелдерде арнайы зерттелмеген. Қолда бар деректер пациенттердің бұл тобында дозаны түзетуді болжамайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.