+115 бонус

ЗЕРОДОЛ 100 мг №30 таб

2300 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацеклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Ипка Лабораториз Лимитед
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - ацеклофенак 100 мг. қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Ависел рН 101), натрий кроскармеллозасы, повидон (Поливинилпирролидон PVPK-30), микрокристалды целлюлоза (Ависел рН 102), глицерил дистеараты (Тип-1), қабығы: Opadry White (03A280002), титанның қостотығы (Е 171)
Қолданылуы
Остеоартритте, ревматоидтық артритте және шорбуынданатын спондилоартритте, сондай-ақ ауырумен қатар жүретін тірек-қимыл аппаратының басқа да ауруларында (мысалы, иық-жауырын периартриті және ревматизмнің буыннан тыс басқа да түрлері) ауыру синдромын және қабынуды симптоматикалық емдеуде. Ауыру симптомымен қатар жүретін, әртүрлі жағдайларда ауыруды басатын әсер (белдің немесе тіс ауыруын және алғашқы дисменореяны қоса).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнездегі белсенді немесе қайталамалы пептидтік ойық жара немесе қан кету (дәлелденген ойық жараның немесе қан кетудің екі немесе одан көп жекелеген көрінісі) - ұқсас әсері бар препараттардан (мысалы, ацетилсалицил қышқылы немесе басқа ҚҚСП) демікпе ұстамасы, бронх түйілуі, жедел ринит немесе есекжем туындаған немесе осы препараттарға жоғары сезімталды бар пациенттерге - бауыр жеткіліксіздігі және бүйрек жеткіліксіздігі - анықталған жүректің іркілісті жеткіліксіздігі (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) шкаласы бойынша II-IV функционалдық класс), ишемиялық жүрек ауруы, шеткері артериялар ауруы және / немесе ми қан айналымы бұзылулары бар пациенттерге. - осының алдындағы ҚҚСП емімен байланысты анамнездегі асқазан-ішектен қан кету немесе тесілуі - белсенді қан кетулер немесе қан ұюының бұзылулары - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар - асқазан-ішектен қан кету немесе ҚҚСП емдеуге байланысты ойық жараның тесілуі. Анамнезде белсенді, болжамды немесе қайталанатын пептидтік жара немесе он екі елі ішектің жарасы/қан кетуі (асқазан немесе ішек жарасының расталған екі немесе одан да көп жеке эпизодтары немесе қан кету) - фенилкетонурия
Дозасы
Емдік әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы жағымсыз реакцияларды азайтуға болады. Ересектер Ұсынылатын доза таңертең бір таблетка және біреуі кешке қабылданатын 100 мг-ден екі бөлек дозалар түрінде тәулігіне 200 мг құрайды. Ең жоғары бір реттік доза 100 мг. Ең жоғары тәуліктік доза 200 мг. Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды (клиникалық деректер жоқ). Егде жастағы пациенттер Бүйрек функциясының, жүрек-қантамыр жүйесінің немесе бауырдың бұзылуларынан зардап шегіп және қатарлас препараттар қабылдап жүрген егде жастағы адамдар жағымсыз реакциялардың күрделі зардаптарының жоғары қаупіне ұшырайды. Егер ацеклофенак қолдану қажет болып саналса, ең тиімді төмен дозасын және мүмкіндігінше ең қысқа уақыт кезеңінде пайдалану керек. Пациент қабынуға қарсы стероидты емес препаратпен (ҚҚСП) ем кезінде асқазан-ішектен қан кету тұрғысынан жүйелі бақылану керек. Ацеклофенак фармакокинетикасы егде жастағы пациенттерде өзгермейді, сондықтан дозаны немесе қабылдау жиілігін өзгерту қажет болып саналмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ацеклофенак дозасының азайтылуы тиістігіне кейбір айғақтар бар, сондықтан бастапқы 100 мг тәуліктік дозаны пайдалану ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Ацеклофенак дозасының бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл пациенттерде өзгертілмеуі тиістігінің ешқандай дәлелдері жоқ, бірақ басқа ҚҚСП-мен болған жағдайдағы сияқты, сақтық таныту керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қолдануға арналған. Ас ішу кезінде немесе одан кейін қабылдаған дұрыс. Таблеткаларды жеткілікті сұйықтық мөлшерімен ішіп, бүтіндей қабылдау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.