+25 бонус

ЗЕРДЕ Фито-чай зверобой трава 50 г

500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: КАЗАХСТАН
  • Өндіруші: ТОО Зерде-Фито
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір қорапшаның ішінде белсенді зат – 50 г шайқурай шөбі
Қолданылуы
Кешенді емде: - асқазан-ішек жолдарының ауруларында (өт шығару жолдарының дискинезиясы, гастриттер, холестаз, гепатиттер, холециститтер, колит) - стоматиттерді, гингивиттерді емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
- препаратқа жеке жоғары сезімталдық - жүктілік, лактация кезеңі - 12 жасқа дейінгі балалар - фотосенсибилизация - гипертония - анықталған эстрогенге тәуелді ісіктері бар пациенттер - бауыр және бүйрек ауруы
Дозасы
Дозалану режимі Ішке қабылдау үшін 10 г (1,5 ас қасық) препаратты эмальданған ыдысқа салады да, 200 мл (1 стақан) ыстық қайнаған су құяды, қақпақпен жауып, қайнап тұрған ыстық суда (су моншасында) 30 минут қыздырады, бөлме температурасында 10 минут бойы салқындатады да, сүзіп, қалған шикізатты сығады. Алынған тұнбаның көлемін қайнаған су құю арқылы 200 мл-ге дейін жеткізу керек. Қайнатылған тұнбаны салқын жерде 2 тәуліктен асырмай сақтайды. Ішке 15-20 мл-ден күніне 3 рет ас ішерден 30 минут бұрын қабылдайды. Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды. Сыртқа қолдану үшін: 100-200 мл-мен күніне 2-3 рет жылы күйінде тамақты шайып, қызыл иекке жағу керек. Емдеу курсы 5-6 күн. Енгізу жолы және әдісі пероральді (ішке) Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Ішке 15-20 мл-ден күніне 3 рет ас ішерден 30 минут бұрын қабылдайды. Емдеу курсын емдеуші дәрігер анықтайды. Сыртқа қолдануға арналған: Күніне 2-3 рет 100-200 мл-ден жылы күйінде тамақты шаю, қызыл иекке жағу. Емдеу курсы 5-6 күн. Емдеу ұзақтығы Емдеу курсын дәрігер жеке анықтайды. Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар Байқалмаған Тоқтату белгілері қатерінің болуын көрсету Байқалмаған Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну керек ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болса) қабылдау керек шаралар Жағымсыз құбылыстар келесі жіктеме бойынша жүйелік-орган кластары мен жиілігі бойынша төменде келтірілген: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10,000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10,000), жиілігі белгісіз (жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар бар деректердің негізінде бағалануы мүмкін емес). - аллергиялық реакциялар орын алуы мүмкін - ұзақ қолданғанда препарат бауыр тұсындағы жағымсыз сезімдерді тудырып, ауызда ащы дәм сездіруі мүмкін. Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз «Зерде-Фито» ЖШС, 160019, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Химфармзавод шағын ауданы, ғимарат 2/1, телефон/факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-37-27, е-mail: kontakt@zerdеfito.kz Дәрілік заттың қауіпсіздігін тіркеуден кейінгі бақылауға жауапты-Жұматаев Мақсат Жұматайұлы, е-mail: maksat@zerdеfito.kz, телефон +7 (7252) 50-34-50 ішкі (117)

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.