+76 бонус

ЗАНИДИП-РЕКОРДАТИ 10 мг 28 таб

1530 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лерканидипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Рекордати Ирландия Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Қолданылуы
- ересектердегі жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі эссенциальді гипертензия
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - солжақ қарыншаның шығару жолының бітелуі - жүректің емделмеген іркілістік жеткіліксіздігі - тұрақсыз стенокардия - миокард инфарктісінен кейінгі бірінші ай - диализде жүрген пациенттерді қоса алғанда, бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (шумақшалық сүзілу жылдамдығы < 30 мл/мин) - бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі - келесілермен бір мезгілде қабылдау: - CYP3A4 күшті тежегіштерімен - циклоспориндермен - грейпфрут немесе грейпфрут шырыны - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Дозасы
Дұрысы таңертеңгілік тамақтануға дейін 15 минут бұрын күніне 1 рет 10 мг-ден жеткілікті мөлшердегі сумен шайнамастан қабылдау керек. Пациенттің жеке реакциясына байланысты препараттың дозасы 20 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Дозаны жоғарылату біртіндеп жүргізілуі керек, өйткені препаратты қабылдағаннан кейін оның максималды гипотензияға қарсы әсері пайда болғанға дейін шамамен 2 апта өтуі мүмкін. Бір гипотензивті препаратты қолдану жеткілікті тиімді болмаған кейбір пациенттерде бета-адренорецепторлардың блокаторларымен (атенолол), диуретиктермен (гидрохлортиазид) немесе ангиотензин өзгертуші ферменттің тежегіштерімен (каптоприл немесе эналаприл) емдеуге қосымша ретінде Занидип-рекордати препаратын қолдану жағымды әсер етті. «Доза-әсер» тәуелділік қисығы күшті болғандықтан және 20-дан 30 мг-ға дейінгі дозаларда плато түзетіндіктен, препараттың тиімділігі жоғары дозаларда қолданылған кезде жоғарылауы екіталай, ал жағымсыз реакциялардың пайда болу қаупінің артуы мүмкін. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданған кездегі препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер жоқ Егде жастағы пациенттер Фармакокинетикалық деректер мен клиникалық тәжірибе егде жастағы пациенттерде тәуліктік дозаны түзету талап етілмейтінін көрсетсе де, препаратты пациенттердің осы тобына қолданған кезде сақ болу керек. Бүйрек және бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Препаратты бүйрек немесе бауыр функциясының жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі бұзылулары бар пациенттерге қолданған кезде сақ болу керек. Әдетте препаратты ұсынылған дозада қолдануды пациенттердің осы топтары жақсы көтере алады, бірақ дозаны тәулігіне 20 мг-ға дейін арттырған кезде сақ болу керек. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың гипотензивті әсері күшеюі мүмкін, сондықтан дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Занидип-рекордати препаратын бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге немесе бүйрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге (шумақшалық сүзілу жылдамдығы <30 мл/мин), соның ішінде гемодиализде жүрген пациенттерге қолдануға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Дәрілік препаратты қабылдағанға дейін қабылдау керек сақтық шаралары: - препаратты таңертең таңғы астан кем дегенде 15 минут бұрын қабылдаған жөн. - препаратты грейпфрут шырынымен бірге қабылдауға болмайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.