+145 бонус

ЗАХА 500 мг №3 таб

2900 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Азитромицин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Аджанта Фарма Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 524.05 мг азитромицин дигидраты (500.00 мг азитромицинге баламалы) қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций гидрофосфат дигидраты, натрий лаурилсульфаты, повидон (Р.V.P.К 30), натрий крахмал гликоляты, натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, Инстакоат-Аква III (Ақ)***, 2-пропанол** ** - өндіріс барысында буланады *** Инстакоат – Аква III (Ақ): гипромеллоза, полиэтиленгликоль, тазартылған тальк, титанның қостотығы E 171
Қолданылуы
Препаратқа сезімтал микроорганизмдерден туындаған немесе туындауы мүмкін келесі инфекцияларды емдеу үшін көрсетілген: - бронхит - ауруханадан тыс пневмония - синусит - фарингит/тонзиллит - ортаңғы отит - тері және жұмсақ тіндер инфекциялары - Chlamydia trachomatis және Neisseria gonorrhoeae туындатқан жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекциялары Бактерияға қарсы препараттарды тиісінше қолдану жөніндегі ресми ұсынымдарды назарға алған жөн.
Қарсы көрсетілімдер
- азитромицинге, эритромицинге, макролидтер/кетолидтер тобына және қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (дене салмағы 45 кг-ден аз балалар) Сақтықпен: - аритмияда (қарыншалық аритмия, аралықтың (QT) ұзаруы  болу мүмкін)
Дозасы
Дене салмағы >45 кг балаларға және егде жастағыларды қоса, ересектерге Тәуліктік доза, 3 күн бойына, күніне бір рет қабылдағанда 500 мг құрайды (жалпы доза 1500 мг). Хламидиядан туындаған жыныс мүшелерінің асқынбаған инфекцияларында тәулігіне бір рет 1000 мг тағайындайды. Сезімтал гонококктар үшін емдеуге арналған тәжірибелік ұсыныстарға сәйкес 250 мг немесе 500 мг цефтриаксонмен біріктірілімде азитромициннің ұсынылатын дозасы 1000 мг немесе 2000 мг құрайды. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат дене салмағы 45 кг-ден аз балалар мен жасөспірімдерде қолдануға арналмаған. Егде жастағы пациенттер Дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек жеткіліксіздігі Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі (шумақтық сүзіліс жылдамдығы 10 - 80 мл/мин) бар пациенттер үшін доза түзету талап етілмейді. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (ШСЖ <10 мл / мин) бар пациенттерге азитромицин тағайындағанда сақ болу керек. Бауыр жеткіліксіздігі Азитромицин бауырда метаболизденіп және өтпен шығарылатындықтан препаратты ауыр бауыр ауруларынан зардап шегетін  пациенттерге тағайындауға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Азитромицинді тамақтанудан бір сағат бұрын немесе тамақтанудан кейін 2 сағаттан соң қабылдау керек. Препаратты тәулігіне 1 рет қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.