+600 бонус

ЮПЕРИО 50 мг №28 таб

12000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Валсартан и сакубитрил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Новартис Фарма Сервисэз АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - сакубитрил/валсартан тринатрий полупентагидраты 56,551 мг, 113.103 мг немесе 226, 206 мг (сусыз қышқыл түріндегі 50 мг, 100 мг немесе 200 мг сакубитрил/валсартанға баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, орын басуы төмен гидроксипропилцеллюлоза, кросповидон, магний стеараты, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы қабығының құрамы: гипромеллоза, титанның қостотығы (Е171), макрогол 4000/полиэтиленгликоль 4000, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172) (50 мг және 200 мг дозалары үшін), темірдің сары тотығы (Е 172) (100 мг дозасы үшін).
Қолданылуы
сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы төмен ересек пациенттерде симтоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздін емдеуде. сол жақ қарыншаның систолалық дисфункциясы бар бір жастан асқан балалар мен жасөспірімдердегі симптоматикалық созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеу (5.1-бөлімді қараңыз).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштерімен бір мезгілде қолдану. Егер АӨФ тежегішін тоқтатқан сәттен бері 36 сағат өтпесе, Юперио™ препаратын қабылдауға болмайды - анамнезде мұның алдында АӨФ тежегіштерін немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары ІІ (АРБ) қолдану аясындағы ангионевроздық ісінудің болуы - тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну - қант диабеті бар пациенттерде немесе бүйрек функциясы бұзылған (еШСЖ <60 мл/мин/1.73 м2) пациенттерде құрамында алискирен бар дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану - бауыр функциясының ауыр дәрежеде бұзылуы, билиарлы цирроз және холестаз - жүктіліктің екінші және үшінші триместрлері
Дозасы
Жүйелік бұзылулар Юперио™ препараты АӨФ немесе АРБ тежегішімен бірге тағайындалмауы керек. Ангионевроздық ісінудің дамуының потенциалды қаупі бар болғандықтан, АӨФ тежегішімен бір мезгілде қолданған кезде, егер АӨФ тежегіші тоқтатылған сәттен кем дегенде 36 сағат өтпейінше препарат қолданылмауы тиіс. Юперио™ препаратының құрамындағы валсартанның басқа таблеткаланған дәрілік түрдегі валсартанмен салыстырғанда биожетімділігі едәуір жоғары. Дозаны өткізіп алған жағдайда пациент тағайындалған қабылдау кестесі бойынша келесі дозаны қабылдауы тиіс. Ересектерде жүрек жеткіліксіздігі Юперио™ препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы – төменде сипатталған жағдайларды қоспағанда, 100 мг бір таблеткадан тәулігіне екі рет. Пациентке жағымдылығы жақсы болған жағдайда, мақсатты доза тәулігіне екі рет 200 мг бір таблетканы құрайтындай болып, қабылдаудың 2-4 аптасында доза екі есе ұлғайтылуы тиіс. Егер пациенттерде жақпаушылық пайда болса (систолалық артериялық қысым (САҚ) ≤95 мм сын.бағ., симптоматикалық гипотензия, гиперкалиемия, бүйрек функциясының бұзылуы), біріктірілген емді түзету немесе дозаны уақытша төмендету немесе Юперио™ препаратымен емді тоқтату ұсынылады. PARADIGM-HF зерттеуі кезінде Юперио™ препаратын АӨФ тежегішінің немесе басқа АРБ орнына жүрек жеткіліксіздігін емдеуге арналған басқа препараттармен үйлестіріп қолданылды. АӨФ немесе АРБ тежегіштерін қабылдамайтын немесе төмен дозаларда қабылдайтын пациенттерді емдеу туралы ақпарат шектеулі. Сондықтан пациенттердің мұндай санаты үшін ұсынылатын бастапқы доза баяу арттырылып отыратын (тәуліктік дозаны 3-4 аптада 1 рет екі еселеу) тәулігіне екі рет 50 мг құрайды. Сарысулық калий деңгейі >5.4 ммоль/л немесе САҚ <100 мм сын. бағ. болатын пациенттерде емдеуді бастау ұсынылмайды. Тәулігіне екі рет 50 мг бастапқы доза САҚ ≥100 - 110 мм сын. бағ. болатын пациенттер үшін ұсынылады. Балаларда жүрек жеткіліксіздігі 1-кестеде балаларға ұсынылған дозалар көрсетілген. Ұсынылған доза тәулігіне екі рет ішке қабылдануы тиіс. Дозаны пациентке жағымды мақсатты дозаға жеткенше әр 2-4 апта сайын арттыру керек. Юперио™, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар дене салмағы 40 кг-ден кем балаларға жарамайды. Мұндай пациенттер үшін Юперио, қабықпен қапталған түйіршіктер препараты қолжетімді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.