+160 бонус

ЮНИДОКС СОЛЮТАБ 100 мг №10 таб Доксициклин

3200 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Доксициклин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Астеллас Фарма Юроп Б. В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат - 100 мг доксициклин (доксициклин моногидраты түрінде); қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сахарин, гипролоза (аз мөлшерде), гипромеллоза, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Доксициклин грамоң және грамтеріс бактериялар мен кейбір микроорганизмдердің сезімтал штаммдары туындатқан түрлі инфекцияларды емдеуде тиімділігін көрсетті.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - басқа тетрациклиндерге аса жоғары сезімталдық - 8 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Ұсынылған дозаны арттырған кезде жағымсыз әсерлердің пайда болу жиілігі ұлғаюы мүмкін. Емді, кемінде, симптомдар мен температура қайтқаннан кейін 24-48 сағат жалғастыру керек. Стрептококкты инфекцияларды емдеу ревматизмнің немесе гломерулонефриттің дамуына жол бермеу үшін 10 күн бойы жүргізу керек. Ересек пациенттер және 12-18 жас аралығындағы балалар Ересектер және 12 -18 жас аралығындағы балалардағы жедел инфекцияларды емдеуге арналған доксициклиннің стандартты дозасы бірінші күні 200 мг құрайды (1-2 дозада), содан кейін демеуші дозасы тәулігіне 100 мг құрайды. Ауыр инфекциялар жағдайында доксициклинмен емдеу курсы бойы тәулігіне 200 мг дозада тағайындалады. 8 жастан 12 жасқа дейінгі балалар. Доксициклинді 8-12 жас аралығындағы балаларда жедел инфекцияларды емдеу үшін қолдану басқа препараттар болмаса, тиімділігі екіталай болған немесе қарсы көрсетілген жағдайларда мұқият негізделген болуы тиіс. 8 жасар немесе одан үлкен және дене салмағы 45 кг аз балалардағы ұсынылған дозалау режимі емнің бірінші күні дене салмағының 4 мг/кг (бір қабылдауға бір рет қолданады), сосын келесі күндері дене салмағының 2 мг/кг (бір қабылдауға) құрайды. Тәулігіне дене салмағының 4 мг/кг дейінгі дозаларды бүкіл емдеу курсы барысында ауыр инфекцияларда қолдануға болады. 100 мг төмен (дене салмағы 45 кг төмен балалардағы демеуші доза) доза Юнидокс Солютаб® препаратын қолдану кезінде алынуы мүмкін емес. Осы мақсатта құрамында доксициклин бар басқа дәрілік препараттар қолданылады. Дене салмағы 45 кг жоғары балалар препаратты ересектерге арналған дозада қабылдауы тиіс. Кейбір ауруларды емдеуге арналған ұсынылған дозалар: Безеу ауруы (acne vulgaris) - 6-12 апта ас немесе сұйықтық қабылдау уақытында тәулігіне 50 мг. Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар: - асқынбаған гонококктық инфекциялар (еркектердегі аноректальді инфекцияларды қоспағанда); асқынбаған уретральді, Chlamydia trachomatis туындатқан эндоцервикальді немесе ректальді инфекция; Ureaplasma urealyticum туындатқан гонококктық емес уретрит. Доксициклиннің ұсынылған дозасы 7 күн бойы 2 рет 100 мг. - Chlamydia trachomatis немесе Neisseria gonorrhoea туындатқан жедел эпидидимоорхит - 10 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг. - бастапқы және салдарлы мерез: пенициллиндерге аллергиясы бар жүкті емес пациенттерді емдеу үшін ықтимал сызбалар - пенициллиндермен емдеу баламасы түрінде екі апта бойы күніне екі рет 200 мг. Бастапқы және қайталама мерез - тәулігіне 200 мг кем дегенде 14 күн. Венериялық лимфогранулема (Lymphogranuloma venereum (LGV)) - 21 күн бойы 200 мг. Borrelia (боррелиоздар) түрінің микроорганизмдері туындатқан аурулар - 10-21 күн бойы тәулігіне 200 мг (аурудың ерте сатысы) және анағұрлым кеш көріністелу жағдайында 1 айға дейін. Эндемиялық (қоздырғышты тасымалдаушы — кене) және эпидемиялық (қоздырғышты тасымалдаушы — бит) қайталама іш сүзегі - ауырлық дәрежесіне байланысты 100 немесе 200 мг бір реттік доза. Хлорохинге төзімді тропикалық безгекті емдеу - ересектер: кем дегенде 7 күн бойы тәулігіне 200 мг. 8 жастан асқан балалар: тәулігіне екі рет 2,2 мг/кг кем дегенде 7 күн (тәулігіне 200 мг дозаға дейін). Аурудың ықтимал ауырлығына байланысты доксициклинмен бірге шизонтоцидті безгекке қарсы препаратты, мысалы, хининді қабылдау керек. Безгек профилактикасы - Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін тәулігіне 100 мг. Профилактиканы безгек бар аумақтарына жібергенге дейін 1-2 күн бұрын бастауға болады. Препаратты безгек бар аудандарда болудың барлық мерзімінде күнделікті және кеткеннен кейін 4 апта бойы қабылдау керек. Сібір ойық жарасы: жанасудан кейінгі профилактика: 60 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг сібір ойықжарасының терілік түрі: 60 күн бойы тәулігіне екі рет 100 мг сібір ойықжарасының өкпелік/асқазан-ішек түрі: басында тәулігіне екі рет 100 мг біріктірілген ем құрамында, емнің жалпы ұзақтығы 60 күн. Цуцугамуши қызбасының профилактикасы - 200 мг бір рет. Ересектердегі саяхатшылар диареясының профилактикасы - саяхаттың алғашқы күні 200 мг (бір рет немесе әрбір 12 сағат сайын 100 мг), сосын тиісті аймақта болудың барлық мерзімі ішінде күн сайын 100 мг. Препаратты профилактикалық мақсатта 21 күннен артық қолдану бойынша деректер жоқ. Лептоспироз профилактикасы - тиісті аймақта болудың барлық мерзімі ішінде аптасына бір рет 200 мг және саяхат аяқталғаннан кейін 200 мг. Препаратты профилактикалық мақсатта 21 күннен артық қолдану бойынша деректер жоқ. Таулы жердегі дақты қызба - Ересектер: әр 12 сағат сайын 100 мг. - Дене салмағы 45 кг аз балалар: дене салмағына 2,2 мг/кг, күніне екі рет. - Салмағы 45 кг немесе одан жоғары балалар ересектерге арналған дозаны қабылдауы керек. Дене температурасы төмендегеннен кейін және клиникалық жақсарудың дәлелі болмағаннан кейін пациенттерді кем дегенде 3 күн емдеу керек. Емдеудің ең төменгі курсы - 5-7 күн. Доксициклинді егде жастағы пациенттерге стандартты дозада ешқандай арнайы сақтық шараларынсыз тағайындауға болады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Доксициклин 8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға қарсы көрсетілген. Егде жастағы пациенттер Юнидокс Солютаб® ұсақталатын таблеткалары егде жастағы пациенттер үшін қолайлы дәрілік түрі болуы мүмкін, себебі олар өңештің тітіркенуіне және ойық жаралардың пайда болуына аз әкеледі. Доксициклинді егде жастағы пациенттерге стандартты дозада ешқандай арнайы сақтық шараларынсыз тағайындауға болады. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе ықтимал гепатоуытты әсері бар препараттарды қабылдайтын пациенттерде препаратты сақтықпен қолдану керек. Тетрациклиндерді, соның ішінде доксициклинді пероральді және парентеральді қабылдағаннан кейін бауыр функциясының бұзылуы туралы хабарланды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дозаны түзету қажет емес. Енгізу әдісі мен жолы Ұсақталатын таблеткалар тек пероральді қолдануға арналған. Таблетканы бір стақан суға қосып, біркелкі ерігенше (кем дегенде 50 мл) жақсылап араластыру керек. Қоспаны дереу қабылдаған жөн. Өңеш тітіркенуінің туындау және ойықжараның пайда болу қаупін төмендету үшін ұйқыға дейін біраз уақыт бұрын отырған немесе тұрған күйде қабылданады. Асқазан тітіркенген жағдайда доксициклинді тағаммен немесе сүтпен қабылдау ұсынылады. Доксициклиннің сіңірілуі тағам мен сүттің бір уақытта қорытылуына елеулі ықпал көрсетпейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.