+280 бонус

ЯРИНА ПЛЮС №28 таб

5600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дроспиренон и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер Веймар ГмбХ и Ко.КГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
21 құрамында гормон бар, қызғылт сары түсті таблеткалар: Әр таблетканың құрамында: белсенді заттар - 3,000 мг микрондалған дроспиренон; 0,030 мг этинилэстрадиолға шаққанда микрондалған этинилэстрадиол бетадекс клатраты, 0,451 мг микрондалған кальций левомефолаты [Метафолин®]. қосымша заттар - лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза 5сР, магний стеараты. қабығы - гипромеллоза 5 сР, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172) 7 құрамында гормон жоқ, ақшыл қызғылт сары түсті таблеткалар: Әр таблетканың құрамында: белсенді зат – 0,451 мг микрондалған кальций левомефолаты [Метафолин®]. қосымша заттар - лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, натрий кроскармеллозасы, гидроксипропилцеллюлоза 5сР, магний стеараты. қабығы - гипромеллоза 5 сР, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы (Е 171), темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің сары тотығы (Е 172).
Қолданылуы
- оральді контрацепция. Антиминералокортикоидтық және антиандрогендік қасиеттері бар біріктірілген оральді контрацептивті тағайындау да сұйықтықтың гормонға байланысты кідірісі және осыдан болған симптомдары бар, сонымен қатар безеу бөртпелері және себореямен әйелдерге тағайындау үшін - оральді контрацепцияны керек ететін әйелдерде фолаттық статусты жақсарту үшін Емдеуді бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізімі
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген пероральді контрацептивтер төменде берілген жағдайлардың қандай да болсын біреуі бар болған қолданылмауы тиіс. Егер қабылдау аясында осы жағдайлардың қандай да болсын бірі алғаш рет дамыса, препаратты қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс. Тромбоз (вена және артериялық) және тромбоэмболия (соның ішінде тереңдегі веналар тромбозы, өкпе артерияларының тромбоэмболиясы, миокард инфарктісі, инсульт), цереброваскулярлық бұзылулар қазіргі таңда немесе анамнезде. Қазіргі таңда немесе анамнездегі бұған дейінгі тромбоз жағдайлары (соның ішінде транзиторлық ишемиялық шабуылдар, стенокардия). Вена немесе артерия тромбоздарының жоғары қаупінің болуы Қазіргі таңдағы немесе анамнездегі ошақтық неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы. Қантамырлық асқынулары бар қант диабеті. Бауырдың ауыр аурулары (бауыр сынамалары қалыпқа келгенге дейін) Вирустарға қарсы құрамында омбитасвир, паритапревир немесе дасабувир және олардың біріктірілімдері бар тікелей әсер ететін препараттарды қабылдау Бүйрек функциясының ауыр және/немесе жедел жеткіліксіздігі Қазіргі таңдағы немесе анамнездегі бауыр (қатерсіз немесе қатерлі) ісіктері Гормонға тәуелді айқындалған қатерлі жаңа түзілімдер (соның ішінде жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) немесе оларға күдіктену Қынаптан генезі айқын емес қан кету Жүктілік немесе оған күдіктену Препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Ярина® Плюс препаратын қалай қабылдау керек Біріктірілген пероральді контрацептивтер (БПК), нұсқаулыққа сәйкес қолданғанда, сәтсіз коэффициент жылына шамамен 1% болады. Таблетканы өткізіп алғанда немесе дұрыс қолданбағанда сәтсіздік коэффициенті өсуі мүмкін. Таблеткаларды ішке қаптамасында көрсетілген ретпен, күн сайын белгілі бір уақытта, судың аздаған мөлшерімен ішіп, ішке қабылдау керек. 28 күн бойы үздіксіз күніне 1 таблеткадан қабылдайды. Келесі қаптамадан таблеткаларды қабылдау мұның алдындағы қаптамадағы соңғы таблетканы қабылдау аяқталу бойына басталады. «Тоқтату» қан кетуі, әдеттегідей, құрамында гормон жоқ таблеткаларды қабылдауды бастағаннан кейін 2-3 күні басталады, және келесі қаптаманы қабылдауды бастағанға дейін әлі де аяқталмауы мүмкін. Ярина® Плюс препаратын қабылдауды қалай бастау керек Ешқандай гормональді контрацепциялық зат (алдындағы айда) қолданбаған кезде Препаратты қабылдауды етеккір оралымының алғашқы күні, (яғни етеккірлік қан кетудің алғашқы күні) бастау керек. Препараттың етеккір оралымының 2-5 күні қабылдауды бастауға жол беріледі, бірақ мұндай жағдайда қызғылт сары таблеткаларды қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша бөгегіш әдісін (мысалы, мүшеқапты) пайдалану қажет. Басқа біріктірілген гомональді контрацептивтерден, қынаптық сақинадан немесе контрацепциялық бұласырдан ауысқанда. Ярина® Плюс препаратын қабылдауды мұның алдындағы БОК қаптамасынан құрамында гормон бар соңғы таблетканы қабылдағаннан кейін келесі күні бастаған дұрыс, бірақ әдеттегі үзілістен кейін немесе мұның алдындағы БОК қаптамасынан құрамында гормон жоқ таблеткаларды қабылдағаннан кейін келесі күннен кешіктірмей. Ярина® Плюс препаратын қабылдауды соңғы қынаптық сақинаны немесе бұласырды алып тастаған күні бастаған жөн, бірақ жаңа сақина енгізілген немесе жаңа бұласыр жапсырылған күннен кешіктірмей. Құрамында тек гестагендер бар контрацептивтерден («мини-пили», инъекциялық түрлері, имплант) немесе гестаген бөлініп шығатын жатырішілік емдік жүйеден (ЖІЖ) ауысқанда Әйел мини-пилиден кез келген күні (үзіліссіз) Ярина® Плюс дәрілік затына, импланттан немесе гестагені бар ЖІЖ-ден – оны алып тастаған күні, инъекциялық контрацептивтен – келесі инъекция жасалуы тиіс күні ауысуы мүмкін, алайда барлық жағдайларда таблетканы қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша бөгегіш әдісін пайдалануы қажет. Жүктіліктің алғашқы триместріндегі аборттан кейін. Әйел препаратты қабылдауды дереу бастауы мүмкін. Осы жағдайды сақтағанда әйел контрацепцияның қосымша шараларын керек етпейді. Босанғаннан кейін немесе екінші триместрде аборттан кейін. Бала емізетін әйелдерге пайдалану үшін – «Жүктілік және лактация» бөлімін қараңыз. Әйелге препаратты қабылдауды босанудан кейін немесе жүктіліктің екінші триместріндегі аборттан кейін 21 - 28 күні бастауға кеңес беріледі. Егер қабылдау кеш басталса, таблетканы қабылдаудың алғашқы 7 күні ішінде контрацепцияның қосымша бөгегіш әдісін пайдалану қажет. Алайда, егер Ярина® Плюс препаратын қабылдауды бастағанға дейін жыныстық қатынас орын алса, БОК қабылдауды бастамас бұрын жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау немесе алғашқы етеккірді күту қажет. Өткізіп алған таблеткаларды қабылдау Ақшыл қызғылт сары (құрамында гормон жоқ) таблеткаларды өткізіп алуды елемеуге болады. Дегенмен, ақшыл қызғылт сары (құрамында гормон жоқ) таблеткалар қабылдауды байқамай ұзартып алмау үшін, оларды тастау керек. Келесі нұсқаулар қызғылт сары (құрамында гормон бар) таблеткаларды өткізіп алуға ғана қатысты: Егер құрамында гормон бар таблеткаларды қабылдауда кешігу 12 сағаттан азды құраса, контрацепциялық қорғаныш төмендемейді. Әйел өткізіп алған таблеткаларды мүмкін болғанынша тезірек қабылдауы тиіс, ал кейінгі таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдауы керек. Егер құрамында гормон бар таблеткаларды қабылдауда кешігу 12 сағаттан көбіректі құраса, контрацепциялық қорғаныш төмендеуі мүмкін. Мұндайда келесі негізгі екі ережені басшылыққа алуға болады: Таблеткаларды қабылдау ешқашан 7 күннен көбірекке үзілмеуі тиіс. Гипоталамус-гипофиздық-аналық без жүйесін адекватты түрде басуға қол жеткізу үшін құрамында гормон бар таблеткаларды 7 күн бойы үзіліссіз қабылдау қажет етіледі. Соған сәйкес, күнделікті тәжірибеге қатысты келесі нұсқаулар берілуі мүмкін: Препаратты қабылдаудың бірінші аптасы: Әйел соңғы өткізіп алған таблетканы есіне түсіру бойына, тіпті бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де, мүмкіндігінше тезірек қабылдауы керек. Келесі таблеткаларды қалыпты уақытта қабылдау керек. Бұдан басқа, кейінгі 7 күн ішінде контрацепцияның бөгегіш әдісін (мысалы, мүшеқапты) қосымша пайдалану қажет. Егер жыныстық қатынас таблетканы өткізіп алу алдында 7 күн ішінде орын алса, жүктіліктің басталуы мүмкін екендігін ескеру керек. Таблеткаларды неғұрлым көбірек өткізіп алса, және ақшыл қызғылт сары, құрамында гормон жоқ таблеткаларды қабылдау фазасына неғұрлым жақын қалғанда өткізіп алса, жүктіліктің басталу қаупі жоғары болады. Препаратты қабылдаудың екінші аптасы: Әйел соңғы өткізіп алған таблетканы есіне түсіру бойына, тіпті бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де, тезірек қабылдауы тиіс. Келесі таблеткаларды әдеттегі уақытта қабылдауы керек. Әйел мұның алдындағы 7 күн ішінде таблетканы дұрыс қабылдаған жағдайда контрацепцияның қосымша шараларын пайдалану қажеттілігі жоқ. Керісінше жағдайда, сондай-ақ екі және одан көбірек таблетканы өткізіп алғанда 7 күн бойы контрацепцияның бөгегіш әдістерін қосымша пайдалану қажет. Препаратты қабылдаудың үшінші аптасы: Ақшыл қызғылт сары таблеткаларды (құрамында гормон жоқ) қабылдау фазасы жуық арада болғандықтан, сенімділіктің төмендеу қаупі болмай қоймайды. Әйел келесі екі нұсқаның біреуін қатаң ұстануы тиіс. Егер алғаш өткізіп алған таблетканың алдындағы 7 күнде барлық таблеткалар дұрыс қабылданса, қосымша контрацепциялық әдістерді пайдалану қажеттілігі жоқ. Егер алғаш өткізіп алған таблетканың алдындағы 7 күнде барлық таблеткалар дұрыс емес қабылданса, бұл жағдайда келесі сызбалардың алғашқысын пайдалануы және 7 күн ішінде контрацепцияның бөгегіш әдісін қосымша пайдалануы қажет. 1. Әйел соңғы өткізіп алған таблетканы, есіне түсіру бойына, мүмкіндігінше, тезірек қабылдауы тиіс (тіпті, егер бұл екі таблетканы бір мезгілде қабылдауды білдірсе де). Келесі таблеткаларды әдттегі уақытта, қаптамадағы қызғылт сары (құрамында гормон бар) таблеткалар таусылғанша қабылдайды. Ақшыл қызғылт сары (құрамында гормон бар) жеті таблетканы тастау және дереу келесі қаптамадан таблетка қабылдауды бастау керек. Екінші қаптамадағы қызғылт сары (құрамында гормон бар) таблеткалар таусылғанша қан кетудің тоқтауы екіталай, бірақ таблеткаларды қабылдау кезінде жағынды бөлінділер және лақылдап қан кетулер білінуі мүмкін. 2. Қолданыстағы қаптамадан қызғылт сары (құрамында гормон бар) таблеткаларды қабылдауды доғару. Содан кейін таблетканы өткізіп алған күнді қоса, 7 күннен көп емес үзіліс жасалуы тиіс, содан кейін препаратты жаңа қаптамадан қабылдауды бастауы керек. Егер әйел таблетка қабылдауды өткізіп алса, және де ақшыл қызғылт сары таблеткаларды (құрамында гормон жоқ) қабылдау кезінде де қан кету тоқтамаса, жүкті еместігіне көз жеткізуі қажет. Жаңа қаптамадағы таблеткаларды қабылдауды бастамас бұрын дәрігерге қаралуы тиіс. Асқазан-ішек бұзылыстары кезіндегі нұсқаулар Асқазан-ішектің ауыр бұзылыстарында препараттың сіңуі толық болмауы мүмкін, сондықтан контрацепциялық қосымша шаралар қабылдау керек. Егер қызғылт сары, құрамында гормон бар таблеткаларды қабылдағаннан кейін 3-4 сағат ішінде құсу немесе диарея орын алса, таблетканы өткізіп алған кездегі нұсқауларды орындауы керек. Егер әйел өзінің қабылдаудағы әдеттегі сызбасын өзгерткісі келмесе және етеккірдің басталуын аптаның басқа күніне ауыстырғысы келсе, басқа қаптамадан қызғылт сары таблетканы қосымша қабылдауы керек. Етеккір оралымын қалай өзгерту немесе етеккірдің басталуын қалай кейінге қалдыру керек Етеккірдің басталуын кейінге қалдыру үшін әйел қолданыстағы 7 ақшыл қызғылт сары таблеткаларды (құрамында гормон жоқ) өткізіп жіберіп, келесі Ярина® Плюс препаратының қаптамасынан қызғылт сары (құрамында гормон бар) таблеткаларды қабылдауды жалғастыруы керек. Осылайша цикл, екінші қаптамадан қызғылт сары (құрамында гормон бар) таблеткалар таусылғанша, қалауынша кез-келген мерзімге зартылуы мүмкін. Екінші қаптамадан препаратты қабылдау аясында әйелде жағынды бөлінділер немесе жатырдан лақылдаған қан кетулер білінуі мүмкін. Содан кейін Ярина® Плюс препаратын жүйелі қабылдау ақшыл қызғылт сары (құрамында гормон жоқ) таблеткаларды қабылдау аясында қайта жаңғыртылады. Етеккірдің басталуын аптаның басқа күніне ауыстыру үшін әйел ақшыл қызғылт сары таблеткаларды (құрамында гормон жоқ) қабылдауды қалағанынша бірнеше күнге қысқартуы керек. Аралық неғұрлым қысқа болса, қауіп соғұрлым жоғары болады, онда тоқтатудан қан кетулер болмайды, және әрі қарай екінші қаптамадан қабылдау кезінде жағынды бөлінділер және лақылдаған қан кетулер болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.