+262 бонус

ЯРИНА 3 мг/0,03 мг №21 таб

5250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дроспиренон и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 3 мг дроспиренон, 0,03 мг этинилэстрадиол, қосымша заттар: ядро: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, модификацияланған крахмал, повидон К 25, магний стеараты, қабығы: гидроксипропилметилцеллюлоза, макрогол 6000, тальк, титанның қостотығы Е171, темірдің (ІІІ) сары тотығы Е172.
Қолданылуы
- оральді контрацепцияда Ярина препаратын тағайындау туралы шешімді әйелде бұрыннан бар, атап айтқанда вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) қауіп факторларын, және басқа біріктірілген гормондық контрацептивтермен (БГК) салыстырғанда, Яринапрепаратын қабылдау аясындағы вена тромбоэмболиясының даму қаупін бағалауды ескере отырып, жекелей тәртіпте қабылдау керек. 
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген гормондық контрацептивтер келесі жағдайларда қолданылмауы тиіс. Егер біріктірілген гормондық контрацептивті қабылдау аясында осы жағдайлардың қандай да бірі дамыса препаратты дереу тоқтату керек. вена тромбоэмболиясының болуы немесе оның қаупі ▪ қазіргі уақыттағы (антикоагулянттық ем қабылдаумен) немесе анамнездегі (мысалы, терең веналар тромбозы немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы) вена тромбоэмболиясы ▪ вена тромбоэмболиясына тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік (мысалы, белсендірілген С протеиніне резистенттілік (Лейденнің V факторын қоса), антитромбин III, С протеинінің немесе S протеинінің тапшылығы) ▪ ұзаққа созылатын иммобилизациямен жүретін ауқымды хирургиялық араласымдар ▪ көптеген қауіп факторларының болуы салдарынан вена тромбоэмболиясы қаупінің жоғарлауы. артериялық тромбоэмболияның болуы немесе оның қаупі ▪ қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі артериялық тромбоэмболия (мысалы, миокард инфарктісі) немесе артериялық тромбоэмболия алдындағы жағдайлар (мысалы, стенокардия) ▪ цереброваскулярлық бұзылулар – қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі инсульт немесе цереброваскулярлық бұзылулар алдындағы жағдайлар (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл) ▪ артериялық тромбоэмболияға тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік (мысалы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидтік антиденелер: кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт) ▪ анамнезде ошақталған неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы ▪ салдарынан артериялық тромбоэмболияның даму қаупі жоғарылайтын көптеген қауіп факторлары немесе бір күрделі қауіп факторы мынадай: қантамыр асқынуларымен қант диабеті айқын артериялық гипертензия - айқын дислипопротеинемия қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың ауыр аурулары (бауыр тестілері қалпына келгенге дейін) бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі) анықталған, гормонға тәуелді қатерлі жаңа түзілімдер (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерінің) немесе оларға күдіктенгенде этиологиясы анықталмаған қынаптық қан кету белсенді затына немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне аса жоғары сезімталдық. Ярина® препаратын құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дасабувир, глекапревир/пибрентасвир немесе софосбувир/велпатасвир/воксилапревир бар дәрілік заттармен бірге қолдануға болмайды.
Дозасы
Ярина® препаратын қалай қабылдау керек Таблеткаларды қаптамада көрсетілген тәртіп бойынша, күнделікті шамамен бір уақытта, қажет болса аздаған мөлшердегі сумен ішке қабылдау керек. 21 күн бойы үздіксіз, тәулігіне бір таблеткадан қабылдайды. Келесі қаптаманы қабылдау 7 күндік үзілісінен кейін басталады, ол уақытта, әдетте, тоқтату қан кетуі басталады. Қан кету әдетте, соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі 2-3-інші күндері басталады және жаңа таблеткаларды қаптамадан қабылдауды бастағанға дейін аяқталмауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.