+651 бонус

ЯНУМЕТ 50 мг + 1000 мг №56 таб п/о

13020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Метформин и ситаглиптин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Merck Sharp & Dohme B.V.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: ситаглиптин фосфаты моногидраты 64,25 мг (50 мг бос негіздегі ситаглиптинге баламалы) және метформин гидрохлориді 500 мг/850 мг/1000 мг. қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, поливинилпирролидон (повидон), натрий стеарилфумараты, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су. 50 мг/500 мг дозаға арналған қабықтың құрамы: Опадрай® II Қызғылт 85 F94203 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол / полиэтиленгликоль 3350, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172)), 50 мг/850 мг дозаға арналған қабықтың құрамы: Опадрай® II Қызғылт 85 F94182 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/полиэтиленгликоль 3350, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172)), 50 мг/1000 мг дозаға арналған қабықтың құрамы: Опадрай® II Қызыл 85 F15464 (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол/полиэтиленгликоль 3350, тальк, темірдің қызыл тотығы (Е 172), темірдің қара тотығы (Е 172)).
Қолданылуы
Янумет 2-типті қант диабетін емдеу үшін қолданылады: Барынша көтерімді дозада метформинмен монотерапия тиімділігі жеткіліксіз пациенттерде, сондай-ақ бұрын ситаглиптин мен метформин біріктірілімімен ем алған пациенттерде гликемия деңгейін бақылауды жақсарту үшін диета мен дене жүктемелері режиміне қосымша. Сульфонилмочевина туындыларымен біріктірілімде (үш препараттың біріктірілімі) барынша көтерімді дозаларда сульфонилмочевина туындыларының препараттарымен және метформинмен емдеу кезінде гликемияны барабар бақылауға қол жеткізбеген пациенттерде диета мен физикалық жүктемелер режиміне қосымша ретінде. Пероксис (PPAR-γ) пролифератормен (мысалы, тиазолидиндионмен) белсендірілетін гамма-рецепторлардың агонистерімен (үш препараттың біріктірілімі) метформинмен және PPAR-γ агонистімен барынша көтерімді дозаларда емдеу тиімділігі жеткіліксіз пациенттерде диета мен физикалық жүктемелер режиміне қосымша ретінде біріктірілімде. Инсулинмен және метформинмен емдеу тиімділігі жеткіліксіз пациенттерде гликемия деңгейін бақылауды жақсарту үшін диета мен дене жүктемелері режиміне қосымша ретінде инсулинмен біріктірілімде (үш препараттың біріктірілімі).
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жедел метаболизмдік ацидоздың түрлері (мысалы, лактоацидоз, диабеттік кетоацидоз) - диабеттік прекома - бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр ағымы (ШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2) - бүйрек функциясына әсер ететін жіті жағдайлар (дегидратация, ауыр инфекция, шок, құрамында йод бар контрастты заттарды тамыр ішіне енгізу) - тіндік гипоксияға әкелуі мүмкін жедел және созылмалы аурулар (жүрек функциясының немесе тыныс алудың жеткіліксіздігі, жақында болған миокард инфарктісі, шок) - бауыр функциясының жеткіліксіздігі - жедел алкогольдік улану, алкоголизм
Дозасы
Янумет препаратының дозасын ситаглиптиннің ең жоғары ұсынылған тәуліктік дозасын - 100 мг асырмай, пациенттің ағымдағы емдеу сызбасын, тиімділігі мен төзімділігін ескере отырып, жеке таңдаған жөн.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.