ВОЛЬТАРЕН пластырь трансдермальный 15 мг/сут. №5

7500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Италия
  • Өндіруші: Haleon Germany GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 бұласырдың құрамында белсенді зат – 140 мг натрий диклофенагы қосымша заттар: Бұласырдың негізі: тоқылмаған 100% полиэстер Адгезивтік қабат: - полиакрилатты дисперсия (Eudragit® NE 40 D) - трибутилцитрат - бутилгидроксианизол Қорғаныш қабаты: моно-силиконмен қапталған қағаз
Қолданылуы
Спорттық жарақаттар сияқты бітеу жарақаттан кейін аяқ-қолдың қатты созылуы, шығып кетуі немесе соғылулар кезінде ауырсынуды жергілікті симптоматикалық және қысқа мерзімді емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- белсенді затқа немесе 6.1-бөлімде көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық; - ацетилсалицил қышқылына немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес препараттарға (ҚҚСП) жоғары сезімталдық; - анамнезінде ацетилсалицил қышқылынан немесе қабынуға қарсы басқа стероидты емес препараттардан (ҚҚСП) туындаған демікпе, тері бөртпесі немесе жедел ринит ұстамаларының болуы; - өршу сатысындағы ойық жара ауруы; - терінің кез-келген түрінің зақымдануы: экссудативті дерматит, экзема, инфекция жұққан жарақаттар, күйіктер немесе жаралар; - жүктіліктің үшінші триместрі; - 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер, жасөспірімдер және 16 жастан асқан балалар: 1 бұласыр ауыратын аймақтың терісіне күніне 1 рет жабыстырылады. Бір тәулік ішінде бірнеше аймақты емдеу қажет болса да, тек 1 бұласырды қолдануға рұқсат етіледі. Осыған байланысты бір уақыт аралығында тек бір ауырған аймақты емдеуге болады. 16 жасқа дейінгі балалар Вольтарен бұласырдың қауіпсіздігі мен тиімділігі 16 жасқа дейінгі балаларда қазіргі уақытта анықталмаған. 65 жастан асқан пациенттер Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік дозаны - сақтықпен қолдануға болады. Бауыр және бүйрек функциясының  бұзылуы бар пациенттер Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік дозаны - сақтықпен қолдануға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.