+125 бонус

ВОЛЬТАРЕН 75 мг 3 мл №5 амп

2500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Словения
  • Өндіруші: НОВАРТИС
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың ішінде белсенді зат - натрий диклофенагы, 75 мг қосымша заттар: пропиленгликоль, бензил спирті, маннитол, натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Бұлшықет ішіне енгізу - ревматизмнің қабыну және дегенеративті түрлерінің өршуі: ревматоидты артрит, анкилозды спондилит, остеоартрит, спондилоартрит, омыртқа ауруларындағы ауырсыну синдромы, буыннан тыс ревматизм - подаграның жедел ұстамалары - бүйрек немесе бауыр шаншуы - жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауырсыну синдромы, қабыну және ісіну - бас сақинасы ауыр ұстамалары Вена ішіне инфузия - стационар жағдайында операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу немесе профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезінде бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну, есекжем, жедел ринит, мұрын полиптері немесе ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қабылдағаннан кейін аллергияны еске салатын симптомдардың болуы   - жүктіліктің үшінші триместрі («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз). - асқазанның және/немесе он екі елі ішектің жедел ойық жаралары, асқазан-ішектен қан кету немесе перфорация - ішектің қабыну ауруы (мысалы, Крон ауруы немесе ойық жаралы колит) - бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью бойынша С класы) (бауыр циррозы және асцит) - бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <15 мл/мин/1,73м2) - ауыр жүрек жеткіліксіздігі (NYHA бойынша III-IV функционалдық класы) - операциядан кейінгі қан кету қаупі жоғары, антикоагулянттарды қабылдайтын, аяқталмаған гемостаз, гемопоэз бұзылулары немесе цереброваскулярлық қан құйылулар бар пациенттер - коронарлық шунттаудан кейін операциядан кейінгі ауыруды емдеу (немесе жасанды қанайналым аппаратын қолдану) - 14 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Жалпы ұсыным аясында препараттың дозасы жекелей таңдалуы керек. Жағымсыз әсерлердің даму қаупін симптомдарды бақылау үшін қажетті ең аз қысқа мерзім ішінде ең аз тиімді дозаны қолдану арқылы барынша азайтуға болады. Қалыпты доза Бұлшықет ішіне енгізу Инъекция орнында жүйкелерге немесе басқа тіндерге зақым келтірмеу үшін (бұлшықет әлсіздігіне, бұлшықеттің салдануына, гипестезияға және тері тамырларының дәрілік эмболиясына (Николау синдромы) әкелуі мүмкін) бұлшықет ішіне инъекция жасағанда мынадай ережелерді сақтау ұсынылады. Әдетте, доза тәулігіне 75 мг бір ампуланы құрайды, оның ішіндегісін асептиканың барлық ережелерін сақтай отырып, жоғарғы сыртқы квадрант аймағына бөксе бұлшықетіне терең инъекция жолымен енгізеді. Ауыр жағдайларда (мысалы, шаншу кезінде) тәуліктік дозаны ерекше жағдайларда бірнеше сағат аралықпен енгізе отырып (әр бөксеге бір инъекциядан) 75 мг-ден екі ампулаға дейін арттыруға болады. Балама ретінде 75 мг препараттың бір инъекциясын Вольтарен препаратының басқа дәрілік түрлерін қабылдаумен біріктіруге болады (мысалы, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар, суппозиторийлер), бұл ретте жалпы тәуліктік ең жоғары доза 150 мг құрайды. Бас сақинасы ұстамалары кезінде клиникалық тәжірибе ең қысқа мерзімде, қажет болған жағдайда сол күні 75 мг суппозиторийлерді қолданғаннан кейін бір ампуланы 75 мг қолданумен шектеледі. Бірінші күні жалпы доза 150 мг аспауы тиіс. Вольтарен препаратын бас сақинасы ұстамаларын емдеу үшін бір күннен артық қолдану жөнінде деректер жоқ. Егер емді келесі күндері жалғастыру талап етілсе, ең жоғары тәуліктік доза 150 мг-мен (суппозиторийлер түрінде енгізілетін бірнеше дозаларға бөлумен) шектелуі тиіс. Вена ішіне инфузия Вольтарен препаратын вена ішіне болюсті инъекция түрінде енгізуге болмайды. Тікелей вена ішіне инфузия алдында Вольтарен препараты ампуласының ішіндегісін 0,9% физиологиялық ерітіндімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен, буферленген натрий бикарбонатымен (барлық жағдайларда) сұйылту қажет. Вольтарен препаратын енгізудің екі балама сызбасы ұсынылады. Операциядан кейінгі орташа немесе ауыр ауырсынуды емдеу үшін 30 минуттан 2 сағатқа дейінгі кезең ішінде 75 мг үздіксіз инфузия арқылы енгізу керек. Қажет болса, емдеуді бірнеше сағаттан кейін қайталауға болады, бірақ жалпы доза 24 сағат ішінде 150 мг аспауы керек. Операциядан кейінгі ауырсынудың профилактикасы үшін хирургиялық араласудан кейін 15 мин - 1 сағаттан кейін 25-50 мг жүктеме дозасын енгізу керек, содан кейін максималды тәуліктік 150 мг дозаға дейін шамамен 5 мг/сағ жылдамдықпен үздіксіз инфузияны қолдану қажет. Енгізу әдісі мен жолы Вольтарен, инъекцияға арналған ерітінді препаратын не бөксе бұлшықетіне жоғарғы сыртқы квадрант аймағына терең б/і инъекция жолымен немесе сұйылтылғаннан кейін баяу в/і инфузия арқылы келесі нұсқаулықтарға сәйкес енгізуге болады. Әрбір ампула тек бір рет қолдануға арналған. Вольтарен препаратын ампуланы ашқаннан кейін бірден енгізу керек. Барлық пайдаланылмаған препарат утилизациялануы тиіс. Инфузияның болжамды ұзақтығына байланысты 100-500 мл немесе изотоникалық физиологиялық ерітіндіні (0,9% натрий хлориді) немесе 5% глюкоза ерітіндісін пайдалану керек. Қандай ерітінді қолданылатынына қарамастан, оны алдымен инъекцияға арналған натрий бикарбонатының ерітіндісімен (0,5 мл 8,4 % ерітінді, 1 мл 4,2 % ерітінді немесе басқа концентрациясы бар ерітіндінің тиісті көлемімен) араластыру керек. Вольтарен препараты бір ампуласының ішіндегісін осы ерітіндіге қосыңыз. Тек мөлдір ерітінділерді пайдалана аласыз. Кристалдар немесе преципитаттар болған кезде ерітіндіні пайдалануға болмайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Қолданылмайды Емдеу ұзақтығы Вольтарен, инъекцияға арналған ерітінді препаратын 2 күннен артық қолдануға болмайды; қажет болған жағдайда емдеуді Вольтарен препаратының көмегімен, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалармен немесе суппозиторийлермен жалғастыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.