+70 бонус

ВОЛЬТАРЕН 50 мг №20 таб Диклофенак

1400 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Турция
  • Өндіруші: Новартис Фарма АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат- 50 мг натрий диклофенагы; қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, натрий крахмалы гликоляты (А типі), микрокристалды целлюлоза (Avicel РН 102), сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (Aerosil 200), повидон К30, магний стеараты, қабықтың құрамы: гипромеллоза, тальк, темірдің сары тотығы (Е172), титанның қостотығы (Е171), макроголглицерол гидроксистеараты (полиоксилденген 40 гидрогенизделген майсана майы) (Cremophor RH 40), темірдің қызыл тотығы 17266 (Е 172), метакрил қышқылы сополимері 30% дисперсиясы - этилакрилат (1:1) / метакрил  қышқылы сополимері (Eudragit L 30 D-55), макрогол 8000 (полиэтиленгликоль 8000), көбікті жоятын силиконды эмульсия SE2.
Қолданылуы
Вольтарен ересектер мен 14 жастан асқан балаларда қолдануға арналған ревматизмдік аурулардың қабыну және дегенеративті түрлері: ревматоидты артрит, ювенильдік ревматоидты артрит, остеоартрит, спондилоартрит, анкилозды спондилит (Бехтерев ауруы), ревматизмдік омыртқа аурулары кезіндегі ауырсыну синдромдары подаграның жедел ұстамалары жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ауырсыну синдромдары ауырсыну синдромымен және қабынумен бірге жүретін гинекологиялық аурулар (мысалы, бастапқы дисменорея және аднексит) айқын ауырсыну синдромымен (мысалы, фарингит, тонзиллит, отит) өтетін құлақтың, тамақтың және мұрынның ауыр қабынбалы аурулары кезінде кешенді терапияның құрамында
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық асқазанның және/немесе он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы, қан кету немесе тесілуі ішектің қабыну аурулары (мысалы, Крон ауруы немесе ойық жаралы колит) жүктілік және бала емізу кезеңі бауыр жеткіліксіздігі (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы, бауыр циррозы және асцит) бүйрек жеткіліксіздігі (ШСЖ <15 мл/мин/1.73м2) жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігі (NYHA III-IV бойынша ФК) анамнезінде ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қолданумен байланысты демікпе ұстамаларының, ангионевроздық ісінудің, есекжемнің, жедел риниттің болуы қан түзу жүйесінің аурулары коронарлық шунттау операциясынан немесе жасанды қан айналдыру аппаратын қолданудан кейін операциядан кейінгі ауырсынуды емдеу 14 жасқа дейінгі балалар тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Жалпы ұсыным шеңберінде препарат дозасы жекелей тағайындалуы тиіс. Жағымсыз әсерлері симптомдарды бақылау үшін талап етілетін ең аз кезең ішінде ең төмен тиімді дозаны қолдану арқылы барынша азайтылуы мүмкін. Ересектер Ұсынылатын бастапқы доза - тәулігіне 100-150 мг. Аурудың салыстырмалы түрде жеңіл жағдайларында, сондай- ақ ұзақ емдеу үшін 75-100 мг тәуліктік доза жеткілікті. Тәуліктік дозаны 2 – 3 қабылдауға бөлу керек. Бастапқы дисменореяда тәуліктік дозаны жеке таңдайды; әдетте ол 50-150 мг құрайды. Бастапқы доза 50-100 мг құрауы тиіс; қажет болған жағдайда бірнеше етеккір циклі ішінде оны тәулігіне 150 мг дейін арттыруға болады. Препаратты қабылдауды алғашқы симптомдар пайда болғанда бастау керек. Клиникалық симптомдардың динамикасына байланысты емдеуді бірнеше күн бойы жалғастыруға болады. Енгізу әдісі және жолы Таблеткаларды сумен ішіп, жұту керек; оларды бөліктерге бөлуге немесе шайнауға болмайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Тамақ ішкенге дейін Емдеу ұзақтығы Емдеуші дәрігер анықтайды

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.