+91 бонус

ВОЛЬТАРЕН 1% 50 г эмульгель

1820 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диклофенак
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: Haleon CH SARL
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
100 г препараттың құрамында белсенді зат - 1,16 г диклофенак диэтиламині (1,00 г диклофенак натрийіне баламалы) қосымша заттар: карбомерлер (карбопол 974 Р), макрогол цетостеарил эфирі (цетомакрогол 1000), кокоил каприлокапраты (цетиол ЛС), диэтиламин, изопропил спирті, сұйық парафин, минерал майы (сұйық ауыр парафин), хош иісті крем 45, пропиленгликоль (1,2-пропиленгликоль дистилденген), тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу: - тері жабындарының бүтіндігі бұзылуынсыз сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (соның ішінде спортпен айналысқанда болатын) зақымдануларында (соғылулар, созылулар, шығып кетулер), спорттық жаттығулардан немесе жазатайым оқиғадан туындаған арқадағы созылулардан және ауырсынудан - ревматизмнің оқшауланған түрлерінде: тендинит («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтер, периартриттер - теріге жақын орналасқан шеткері буындардың остеоартрозы кезінде (мысалы, тізе немесе саусақтар).
Қарсы көрсетілімдер
- диклофенакқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қолданған кезде бронх демікпесі ұстамаларының, ангионевроздық ісінудің, есекжемнің немесе жедел риниттердің туындауына бейімділік (мысалы, ибупрофен) - жүктіліктің 3 триместрі - 12 жасқа дейінгі балалар
Дозасы
Сыртқа. Ересектерге, жасөспірімдерге және 12 жастан асқан балаларға дененің ауырған бөліктеріне теріге жеңіл ысқылай отырып күніне 3-4 рет.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.