+52 бонус

ВИЗОПТИН 0,05% 15 мл гл капли

1050 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Тетризолин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл препараттың құрамында белсенді зат - 0.50 мг тетризолин гидрохлориді; қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетраборатының декагидраты, динатрий эдетатының дигидраты, бензалконий хлориді, тазартылған су.
Қолданылуы
Ересектер мен 8 жастағы және одан асқан балалар: - аллергия кезінде пайда болатын немесе химиялық және физикалық факторлардың (түтін, шаң, хлорланған су, жарық, косметикалық заттар, жанаспалы линзалар) әсерінен болатын конъюнктива ісінуі мен гиперемиясын (көздің қызаруы) басу үшін.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе «Дәрілік препараттың құрамы» бөлімде тізбеленген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық жабық бұрышты глаукома жұмсақ жанаспалы линзаларды кию кезіндегі инстилляция 8 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Күніне 2 рет 1 тамшыдан, күніне 4 рет 2 тамшыдан асырмай. Симптомдар басылғаннан кейін Визоптин препаратымен емді жалғастыруға болмайды. Енгізу әдісі мен жолы Жергілікті. Офтальмологиялық қолдану үшін. Қолдану жөніндегі нұсқаулық: 1 сурет       2 сурет               3 сурет Қолыңызды жуыңыз және отырып немесе тұрып ыңғайлы қалыпта болыңыз. Құтының қақпағын сағат тіліне қарсы бұрап ашыңыз, оны таза беткейге қойыңыз және құтыны төңкеріңіз. Қақпақты тастамаңыз. 1 суретте көрсетілгендей, зақымданған көздің төменгі қабағын саусақтарыңызбен ақырын төмен қарай тартыңыз. Құтының ұшын көзге жақын әкеліңіз, құтының ұшын қандай да бір беткейге тигізбеңіз. 2 суретте көрсетілгендей көзге бір тамшыны тамызу үшін құтыны ақырын қысыңыз. Төменгі қабақты жіберіңіз және көзіңізді ақырын жабыңыз. Қабағыңызды жабыңыз және 3 суретте көрсетілгендей көздің ішкі бұрышы аймағын аздап басыңыз (мұрын-көз жасы окклюзиясы). Бұл белсенді заттардың жүйелік қан ағымына түсуін азайтуға көмектеседі, препараттың жергілікті тиімділік әсеріне ықпал етеді және жүйелік жағымсыз реакциялардың пайда болу ықтималдығын азайтады. Қажет болса, процедураны екінші көзге қайталаңыз. Қолданғаннан кейін құтының қақпағын бұраңыз. Емдеу ұзақтығы Препаратты симптомдар жойылғанға дейін қолдану керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.