+12117 бонус

Визкью рас-р 120мг/мл №1

9:00-ден кейін қолжетімді
242350 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Бролуцизумаб
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Швейцария
  • Өндіруші: Новартис Фарма Штейн,
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының (0,23 мл) ішінде белсенді зат - бролуцизумаб, 27,6 мг. Осылайша, құрамында 6 мг бролуцизумаб бар 0,05 мл ерітіндінің бір реттік дозасын жеткізу үшін қажетті мөлшері қамтамасыз етіледі. қосымша заттар – сахароза, натрий цитраты, полисорбат 80, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Визкью препараты ересек пациенттерде төмендегіні емдеу үшін көрсетілген: жасқа байланысты макулярлы дегенерацияның (ЖМД) неоваскулярлы (экссудативті) формасы; диабеттік макулярлы ісінуден (ДМІ) туындаған көру бұзылулары.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - көздің расталған немесе болжамды инфекциялары немесе периокулярлы орналасқан инфекциялық үдерістер - белсенді сатыда көзішілік қабынуы бар пациенттер
Дозасы
Экссудативті ЖМД Емдеудің басталуы-жүктеме доза Ұсынылған доза 6 мг бролуцизумабты құрайды (0,05 мл ерітінді), алғашқы үш доза үшін әр 4 апта (ай сайын) шыны тәрізді денеге инъекцияны салу арқылы енгізіледі. Аурудың белсенділігін бағалау ем басталғаннан кейін 16 аптадан (4 ай) кейін жүргізілуі тиіс. Балама ретінде бролуцизумабты (0,05 мл ерітінді) алғашқы екі доза үшін әр 6 апта сайын 6 мг енгізуге болады. Аурудың белсенділігін бағалауды ем басталғаннан кейін 12 аптадан (3 ай) кейін жүргізу болжанады. 12 аптада көру жітілігін және (немесе) анатомиялық параметрлерді бағалау нәтижелері бойынша аурудың белсенділігіне қарай үшінші доза енгізілуі мүмкін. Демеуші терапия Соңғы жүктеме дозасынан кейін дәрігер көру жітілігін және (немесе) анатомиялық параметрлерді бағалау нәтижелері бойынша аурудың белсенділігіне қарай емдеу аралықтарын жеке-даралай алады. Ауру белсенділігі жоқ пациенттерде емдеуді әр 12 апта сайын (3 ай) қарастырған жөн. Ауру белсенділігі бар пациенттерде емдеуді әр 8 апта сайын (2 ай) қарастырған жөн. Егер дәрігер көру және анатомиялық параметрлерді бағалау негізінде жүргізіліп жатқан емнің жақсаруының жоқтығын анықтаса, Визкью препаратымен терапияны тоқтату керек. ДМІ Ұсынылған доза 6 мг бролуцизумабты (0,05 мл ерітінді) құрайды, алғашқы бес доза үшін әр 6 апта сайын шыны тәрізді денеге инъекция салу арқылы енгізіледі. Кейіннен дәрігер көру жітілігін және (немесе) анатомиялық параметрлерді бағалауға сәйкес аурудың белсенділігі көріністеріне қарай емдеу аралықтарын жеке-даралай алады. Ауру белсенділігі жоқ пациенттерде емдеуді әр 12 апта сайын (3 ай) қарастырған жөн. Ауру белсенділігі бар пациенттерде емдеуді әр 8 апта сайын (2 ай) қарастырған жөн. 12 ай емдеуден кейін аурудың белсенділігі жоқ пациенттерде емдеу аралықтарын 16 аптаға дейін (4 ай) қарастыру керек. Егер дәрігер көру және анатомиялық параметрлерді бағалау негізінде жүргізіліп жатқан емнің жақсаруының болмай жатқанын анықтаса, Визкью препаратымен терапияны тоқтату керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.