+819 бонус

ВИЗАННА 2 мг №28 таб

16390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Диеногест
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Байер АГ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 2 мг микрондалған диеногест бар, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон К25, тальк, кросповидон, магний стеараты
Қолданылуы
- эндометриозды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
Төмендегі, бір бөлігі құрамында тек гестагенді компоненті бар басқа препараттар туралы қолда бар ақпараттың негізінде атап келтірілген аталған жағдайлардың кез келгені бар болса, Визанна® препаратын қолдануға болмайды. Егер осы жағдайлардың қандай да біреуі Визанна® қабылдау аясында дамитын болса, препаратты қолдануды дереу тоқтату керек. - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - белсенді веналық тромбоэмболиялық бұзылулар - қазіргі кездегі немесе бұрын болған жүрек және артериялар аурулары (мысалы, миокард инфарктісі, цереброваскулярлық бұзылулар, жүректің ишемиялық ауруы) - қантамырлық асқынулары бар қант диабеті - қазіргі кездегі немесе бұрын болған бауырдың ауыр аурулары, бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келгенше - қазіргі кездегі немесе бұрын болған бауыр ісіктері (қатерлі және қатерсіз) - жыныс стероидтарына тәуелді анықталған немесе күдік тудыратын қатерлі ісіктер - генезі түсініксіз қынаптық қан кетулер - галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Тәулігіне бір таблеткадан, дұрысы әр күні белгілі бір уақытта, қажет болса сұйықтықпен іше отырып үзіліссіз қабылдайды. Таблеткаларды қынаптан қан кетуіне қарамастан, үздіксіз қабылдау қажет. Бір қаптаманы аяқтағаннан кейін келесі қаптамасын қабылдауды таблеткаларды қабылдаудағы үзіліссіз бастайды. Емді етеккір оралымының кез келген күнінде бастауға болады. Визанна® препаратымен емдеуді бастар алдында кез келген гормональді контрацептивтер қабылдауды тоқтату керек. Контрацепция қажет болған жағдайда, контрацепцияның гормональді емес әдістерін (мысалы, бөгеттік әдісті) пайдалану керек. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Визанна® препаратын менархе басталмаған қыздарға тағайындауға болмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы егде жастағы пациенттерге қолданудың сәйкесінше көрсетілімі жоқ. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Визанна® препаратын бауырдың бұрын болған және қазіргі кездегі ауыр ауырулары кезінде қолдануға болмайды. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозаны түзету қажеттілігін көрсететін деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблеткаларды қабылдауды етеккір оралымының кез келген күні бастауға болады. Бір немесе бірнеше таблеткасын қабылдауды өткізіп алған жағдайда, әйел есіне түскен бойда тек бір таблеткасын қабылдауы, сондан соң келесі күні таблеткаларды қабылдауды әдеттегі уақытында жалғастыруы тиіс. Визанна® препаратының тиімділігі таблеткаларды өткізіп алған кезде, құсу және/немесе диарея кезінде (егер бұл таблеткаларды қабылдағаннан кейінгі 3-4 сағат аралығында болса) төмендеуі мүмкін. Құсудың немесе диареяның салдарынан сіңірілмеген таблетканың орнын қосымша бір таблеткасын қабылдау арқылы толтыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.