+132 бонус

ВИВАКОР 10/20 №28 таб Амлодипин/Лизиноприл

2650 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Лизиноприл и амлодипин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Казахстан
  • Өндіруші: Вива Фарм ТОО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: амлодипин бесилаты 6.94 мг немесе 13.88 мг (5 мг немесе 10 мг амлодипин құрғақ затқа шаққанда), лизиноприл дигидраты 5.44 мг, 10.88 мг немесе 21.76 мг (5 мг, 10 мг немесе 20 мг лизиноприл құрғақ затқа шаққанда), қосымша заттар: старлак (85% лактоза моногидраты қоспасы және 15% жүгері крахмалы), натрий крахмалы гликоляты, аэросил, магний стеараты.
Қолданылуы
ересектердегі эссенциальді артериялық гипертензия көрсетілген дозаларда лизиноприл мен амлодипинді бір мезгілде қабылдау аясында артериялық қысымды талапқа сай бақылайтын ересек пациенттерде орын басу емі ретінде
Қарсы көрсетілімдер
Лизиноприлмен байланысты: лизиноприлге немесе ангиотензин өзгертуші ферменттің (AӨФ)кез келген басқа тежегішіне жоғары сезімталдық АӨФ тежегіштерімен алдыңғы емдеуге байланысты анамнездегі ангионевроздық ісіну тұқым қуалайтын немесе идиопатиялық ангионевроздық ісіну жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрі ВиваКор® препаратын қант диабетімен ауыратын пациенттерде немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2) алискирен препараттарымен бір мезгілде қабылдауға болмайды ангионевроздық ісінудің даму қаупіне байланысты бейтарап эндопептидаза тежегіштерімен (мысалы, құрамында сакубитрил бар препараттармен) бір мезгілде қолдану. Амлодипинмен байланысты: амлодипинге немесе дигидропиридиннің кез келген басқа туындысына жоғары сезімталдық айқын артериялық гипотензия шок (соның ішінде кардиогендік шок) сол жақ қарыншадан шығатын жолдың обструкциясы (аортальді стеноздың ауыр дәрежесі) жедел миокард инфарктісінен кейінгі гемодинамикалық тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігі. ВиваКор® препаратымен байланысты: Жекелеген компоненттерді қолдануға байланысты жоғарыда көрсетілген барлық қарсы көрсетілімдер біріктірілген ВиваКор препаратына да қатысты. қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық 18 жасқа дейін бала емізу кезеңі
Дозасы
Ұсынылатын доза - тәулігіне бір таблетка. Ең жоғары тәуліктік доза - бір таблетка. Әдетте, белгіленген дозалары бар біріктірілген препараттар бастапқы емге жарамайды. ВиваКор® препараты лизиноприл мен амлодипиннің таңдалған оңтайлы демеуші дозалары 5 мг және 5 мг/5 мг ВиваКор® препараты жағдайында 5 мг, 5 мг/10 мг ВиваКор® препараты жағдайында 5 мг және 10 мг/20 мг және ВиваКор® препараты жағдайында 10 мг/20 мг құрайтын пациенттерге ғана көрсетіледі. Дозаны түзету қажет болған жағдайда жеке компоненттердің дозасын таңдаудың мақсатқа сәйкестігін қарастыруға болады. Пациенттердің ерекше топтары Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оңтайлы бастапқы дозаны және демеуші дозаны анықтау үшін дозаларды таңдауды препараттың жекелеген компоненттері – лизиноприл және амлодипинді пайдалана отырып, жеке тәртіппен жүргізу керек. ВиваКор® препаратымен емдеу кезінде бүйрек функциясын, қан сарысуындағы калий мен натрийдің мөлшерін бақылап отыру керек. Бүйрек функциясы нашарлаған жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, оны тиісті түрде таңдалған жеке компоненттермен ауыстыру керек. Амлодипин диализ арқылы шығарылмайды. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердегі дозаларға қатысты ұсыныстар әлі әзірленбеген, сондықтан мұндай пациенттерге дозалар таңдауды сақтықпен жүргізу және дозалау диапазонында ең төменгі дозадан бастау керек. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде оңтайлы бастапқы дозаны және демеуші дозаны анықтау үшін дозаларды таңдау лизиноприл мен амлодипиннің еркін біріктірілімін пайдалана отырып, жеке тәртіпте жүргізілуі керек. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігіндегі амлодипиннің фармакокинетикасы зерттелмеген. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амлодипин қолдануды ең төменгі дозадан бастап, дозаны баяу титрлеу керек. Егде жастағы пациенттер (>65 жас) Егде жастағы пациенттерде препаратты сақтықпен қолданған жөн. Клиникалық зерттеулерде амлодипин мен лизиноприлдің тиімділік немесе қауіпсіздік бейінінің жасына байланысты өзгерістері анықталмаған. Егде жастағы пациенттерде оңтайлы демеуші дозаны анықтау үшін дозаны таңдау лизиноприл мен амлодипиннің еркін біріктірілімін пайдалана отырып, жеке жүргізілуі тиіс. Балалар ( 18 жаста) 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде периндоприлдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін. Тамақтану сіңіруге әсер етпейтіндіктен, ВиваКор® препаратын тамақтануға байланыссыз, яғни оған дейін, тамақтану кезінде немесе одан кейін қабылдауға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.