+153 бонус

ВИВАЙРА 50 мг №4 таб

3065 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: ГРЕЦИЯ
  • Өндіруші: БЕЛУПО, лекарства и косметика д.д.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Шайнайтын бір таблетканың құрамында белсенді зат - 70.24 және 140.48 мг силденафил цитраты (50 мг және 100 мг силденафилге баламалы) қосымша заттар: калий полакрилині, тазартылған су, калий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, аспартам, натрий кроскармеллозасы, жалбыз хош иістендіргіші, лактоза моногидраты, повидон K-30.
Қолданылуы
ВИВАЙРА, шайнайтын таблеткалар, 50 мг және 100 мг, қанағаттанарлық сексуалдық белсенділік үшін жыныс мүшесінің жеткілікті эрекциясына жетуге немесе оны сақтауға қабілетсіздікпен сипатталатын эректильді дисфункциясы бар ересек ерлерде қолданылады. Препарат тек сексуалдық стимуляция болғанда ғана тиімді.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - азот тотығының донаторларымен (амилнитрит сияқты) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қабылдау - ритонавирмен бір мезгілде қабылдау - сексуалдық белсенділіктен бас тарту ұсынылған ерлерге (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі сияқты ауыр жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерге) - осы көрініс алдыңғы ФДЭ-5 тежегішін қабылдаумен байланысты ма әлде жоқ па, оған қарамастан, генезі артериялық емес көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық нейропатиясы (NAION) салдарынан бір көзі көрмей қалған ерлерге - ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі - артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.) - таяудағы инсульт немесе миокард инфарктісінің тарихы - пигментті ретинит (retinitis pigmentosa) сияқты торқабықтың тұқым қуалайтын дегенерациялық зақымдануларының болуы (осы пациенттердің шағын бөлігінде торқабық фосфодиэстеразасының генетикалық бұзылулары болады) - гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қолдану - сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы кінәраттары, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар ерлерге - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - әйелдер
Дозасы
Ұсынылатын доза 50  мг құрайды және, қажет болса, сексуалдық белсенділікке дейін шамамен бір сағат бұрын қабылданады. Тиімділігі мен жағымдылығына қарай, қажет болса, дозаны 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін төмендетуге болады. Ең жоғары ұсынылатын доза 100 мг құрайды. Пациенттердің арнайы топтары Балалар Силденафил 18 жасқа толмаған адамдарда қолдануға арналмаған. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы (≥ 65 жас) пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Силденафил клиренсі бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде (мысалы, циррозда) төмен болғандықтан, 25  мг дозаны қарастыру ұсынылады. Тиімділігі мен жағымдылығына байланысты, қажет болса, дозаны 50 мг және 100 мг дейін біртіндеп арттыруға болады. Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) ұсынылған дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) силденафил клиренсінің төмендеуіне орай, 25 мг дозаны қарау ұсынылады. Тиімділігі мен жағымдылығына байланысты, қажет болса, дозаны 50 мг және 100 мг дейін біртіндеп арттыруға болады. Басқа препараттар қабылдайтын пациенттерде пайдалану Силденафилмен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді болатын ритонавирді қоспағанда, силденафилдің бастапқы дозасын CYP3A4 тежегіштерімен қатарлас ем қабылдайтын пациенттер үшін 25 мг дейін азайту ұсынылады. Постуральді гипотензияның даму мүмкіндігін азайту үшін альфа-адреноблокаторлар қабылдайтын пациенттерде силденафилді гемодинамиканың тұрақтануына жетуден кейін ғана қабылдауды бастау керек. Бұдан бөлек, силденафилдің бастапқы дозасын 25 мг дейін азайту ұсынылады. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.