+19 бонус

ВИТАМИН В12 500 мкг 1мл №10 амп

390 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цианокобаламин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: Борисовский завод мед. препаратов РУП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір ампуланың (1 мл) ішінде: белсенді зат - цианокобаламин 500 мкг; қосымша заттар: натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
цианокобаламиннің тапшылығымен жүретін (Аддисон-Бирмер ауруы, алиментарлы макроцитарлы анемия) созылмалы анемияда Кешенді ем құрамында полиневрит, радикулит, невралгия (оның ішінде үштік жүйкенің невралгиясы), гипотрофия, шеткері жүйкелердің жарақаттары тері аурулары (псориаз, фотодерматоз, герпес тәрізді дерматит, атопиялық дерматит) Профилактика мақсатында жоғары дозаларда бигуанидтерді, парааминосалицил қышқылын, аскорбин қышқылын тағайындағанда, цианокобаламиннің сіңуінің бұзылуымен асқазан мен ішек патологиясында (асқазан бөлігінің, аш ішектің резекциясы, Крон ауруы, целиакия, мальабсорбция синдромы, спру), ұйқы безі мен ішектің қатерлі түзілімдерінде
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық тромбоэмболия, тромбтардың түзілуіне бейімділік эритремия, эритроцитоз жүктілік (жоғары дозаларда В тобының дәрумендерінің болжамды тератогенді әсері туралы жекелеген нұсқаулар бар), лактация кезеңі 3 жасқа дейінгі балалар (аталған дәрілік түрі үшін) Лебер ауруы, никотиндік амблиопия (көру жүйкесінің нейродегенеративті зақымдануы қаупін күшейтеді) ширығу стенокардиясы ФК III қатерсіз немесе қатерлі жаңа түзілімдер (мегалобласттық анемия және В12 дәрумені тапшылығымен қатар жүретін жағдайларды қоспағанда)
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Ересектер Тері астына Аддисон-Бирмер анемиясында - тәулігіне 100–200 мкг (0,2–0,4 мл) күнара; фуникулярлы миелозда, жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен макроцитарлық анемияда - тәулігіне 400–500 мкг (0,8–1 мл) бірінші аптада - күн сайын, содан кейін енгізу аралығындағы 5–7 күнге дейін интервалмен (бір мезгілде фолий қышқылын тағайындайды); ремиссия кезінде демеуші доза тәулігіне 100 мкг (0,2 мл) айына 2 рет, неврологиялық құбылыстар болған кезде - 200 - 400 мкг-ден (0,4–0,8 мл) айына 2–4 рет. Орталық және шеткергі жүйке жүйесінің ауруларында, ауыру синдромымен неврологиялық ауруларда жоғарылап отыратын дозада енгізеді Ересектерге - тәулігіне 200–500 мкг (0,4–1 мл) ауыру синдромын басқанға дейін, содан кейін тәулігіне 100 мкг 2 апта бойы. Шеткері жүйке жүйесінің жарақаттық зақымдануында – 200–400 мкг күнара 40–45 күн бойы. Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне Цианокобаламиннің тапшылығын толтыру үшін енгізеді: емдеу үшін 1 мг-ден (2 мл) күн сайын 1-2 апта бойы, демеуші доза 1–2 мг (2-4 мл) аптасына 1 реттен айына 1 ретке дейін; алдын алу үшін - 1 мг (2 мл) айына 1 рет. Емдеу ұзақтығы жекелей анықталады. Балалар 500 мкг/мл дәрілік түрін 3 жастан асқан балаларға қолданады. Дозалары және қолдану режимі патологияға байланысты және тәулігіне 30 мкг-ден 100 мкг дейінгі шекте ауытқиды. Теріастына 1 мкг/кг дозада енгізеді, ең жоғары тәуліктік доза - 100 мкг (0,2 мл). Алиментарлық анемияда балаларға препаратты 3-тен 4 жасқа дейін 15–50 мкг-ден (0,1 мл), 4 жастан асқанда 50–100 мкг-ден (0,1 мл – 0,2 мл), күн сайын, 15 күн бойы немесе клинико-гематологиялық жақсару болғанша тағайындайды. Дистрофиялық жай-күй кезінде ұзақ уақыт ауырғаннан кейін тері астына күнара 15–30 мкг.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.