+133 бонус

Вирупринол сироп 50 мг/мл

2660 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Инозин Пранобекс
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Болгария
  • Өндіруші: ДАНСОН-БГ ООД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
1 мл шәрбаттың құрамында белсенді зат - инозин ацедобен димепранолы, 50,00 мг, қосымша заттар: сахароза, глицерин, метилпарагидроксибензоат, натрий цитраты, құлпынай хош иістендіргіш ұнтағы**, тазартылған су. ** Құлпынай хош иістендіргіш ұнтағының құрамы, пайызбен (массасы бойынша):
Қолданылуы
ВИРУПРИНОЛ шәрбаты, 50 мг/мл препараты 1 жастан асқан пациенттерге мынадай көрсетілімдер бойынша қолдануға арналған: иммунитеті бұзылған пациенттерге жоғарғы тыныс жолдарының қайталанатын инфекциялары болғанда қосымша ем ретінде I немесе II типті Herpes simplex вирусы, сондай-ақ Varicella zoster вирусы (желшешек және белдемелі теміреткі вирусы) туындатқан тері және шырышты қабық инфекциялары басқа вирустық инфекциялары (мысалы, жеделге жуық склерозданатын панэнцефалит)
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық подаграның жедел ұстамасы, немесе қанда несеп қышқылының жоғары концентрациясы несептас ауруы жүктілік және лактация кезеңі (қолдану тәжірибесінің жоқ болуына байланысты) 1 жасқа дейінгі және салмағы ≤ 10 кг балаларға
Дозасы
Препарат дозасы пациенттің дене салмағы мен аурудың ауырлығына байланысты анықталады. Тәуліктік дозаны бір реттік бірнеше теңдей дозаға бөліп, бірдей уақыт аралығымен күні бойы қабылдау керек. Емдеу ұзақтығы, әдетте 5-14 күн болады. Ауру симптомдары азайғаннан кейін 1-2 күн бойы препарат қабылдауды жалғастырған жөн. 5-14 күн ішінде әсері болмаса, дәрігердің кеңесі қажет. ВИРУПРИНОЛ шәрбатының 1 мл препаратында 50 мг инозин ацедобен димепранолы бар. Ересектер мен егде жастағы адамдар ВИРУПРИНОЛ шәрбаты препаратының 1 мл құрамында 50 мг инозин ацедобен димепранолы бар. Ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 50 мг/кг (дене салмағына 1 мл/кг), барлығы әдетте 3-4 дозаға (әдетте тәулігіне 3 рет 20 мл) бөлінген тәулігіне 3 г (яғни, тәулігіне 60 мл шәрбат) құрайды. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 4 г (тәулігіне 80 мл) құрайды. 1 жастан асқан балалар Ұсынылатын тәуліктік доза дене салмағына 50 мг/кг құрайды, әдетте ― дене салмағына 1 мл/кг, 3-4 бірдей дозаға бөлінеді, оны күні бойы төмендегі кестеге сәйкес қабылдау керек: Дене салмағы Дозасы 10 – 14 кг 3 x 5 мл 15 – 20 кг 3 x 5-7,5 мл 21 – 30 кг 3 х 7,5-10 мл 31 – 40 кг 3 х 10-15 мл 41 – 50 кг 3 х 15-17,5 мл Дұрыс дозалау үшін қоса берілген өлшеу шкаласы бар шприцті пайдалану керек. Иммунитеті төмендеген балалар мен жасөспірімдерде Препаратты 10 күн бойы 3 ай қатарынан қабылдаған жөн. Жеделге жуық склерозданатын панэнцефалит: аурудың жедел фазасында препарат дозасы кг дене салмағына 2 мл дейін арттыруға болады (тәулігіне 100 мг/кг, ең жоғарысы тәулігіне 4 г), тұрақты емдегенде пациенттің жай-күйін жүйелі бағалап отыру қажет. Балалар 1 жастан кіші балаларға қолдануға болмайды. Тек ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.