ВИРУПОС 3% гл. мазь

3245 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Ацикловир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: УРСАФАРМ Арцнаймиттель ГмбХ
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір грамм жақпамайдың құрамында белсенді зат – 30 мг ацикловир, қосымша зат – ақ вазелин.
Қолданылуы
Қарапайым герпес вирусынан (herpes simplex) туындаған кератит.
Қарсы көрсетілімдер
Ацикловирге, валацикловирге немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Көзге арналған жақпамайдың ұзындығы 1 см-ге жуық жолағын конъюнктивалық қалтаның төменгі бөлігіне әрбір 4 сағат сайын күніне 5 рет енгізеді. Жаққаннан кейін қабақтарын жауып, жақпамай көздің беткейіне таралатындай етіп көзді айналдыру керек. Кератит жазылғаннан кейін емдеуді кемінде 3 күн бойы жалғастыру керек. Жаққан кезде сықпа ұштығының көзге немесе бет терісіне жанасуын болдырмаған дұрыс. Енгізу әдісі және жолы Көзге арналған жақпамайды әрқашан сықпаның ұштығын көзбен немесе терімен жанастырмай жағу керек. Сықпаның қақпағын ашып, басыңызды сәл артқа еңкейтіп, төменгі қабақты аздап тартыңыз және конъюнктивальді қалтаға көзге арналған жақпамайдың жолағын сықпаға қыса отырып, абайлап енгізіңіз. Содан кейін көзіңізді баяу жабыңыз. Пайдаланғаннан кейін сықпаны мұқият жабыңыз. Егер Сізге Вирупос препаратының әсері тым күшті немесе тым әлсіз болып көрінсе, дәрігеріңізге хабарласыңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.