+192 бонус

ВИЛГЛАД 50 мг №30 таб

3850 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Вилдаглиптин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: CAMBER PHARMA (КАМБЕР ФАРМА)
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат – 50 мг вилдаглиптин қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз лактоза, натрий крахмал гликоляты, магний стеараты.
Қолданылуы
2 типті қант диабеті: монотерапия ретінде диетамен және дене жаттығуларымен біріктірілімде, сондай-ақ метформинмен емге қарсы көрсетілімдері немесе жақпаушылығы бар пациенттерде; екі компонентті біріктірілген ем құрамында: метформинмен монотерапия кезінде ең жоғары жағымды дозасына қарамастан гликемиялық бақылануы жеткіліксіз пациенттерде метформинмен бірге, метформинмен монотерапия кезінде ең жоғары жағымды дозасына қарамастан гликемиялық бақылануы жеткіліксіз пациенттерде және метформинмен емге қарсы көрсетілімдері немесе жақпаушылығы бар пациенттерде сульфонилмочевинамен бірге, гликемиялық бақылануы жеткіліксіз пациенттерде және метформинмен емге қарсы көрсетілімдері немесе жақпаушылығы бар пациенттерде және тиазолидиндионмен ем сай келетін пациенттерде тиазолидиндионмен бірге; диета, дене жаттығулары, сондай-ақ екі компонентті ем гликемияның талапқа сай бақылануына жетуге әкелмегенде сульфонилмочевинамен және метформинмен үш компонентті біріктірілген ем құрамында; диета, дене жаттығулары және инсулиннің тұрақты дозасы (метформинмен немесе онсыз) гликемияның талапқа сай бақылануына жетуге әкелмегенде инсулинмен біріктірілімде.
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.
Дозасы
Ересек пациенттер Препараттың монотерапия жүргізілгенде немесе метформинмен, тиазолидиндионмен екі компонентті біріктірілген ем құрамында немесе сульфонилмочевинамен және метформинмен үш компонентті біріктірілген ем құрамында немесе инсулинмен біріктірілімде ұсынылатын дозасы тәулігіне  100  мг құрап,  таңертең 50 мг және кешке 50 мг қолданылады. Сульфонилмочевинамен екі компонентті біріктірілген ем құрамында препараттың ұсынылатын дозасы күніне бір рет таңертең 50 мг құрайды. Пациенттердің осы тобында күніне 100 мг дозасы, күніне 50 мг дозасына қарағанда, тиімдірек болды. Сульфонилмочевинамен біріктірілімде пайдаланғанда гипогликемияның даму қаупін азайту үшін сульфонилмочевина дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек. 100 мг мөлшерінен асып кететін дозалары пайдалануға ұсынылмайды. Метформинмен және тиазолидиндионмен екі компонентті біріктірілген ем құрамында вилдаглиптиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмады. Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас) Препаратты егде жастағы пациенттерге тағайындағанда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Препарат бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысындағы (креатинин клиренсі ≥ 50 мл/мин) пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа немесе ауыр түріне шалдыққан немесе бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы пациенттерге ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге, оның ішінде алдын ала емделіп жүрген, қалыптың жоғарғы шегімен (ҚЖШ) салыстырғанда, аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігі >3 есе жоғары пациенттерге тағайындауға болмайды. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Препаратты балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды. Вилдаглиптинді балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.