+112 бонус

ВИЛДАГЛИПТИН-ГЕТЦ ФАРМА 50 мг №28 таб

2250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Вилдаглиптин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Пакистан
  • Өндіруші: Getz Pharma (Pvt.) Limited
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 50.00 мг вилдаглиптин қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel PH-102), сусыз лактоза, натрий крахмал гликоляты, магний стеараты
Қолданылуы
Вилдаглиптин-Гетц Фарма препараты 2 типті қант диабеті бар ересектердегі гликемиялық бақылауды жақсарту үшін диета мен дене жаттығуларына қосымша ретінде көрсетілген: -метформинмен емге қарсы көрсетілімі бар немесе оның жақпаушылығы бар пациенттерде монотерапия ретінде -талапқа сай гликемиялық бақылауды қамтамасыз етпегенде, инсулинді қоса алғанда, диабетті емдеуге арналған басқа дәрілік заттармен біріктірілімде.
Қарсы көрсетілімдер
- вилдаглиптинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Ересек пациенттер Препарат тамақтануға байланыссыз ішке қабылданады. Препараттың монотерапия жүргізілгенде немесе метформинмен, тиазолидиндионмен екі компонентті біріктірілген ем құрамында немесе сульфонилмочевинамен және метформинмен үш компонентті біріктірілген ем құрамында немесе инсулинмен біріктірілімде ұсынылатын дозасы тәулігіне  100  мг құрап,  таңертең 50 мг және кешке 50 мг қолданылады. Сульфонилмочевинамен екі компонентті біріктірілген ем құрамында препараттың ұсынылатын дозасы күніне бір рет таңертең 50 мг құрайды. Пациенттердің осы тобында күніне 100 мг дозасы, күніне 50 мг дозасына қарағанда, тиімдірек болды. Сульфонилмочевинамен біріктірілімде пайдаланғанда гипогликемияның даму қаупін азайту үшін сульфонилмочевинаның дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек. 100 мг асатын дозаларды пайдалану ұсынылмайды. Вилдаглиптиннің метформин мен тиазолидинедионмен үш компонентті біріктірілген пероральді ем ретіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Егде жастағы пациенттер (≥ 65 жас) Препаратты егде жастағы пациенттерге тағайындағанда дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер Препарат бүйрек жеткіліксіздігінің бастапқы сатысындағы (креатинин клиренсі ≥ 50 мл/мин) пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігінің орташа немесе ауыр түріне шалдыққан немесе бүйрек ауруының терминалдық сатысындағы пациенттерге ұсынылатын доза тәулігіне бір рет 50 мг құрайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер Препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге, оның ішінде алдын ала емделіп жүрген, қалыптың жоғарғы шегімен (ҚЖШ) салыстырғанда, аланинаминотрансфераза (АЛТ) немесе аспартатаминотрансфераза (АСТ) белсенділігі 3 есе жоғары пациенттерге тағайындауға болмайды. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер Препаратты балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды. Вилдаглиптинді балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Енгізу әдісі және жолы Препаратты тамақтануға байланыссыз ішке қабылдайды.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.