+175 бонус

ВИГАНТОЛ Витамин Д3 капли для приема внутрь масляные 0,5 мг/мл 10 мл

3500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Колекальциферол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Германия
  • Өндіруші: Merck Serono GmbH
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы 1 мл ерітіндінің (40 тамшы) құрамында белсенді зат – 0,5 мг колекальциферол (ол 20 000 ХБ D3витаминге сәйкес келеді) қосымша зат - ортаңғы тізбек триглицеридтері
Қолданылуы
балалар мен ересектерде рахит және остеомаляцияның алдын алу мен емдеуде ішекте сіңудің патологиясы жоқ осындай жағдайдың қаупі бар емделушілерде Д витамині тапшылығының алдын алуда ересектерде остеопороз кезінде демеуші емде күні жетпей шала туған нәрестелерде рахиттің алдын алуда ересектер мен балаларда мальабсорбция кезінде Д витамині тапшылығының алдын алуда ересектерде гипопаратиреозды емдеуде
Қарсы көрсетілімдер
препараттың белсенді немесе кез келген қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық гиперкальциемия және/немесе гиперкальциурия
Дозасы
Қолдану тәсілі және дозалары Рахиттің алдын алу: 1 тамшыдан (500 ХБ) күн сайын. Вигантол® әдетте нәрестелерге өмірінің 2-аптасынан бастап 1 жасының соңына дейін қолданылады, одан кейін, әсіресе қыс айларында, дозаны түзету қажет. Күні жетпей шала туған балаларға әдетте тәулігіне 2 тамшыдан (1000 ХБ Д витамині) тағайындайды, бірақ дозасын дәрігер белгілеуі тиіс. Ішекте сіңудің патологиясы жоқ осындай қауіпке шалдыққан емделушілерде Д витамині тапшылығының алдын алу: Вигантол® препараты күніне 1 тамшыдан (500 ХБ жуық Д витамині). Остеопорозды демеуші ем: Вигантол® препараты күніне 2 тамшыдан (1000 ХБ жуық Д витамині). Мальабсорбция синдромында Д витамині жеткіліксіздігінің алдын алу: әдетте Вигантол® препараты күніне 6-10 тамшыдан (3000 – 5000 ХБ жуық Д витамині) ұсынылады, бірақ дозасын дәрігер белгілеуі тиіс. Д витамині жеткіліксіздігі туындатқан рахит және остеомаляцияны емдеу: әдетте Вигантол® препараты (1000 – 5000 ХБ жуық Д3 витамині) күніне 2-ден 10 тамшыға дейін ұсынылады, бірақ дозасын аурудың себебі мен ауырлығына байланысты дәрігер белгілеуі тиіс. Әдеттегі емдеу ұзақтығы – 1 жыл. Гипопаратиреозды емдеу: қан плазмасындағы кальций концентрациясына байланысты Вигантол® препаратының күніне 20–40 тамшысын (10000 – 20000 ХБ жуық Д витамині) тағайындайды. Егер анағұрлым жоғары доза қажет етілсе, онда дозасы барынша жоғары препараттарды қабылдау ұсынылады. Ұзақ қолданғанда қан мен несептегі кальций деңгейін, қан сарысуы креатининін өлшеу арқылы бүйрек функциясын үнемі тексеріп отырған жөн. Қажет болғанда, дозаны қандағы кальций деңгейінің қалыпты құрамына сәйкес түзету керек. Тамшыларды бір қасық сумен, сүтпен, басқа сұйықтықпен немесе дайындап болғаннан және суығаннан кейін балалардың тамағымен береді. Қолдану ұзақтығы патологияға байланысты болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.