+150 бонус

ВИФЕРОН 36000 МЕ/г 12 гр гель

3000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Интерферон альфа-2b
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: ООО ФЕРОН
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы 1 г гельдің құрамында белсенді зат - адамның рекомбинантты интерферон альфа-2b 36000 ХБ; қосымша заттар: альфа-токоферол ацетаты, метионин, бензой қышқылы, лимон қышқылы моногидраты, натрий тетраборат декагидраты, натрий хлориді, адамның альбумині, дистилляцияланған глицерин (глицерол), натрий кармеллозасы, этанол 95%, тазартылған су.
Қолданылуы
- ЖРВИ, оның ішінде тұмау, жиі және ұзаққа созылатын ЖРВИ, оның ішінде бактериялық инфекциямен асқынған түрлерінің кешенді емінде; - тұмауды қоса, ЖРВИ профилактикасы; - қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит кешенді емінде; - қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит профилактикасы; - терінің және шырышты қабықтардың жедел және өршіген созылмалы қайталамалы герпесті инфекциясының, оның ішінде герпесті инфекцияның урогенитальді түрінің кешенді емінде; - герпесті цервицит кешенді емінде.
Қарсы көрсетілімдер
препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық; 1 жасқа дейінгі балалар (тұмау және басқа ЖРВИ, қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит кешенді емі құрамында және профилактикасы үшін); балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (терінің және шырышты қабықтардың жедел және өршіген қайталамалы герпесті инфекцияларының, оның ішінде герпесті инфекцияның урогенитальді түрінің; герпесті цервициттің кешенді емі құрамында).
Дозасы
ЖРВИ, тұмауды қоса, жиі және ұзаққа созылатын ЖРВИ, оның ішінде бактериялық инфекциямен асқынған түрлерінің кешенді емінде: ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын мұрын шырышты қабығының алдын ала кеберсіген беткейіне және/немесе таңдай бадамша бездерінің беткейіне күніне 3-5 рет шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен жағады. Емдеу курсы 5 күнге созылады, қажет болса, курсты ұзартуға болады. Тұмауды қоса, ЖРВИ профилактикасы: ауруға шалдығудың шарықтау кезеңінде ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын мұрын шырышты қабығының алдын ала кеберсіген беткейіне және/немесе таңдай бадамша бездерінің беткейіне күніне 2 рет 2-4 апта бойы жағады. Қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит кешенді емінде: ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен аурудың жедел кезеңінде күніне 5 рет 5-7 күн бойы, артынан күніне 3 рет кейінгі 3 апта бойы жағады. Қайталамалы стеноздалған ларинготрахеобронхит профилактикасы: ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен таңдай бадамша бездерінің беткейіне күніне 2 рет 3-4 апта бойы жағады, курстарды жылына 2 рет қайталайды. Жедел және созылмалы қайталамалы герпесті инфекцияның кешенді емінде (аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда немесе алдын ала хабаршы-белгілер кезеңінде): ұзындығы көп дегенде 0,5 см гель жолағын шпатель немесе мақта тампоны/мақта таяқшасы көмегімен алдын ала кеберсіген зақымданған беткейге күніне 3-5 рет 5-6 күн бойы жағады, қажет болса, курс ұзақтығын клиникалық көріністерінің басылуына дейін созады. Герпесті цервицит кешенді емінде: 1 мл гель мақта тампонымен жатыр мойнының алдын ала шырыштан тазартылған беткейіне күніне 2 рет 7 күн бойы жағады, қажет болса, курс ұзақтығын 14 күнге дейін созуға болады. Енгізу әдісі және жолы Препарат сыртқа және жергілікті қолданылады. Мұрын қуысының шырышты қабығына гель мұрын жолдарын тазалаудан соң таңдай бадамша бездерінің беткейіне ас ішуден кейін 30 минут өткен соң жағылады. Гель таңдай бадамша бездеріне жағылғанда мақта тампонын бадамша бездерге тигізіп алмай, гель ғана жағылу керек, гель осы орайда бадамша без беткейімен өз бетінше төмен ағады. Гель жатыр мойнына жағылғанда мақта немесе дәке тампонмен шырыш пен бөліністерді қынап күмбезі мен жатыр мойнынан алдын ала сүрту керек. Гель тері және шырышты қабықтардың зақымданған бөліктеріне жағылғанда 30-40 минуттан соң жұқа үлбір түзіліп, препарат қайтадан жағылады. Қалау болса, препаратты қайта жағар алдында үлбірді ажыратып алуға немесе сумен жуып тастауға болады. Ашылған сықпаны тоңазытқышта 2 айдан асырмай сақтайды. Қаптамасының бүтіндігіне нұқсан келген және түсі өзгерген препарат қолдануға жарамсыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.