+280 бонус

ВИФЕРОН 3000000 МЕ № 10 супп рек

9:00-ден кейін қолжетімді
5600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Интерферон альфа-2b
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Ферон ООО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір суппозиторийдің құрамында белсенді зат - адамның рекомбинантты интерферон альфа-2b 150000 ХБ, 500000 ХБ, 1000000 ХБ, 3000000 ХБ, қосымша заттар: аскорбин қышқылы, натрий аскорбаты, альфа-токоферол ацетаты, динатрий эдетат дигидраты, полисорбат-80, какао майы, кондитерлік май немесе какао майын алмастырушы.
Қолданылуы
Жаңа туған, оның ішінде шала туған нәрестелердегі инфекциялық-қабыну аурулары (кешенді ем құрамында): жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) пневмония (бактериялық, вирустық, хламидиялық) менингит сепсис құрсақішілік өзіне тән ерекше инфекциялар (хламидиоз, герпес, цитомегалия, энтеровирусты инфекция, висцеральды кандидоз, микоплазмоз) Балаларда және ересектерде созылмалы В, С, Д вирустық гепатиті (кешенді ем құрамында): плазмаферезді және белсенділігі айқын дәрежедегі созылмалы вирустық гепатиттер гемосорбциясын қолданып жүргізілетін виферонтерапиямен үйлесімде және бауыр циррозында Жүкті әйелдерді қоса алғанда, ересектердегі урогенитальді жолдарының инфекциялық-қабыну аурулары (кешенді ем құрамында): хламидиоз цитомегаловирусты инфекция уреаплазмоз трихомониаз гарднереллез папилломавирусты инфекция бактериялық вагиноз қынаптың қайталанатын кандидозы микоплазмоз Тұмау және басқа жедел респираторлық вирустық аурулар, оның ішінде ересектерде бактериялық инфекция асқынған (кешенді ем құрамында) Тұмауды қоса алғанда, жедел респираторлық вирустық, оның ішінде асқынулардың пайда болу қаупі жоғары және ауру ағымы ұзақ (кешенді емі құрамында) балаларда бактериялық инфекциямен асқынған инфекциялар 4 жастан асқан балалардағы вирустық менингит (кешенді ем құрамында) Ересектердегі созылмалы бактериялық простатит (кешенді ем құрамында).
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық 14 аптаға дейінгі жүктілік кезеңі.
Дозасы
Препарат ректальді қолданылады. 7 жасқа дейінгі балаларға 150000 ХБ ВИФЕРОН®, 7 жастан асқан балаларға және ересектерге – 500000 ХБ ВИФЕРОН® тағайындайды. 1000000 ХБ ВИФЕРОН®, 3000000 ХБ ВИФЕРОН® көбінесе балалар мен ересектерде вирустық гепатиттерді емдеу үшін тағайындалады. Жаңа туған, оның ішінде шала туған нәрестелердегі әртүрлі инфекциялық-қабыну аурулары кешенді ем құрамында Жаңа туған нәрестелерге 150000 ХБ ВИФЕРОН® 12 сағаттан кейін тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден тағайындайды. Емдеу курсы 5 күн. Жаңа туған, оның ішінде шала туған нәрестелерде, әртүрлі инфекциялық-қабыну аурулары кезінде тиісті курс мөлшері: ЖРВИ - 1 курс, пневмония (бактериялық - 1-2 курс, вирустық - 1 курс, хламидиялық - 1 курс), сепсис - 2-3 курс, менингит - 1-2 курс, герпес инфекциясы - 2 курс, энтеровирусты инфекция - 1-2 курс, цитомегаловирусты инфекция - 2-3 курс, микоплазмоз - 2-3 курс. Курстар арасындағы үзіліс 5 күнді құрайды. Гестациялық жасы 34 аптадан кем жаңа шала туған нәрестелерге 150000 ХБ ВИФЕРОН® тәулігіне 8 сағат сайын 3 рет 1 суппозиторийден тағайындалады. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Балаларда және ересектерде созылмалы В, С, Д вирустық гепатиттерді кешенді емдеуде, сондай-ақ плазмаферезді және белсенділігі айқын дәрежедегі созылмалы вирустық гепатиттер гемосорбциясын қолданып жүргізілетін виферонтерапиямен үйлесімде және бауыр циррозында Созылмалы вирустық гепатитке шалдыққан балаларға препаратты жасына қарай мына дозаларда тағайындайды: 6 айға дейін тәуліктік доза 300000 ХБ, 6-дан 12 айға дейін – 500000 ХБ-1000000 ХБ (бойы мен салмағына қарай), 1 жастан 3 жасқа дейін – 1000000 ХБ-2000000 ХБ, 3 жастан 7 жасқа дейін – 2000000 ХБ-3000000 ХБ, 7 жастан асқан балаларға – 4000000 ХБ-5000000 ХБ. Таңертең және кешке әртүрлі дозалар қолданылуы мүмкін: мысалы: таңертең – 1 млн. ХБ, түнге – 500 мың ХБ. Препаратты алғашқы 10 тәулікте күнде 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет қолданады, әрі қарай 6-12 ай бойы аптасына үш рет күн ара қолданады. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне және зертханалық көрсеткіштеріне қарай анықталады. Белсенділігі айқын дәрежелі созылмалы вирустық гепатиті және бауыр циррозы бар балаларға плазмаферез және/немесе гемосорбция жүргізер алдында препаратты 14 тәулік бойы күнде 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолдану көрсетілген (7 жасқа дейінгі балаларға 150000 ХБ ВИФЕРОН®, 7 жастан асқан балаларға 500000 ХБ ВИФЕРОН®). Созылмалы вирустық гепатиті бар ересектерге 10 тәулік бойы күнде 12 сағат сайын тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден ВИФЕРОН® 3000000 ХБ, әрі қарай аптасына үш рет күнара 6-12 ай бойы тағайындайды. Емдеу ұзақтығы клиникалық тиімділігіне және зертханалық көрсеткіштеріне қарай анықталады. Ересектерде, оның ішінде жүкті әйелдерде урогенитальді жолдың әртүрлі инфекциялық-қабыну аурулары кешенді ем құрамында Ересектерге тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) күнде 5-10 тәулік бойы 500000 ХБ 1 суппозиторийден. Клиникалық көрсетілімдер бойынша ем жалғастырылуы мүмкін. Жүктіліктің II триместрінен (гестацияның 14 аптасынан бастап) жүкті әйелдерге тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) 10 күн бойы күнде, кейін 3 күн аралықпен (әр төртінші күні) 9 күн бойы 500000 ХБ 1 суппозиторийден. Әрі қарай, босануға дейін әр 4 апта сайын 150000 ХБ 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) күнде 5 күн бойы. Босану алдында (гестацияның 38 аптасынан бастап) тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) күнде 10 тәулік бойы 500000 ХБ 1 суппозиторийден. Тұмаудың және жедел респираторлық вирустық, оның ішінде ересектерде бактериялық инфекциямен асқынған аурулардың кешенді емі құрамында 500000 ХБ ВИФЕРОН® күнде 12 сағаттан кейін тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден қолданылады. Емдеу курсы 5 күнді құрайды. Тұмауды қоса алғанда, жедел респираторлық вирустық, оның ішінде асқынулардың пайда болу қаупі жоғары және ауру ағымы ұзақ балаларда бактериялық инфекциямен асқынған инфекциялар кешенді емі құрамында 1 айдан 3 жасқа дейінгі асқынулардың және аурудың ұзақ ағымының қалыптасқан қаупі жоғары балаларға («Арнайы ескертулер» бөлімін қараңыз) 500000 ХБ 1 суппозиторийден тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) 5 тәулік бойы күнде, кейін 150000 ХБ 1 суппозиторийден 2 рет тәулігіне (әр 12 сағат сайын) келесі 5 тәулік ішінде күнде. 3 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға күніне 2 рет 500000 ХБ 1 суппозиторийден (әр 12 сағат сайын) 5 тәулік бойы, одан кейін таңертең 500000 ХБ 1 суппозиторийден және 12 сағаттан кейін келесі 5 тәулік бойы күнде 150000 ХБ 1 суппозиторийден. 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға таңертең 1000000 ХБ 1 суппозиторий, кейін 12 сағаттан кейін 500000 ХБ 1 суппозиторий күнде 5 тәулік бойы, одан кейін 500000 ХБ 1 суппозиторий тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) келесі 5 тәулік бойы. 4 жастан бастап балаларда вирустық менингитте кешенді ем құрамында 4 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда күніне 2 рет 1000000 ХБ 1 суппозиторийден (әр 12 сағат сайын) күнде 7 тәулік бойы, одан әрі 1000000 ХБ 1 суппозиторийден тәулігіне 1 рет (түнде) күнде 7 тәулік бойы. 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда күніне 2 рет 3000000 ХБ 1 суппозиторийден (әр 12 сағат сайын) 7 тәулік бойы, одан әрі 3000000 ХБ 1 суппозиторийден күніне 1 рет (түнде) 7 тәулік бойы. Ересектерде созылмалы бактериялық простатиттің кешенді емі құрамында Ересектерге тәулігіне 2 рет (әр 12 сағат сайын) күнде 20 тәулік бойы 1000000 ХБ 1 суппозиторийден.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.