+143 бонус

ВИДОРА №28 таб

2860 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Дроспиренон и этинилэстрадиол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Чехия
  • Өндіруші: Зентива, к.c.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 3,0 мг микрондалмаған дроспиренон 0,03 мг микрондалған этинилэстрадиол, қосымша заттар: лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, желатинденген крахмал (жүгері), кросповидон (Plasdone XL-10 B типі), кросповидон (Plasdone XL A типі), повидон К 30, полисорбат 80 (твин 80), магний стеараты, қабықтың құрамы: Opadry® II сары (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (Е 171), макрогол 3350, тальк, темірдің сары тотығы (Е172)). 1 плацебо таблетканың құрамында қосымша заттар: сусыз лактоза, повидон К 30, магний стеараты, үлбірлі қабықтың құрамы: Opadry® II ақ (ішінара гидролизденген поливинил спирті, титанның қостотығы (E171), макрогол 3350, тальк).
Қолданылуы
- оральді контрацепция. Антиминералокортикоидтық және антиандрогендік қасиеттері бар біріктірілген оральді контрацептивті тағайындау сондай-ақ сұйықтықтың гормонға байланысты кідірісі және осыдан болған симптомдары бар әйелдер үшін және безеу бөртпесі мен себореясы бар әйелдер үшін де пайдалы Видора препаратын тағайындау туралы шешімді әйелдерде бар қауіп факторларын, атап айтқанда веналық тромбоэмболияны және Видора препаратын қабылдау аясында басқа біріктірілген гормональді контрацептивтермен салыстырғанда веналық тромбоэмболияның даму қаупін бағалауды ескере отырып жекелей тәртіпте қабылдау керек.
Қарсы көрсетілімдер
Біріктірілген гормональді контрацептивтер келесі жағдайларда қолданылмауы тиіс. Егер біріктірілген гормональді контрацептивті қабылдау аясында осы жағдайлардың қандай да бірі дамыса препаратты дереу тоқтату керек. веналық тромбоэмболияның болуы немесе оның қаупі қазіргі уақыттағы (антикоагулянттық емде) немесе анамнездегі (мысалы, терең веналар тромбозы немесе өкпе артериясының тромбоэмболиясы) веналық тромбоэмболия тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған веналық тромбоэмболияға бейімділік (мысалы, белсендірілген С протеиніне төзімділік (Лейденнің V факторын қоса), антитромбин III, С протеинінің немесе S протеинінің тапшылығы) үлкен хирургиялық араласулар, ұзаққа созылған иммобилизациямен көптеген қауіп факторларының болуы салдарынан веналық тромбоэмболияның жоғары қаупі. артериялық тромбоэмболияның болуы немесе оның қаупі қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі (мысалы, миокард инфаркті) артериялық тромбоэмболия немесе артериялық тромбоэмболия алдындағы жағдайлар (мысалы, стенокардия) цереброваскулярлық бұзылыстар – қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі инсульт немесе цереброваскулярлық бұзылыстар алдындағы жағдайлар (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуылдар) артериялық тромбоэмболияға тұқым қуалайтын немесе жүре пайда болған бейімділік (мысалы, гипергомоцистеинемия және антифосфолипидті антиденелер: кардиолипинге антиденелер, жегілік антикоагулянт) анамнезінде ошақталған неврологиялық симптомдары бар бас сақинасы мынадай көптеген қауіп факторларының немесе бір күрделі қауіп факторының салдарынан артериялық тромбоэмболияның жоғары даму қаупі: - қантамыр асқынуларымен қант диабеті - ауыр артериялық гипертензия - ауыр дислипопротеинемия панкреатит, қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі айқын гипертриглицеридемиясымен қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауырдың ауыр аурулары (бауыр тестілерінің қалпына келуіне дейін) ауыр бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі қазіргі уақыттағы немесе анамнездегі бауыр ісіктері (қатерсіз немесе қатерлі) анықталған стероидқа тәуелді қатерлі жаңа түзілімдер (мысалы, жыныс мүшелерінің немесе сүт бездерініңң) немесе оларға күдіктену диагностикаланбаған қынаптан қан кету препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық - құрамында омбитасвир/паритапревир/ритонавир және дасабувир немесе құрамында глекапревир/ пибрентасвир, софосбувир/велпатасвир/ воксилапревир бар дәрілік заттармен біріктіріп қолдану - тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы.
Дозасы
Видора препаратын қалай қабылдау керек Таблеткаларды қаптамада көрсетілген тәртіп бойынша, күнделікті шамамен бір ғана уақытта, қажет болса аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішке қабылдау керек. 21 күн бойы үздіксіз, тәулігіне бір таблеткадан қабылдайды. Әрбір келесі қаптаманы қабылдау таблеткаларды қабылдаудағы 7 күндік үзілісінен кейін басталады, ол уақытта, әдетте, тоқтату қан кетуі орын алады. Қан кету әдетте, соңғы таблетканы қабылдағаннан кейінгі 2-3-інші күндері басталады және жаңа қаптаманы қабылдауды бастағанға дейін аяқталмауы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.