+287 бонус

ВИДАНОЛ 500 мг №30 таб

5750 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Транексамовая кислота
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - транексам қышқылы 500 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (РН 102), повидон К-30, төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза, микрокристалды целлюлоза (РН 112), натрий кроскармеллозасы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты, изопропил спирті***, тазартылған су*** қабықтың құрамы: Colorcoat FC4S ақ** ** - құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, диэтилфталат, НСО (гидрогенделген майсана майы) ұнтағы, стеарин қышқылы, тальк, титанның қостотығы (Е 171) *** - өндіріс барысында буға айналады
Қолданылуы
Фибринолиз немесе фибриногенолиз жоғарылағанда қан кетулер немесе қан кетулер қаупі кезінде қысқа мерзімді қолдану. Төмендегі жағдайларда кездесетін жергілікті фибринолиз: - простатэктомия және қуыққа операция - меноррагия - мұрыннан қан кету - жатыр мойны конизациясы - жарақаттық гифема (көздің алдыңғы камерасына қан құйылу). Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну. Гемофилиямен ауыратын науқастарда тіс экстракциясымен қатар қолдану.
Қарсы көрсетілімдер
- транексам қышқылы немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - жинақталу қаупіне байланысты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі - тромбоэмболиялық аурулардың белсенді түрі - анамнездегі веналар немесе артериялар тромбозы - тұтыну коагулопатиясымен байланысты фибринолизистік жағдай - анамнездегі құрысулар
Дозасы
Жергілікті фибринолиз: ұсынылатын стандартты доза күніне 2-3 рет 15-25 мг/кг дене салмағына (яғни 1000-1500 мг). 1а. Простатэктомия: қатері жоғары пациенттер де операцияға дейін және одан кейін қан кетудің профилактикасы және емдеуді инъекция түрінде транексам қышқылынан бастау керек, содан соң макроскопиялық гематурия тоқтағанша 1000 мг транексам қышқылы, таблеткалар күніне 3-4 рет. 1b. Меноррагия: ұсынылатын доза күніне 3 рет 1000 мг құрайды. Емдеу ұзақтығы жекелей белгіленеді, бірақ 4 күннен аспауы тиіс. Өте құйылып келетін етеккір қан кетуі кезінде дозаны арттыруға болады. Жалпы тәуліктік доза күніне 4 г аспауы тиіс. Транексам қышқылымен емдеуді етеккір қан кетуіне дейін бастамаған жөн. 1с. Мұрыннан қан кету: қайталанатын мұрын қан кетулері кезінде препарат тәулігіне 3 рет 1000 мг-ден 7 күн бойы тағайындалады. 1d. Жатыр мойны конизациясы: 1500 мг-ден күніне 3 рет. 1е. Жарақаттық гифема (көздің алдыңғы камерасына қан құйылу): 1000-1500 мг-ден күніне 3 рет. Дозасы 25 мг/кг күніне 3 рет есебіне негізделеді. 2. Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну: кейбір пациенттер аурудың өршуі туралы біледі. Мұндай пациенттерге ұсынылатын емдеу 1000-1500 мг-ден 2-3 рет бірнеше күн бойы мерзімді қабылдау. Қалған пациенттер осы дозада емді үнемі алып тұрады. 3. Гемофилия: гемофилиямен науқастарда тіс экстракциясымен қатар қолдану: 1000-1500 мг (25 мг/кг) әр сегіз сағат сайын. Бүйрек жеткіліксіздігі: клиренс бойынша тамырішілік дәрілік түрге жататын деректерді экстраполяциялау жолымен ішілетін дозаны кейінгі азайту жеңіл және орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер ге ұсынылады. Сарысу креатинині (мкмоль/л) :Транексам қышқылының дозасы 120-249 :күніне 2 рет 15 мг/кг дене салмағына 250-500 :күніне 15 мг/кг дене салмағына Бұл көрсеткіштер бойынша балаларда препаратты қолданудың тиімділігі, дозалау режимі және қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі. Егде жастағы пациенттер: бүйрек функциясының бұзылуы болмаған кезде дозаны төмендетудің қажеті жоқ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.