+89 бонус

ВИАСИЛ 50 мг №2 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
1790 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Беларусь
  • Өндіруші: СООО "Лекфарм"
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы белсенді зат: 50.0 мг силденафил (цитрат түрінде – 70.0 мг) 50 мг доза үшін; 100.0 мг силденафил (цитрат түрінде – 140.0 мг) 100 мг доза үшін; қосымша заттар: лактоза моногидраты (50 және 100 мг дозалар үшін, тиісінше, 104 және 208 мг), микрокристалды целлюлоза, картоп крахмалы, магний стеараты; қабық құрамы: опадрай II көгілдір (поливинил спирті, титанның қостотығы (Е171), полиэтиленгликоль, тальк, FD&C Көгілдір №1/Бриллиантты көк FCF алюминий лагы (бриллиантты көк (Е133) 11-13%, алюминий гидроксиді 87-89%); FD&C Көгілдір №2/Индигокармин алюминий лагы (индигокармин (Е132) 11-14%, алюминий гидроксиді 86-89%); FD&C Сары №6/Апельсин тәрізді сары FCF алюминий лагы (апельсин тәрізді сары (Е110) 15-18%, алюминий гидроксиді 82-85%).
Қолданылуы
Виасил сексуалдық белсенділікті қанағаттандыру үшін жеткілікті жыныс мүшесінің эрекциясына жетуге немесе оны сақтауға қабілетсіздігімен сипатталатын эректильді дисфункциясы бар ересек ерлерге көрсетілген. Виасил препаратының тиімді әсері үшін сексуалдық стимуляция қажет.
Қарсы көрсетілімдер
Силденафилге немесе дәрілік заттың кез келген басқа компонентіне аса жоғары сезімталдық. Азот тотығы / циклдық гуанозинмонофосфат (цГМФ) алмасуына белгілі әсер етуіне орай, силденафил нитраттардың гипотензиялық әсерін күшейтеді, сондықтан оны азот тотығы донаторларын (мысалы, амилнитрит сияқты) немесе нитраттарды кез келген түрлерінде қабылдап жүрген пациенттерде қолдану қарсы көрсетілімді. Симптоматикалық артериялық гипотензияға әкелу ықтималдығы зор болғандықтан, силденафилді қоса, ФДЭ-5 тежегіштерін риоцигуат сияқты гуанилатциклаза стимуляторларымен бір мезгілде қабылдау қарсы көрсетілімді. Эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілер, оның ішінде силденафил сексуалдық белсенділікке кеңес берілмейтін ерлерде (мысалы, тұрақсыз стенокардия немесе ауыр жүрек жеткіліксіздігі сияқты ауыр жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттерде) пайдаланылмауы тиіс. Бұл патологияның осының алдындағы ФДЭ-5 тежегіштерін қолданумен байланысты немесе байланыссыз екеніне қарамастан, артериит (NAION) себебінен болмайтын көру жүйкесінің алдыңғы ишемиялық оптикалық нейропатиясы салдарынан бір көзі көрмей қалған пациенттерге қарсы көрсетілімді. Силденафил қауіпсіздігі пациенттердің келесі қосалқы топтарында зерттелмеген, сондықтан да оны бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сын. бағ.), таяуда өткерілген инсульт немесе миокард инфарктісі және пигментті ретинит сияқты тұқым қуалайтын дегенеративтік торқабық аурулары кезінде пайдалану қарсы көрсетілімді (осындай пациенттердің шағын санында торқабық фосфодиэстеразасының генетикалық бұзылыстары бар).
Дозасы
Ересек пациенттерде қолдану Пациенттердің көпшілігіне ұсынылатын доза жыныстық қатынастан 1 сағат бұрын қолданылатын 50 мг құрайды. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына қарай, дозаны 100 мг дейін арттыруға немесе 25 мг дейін азайтуға болады. Ұсынылатын ең жоғары доза 100 мг құрайды.  Ең жоғары ұсынылған дозаны қабылдау жиілігі - күніне 1 рет. Препарат белсенділігі көрінісінің басталу уақытын, аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда, ас ішумен ұзартуға болады. Пациенттердің ерекше топтары Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттер Бауыр функциясының бұзылуы бар науқастарда (мысалы, цирроз кезінде) силденафил клиренсі төмендегендіктен, силденафил препаратын 25 мг дозасында пайдалану ұсынылады. Тиімділігі мен жағымдылығына қарай, дозаны 50 мг дейін, одан кейін қажет болса 100 мг дейін сатылап арттыруға болады. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин шегінде) дозаны түзету қажет емес. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар науқастарда силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) силденафил препаратын 25 мг дозада қолдану керек. Тиімділігі мен жағымдылығына қарай, дозаны 50 мг дейін, одан кейін қажет болса 100 мг дейін сатылап арттыруға болады. Балалар жасында қолдану Препарат балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдануға көрсетілмеген. Егде жастағы пациенттер: Егде жастағы (≥ 65 жас) пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Басқа дәрілік заттарды қабылдайтын пациенттерде қолдану Силденафилмен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайтын ритонавирді қоспағанда, CYP3A4 тежегіштерімен қатар емделіп жүрген пациенттерде 25 мг бастапқы дозасын тағайындау керек. Альфа-блокаторлармен емделіп жүрген пациенттерде постуральді гипотонияның даму ықтималдығын барынша азайту үшін пациенттер силденафилмен емдеудің басталуына дейін альфа-блокаторлармен емде тұрақтануы тиіс. Бұдан бөлек, силденафилді 25 мг дозада енгізу мүмкіндігін қарастыру керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдау үшін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.