+336 бонус

ВИАГРА 100 мг №1 табл

6720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Силденафил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Виатрис Спешиалти ЭлЭлСи
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында белсенді зат – 35,112 мг, 70,225 мг және 140,450 мг силденафил цитраты (25,000 мг, 50,000 мг және 100,000 мг силденафилге баламалы) қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, натрий кроскармеллозасы, магний стеараты. қабығының құрамы: опадрай көгілдір OY-LS-20921 (гипромеллоза, лактоза, триацетин, титанның қостотығы (Е 171) және индигокармин алюминий лагы (Е132)), опадрай мөлдір YS-2-19114-А (гипромеллоза және триацетин).
Қолданылуы
Виагра® препаратының құрамында әсер етуші зат — 5 типті фосфодиэстераза (ФДЭ-5) тежегіштері деп аталатын дәрілік препараттар тобына жататын силденафил бар. Препарат жыныс мүшесіндегі қантамырлардың босаңсуына ықпал етеді, бұл сексуалдық қозу кезінде қанның жыныс мүшесіне қарай ағуына мүмкіндік береді. Виагра® Сізге сексуалдық стимуляция жағдайында ғана эрекцияға қол жеткізуге көмектеседі. Виагра® импотенция ретінде белгілі эректильді дисфункциясы бар ересек еркектерді емдеуге арналған. Бұл еркек жыныстық қатынас жасау үшін жыныс мүшесін жеткілікті дәрежеде қатты, эрекцияланған күйінде ұстап тұра алмайтын немесе сондай күйіне қол жеткізе алмайтын жағдай.
Қарсы көрсетілімдер
әсер етуші затқа немесе «Қосымша мәліметтер» бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық азот тотығының донаторлары (амилнитрит) болып табылатын препарат-тарды немесе нитраттарды кез келген формада бір мезгілде қабылдау гуанилатциклаза стимуляторларымен (риоцигуат) бір мезгілде қабылдау бауырдың ауыр жеткіліксіздігі көздің торқабығының тұқым қуалайтын дегенерациялық аурулары (мысалы, тұқым қуалайтын пигменттік ретинит (бұл пациенттердің азғантай санында торқабық фосфодиэстеразалары функциясының тұқым қуалайтын бұзылулары)) көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясының (КЖААЕИШ) салдарынан бір көздің көрмей қалуы, бұл көрініс ФДЭ-5 тежегішін алдында қолдануға қатысты-қатыссыз екеніне қарамастан артериялық гипотензия (АҚ < 90/50 мм сн. бағ.) ауыр жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүректің ауыр жеткіліксіздігі, тұрақсыз стенокардия) соңғы 6 айда бастан өткерген миокард инфарктісі соңғы 6 айда бастан өткерген инсульт сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы бар еркектерге Тіркелген көрсетілім бойынша препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде және әйелдерде қолдануға арналмаған.
Дозасы
Препараттың ұсынылатын бастапқы дозасы - 50 мг. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Үлбірлі қабықпен қапталған Виагра ® таблеткаларын ұсақталатын пероральді Виагра® таблеткаларымен бірге қабылдамау керек. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Виагра® препаратын күніне бір реттен жиі қабылдауға болмайды. Виагра® препаратын пациент жыныстық қатынасқа түсуді жоспарлағанға дейін шамамен бір сағат бұрын қабылдаған жөн. Таблетканы бір стақан сумен іше отырып, тұтастай жұту керек. Егер Виагра® препаратын қабылдаудың әсері тым күшті немесе тым әлсіз болып көрінсе, емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке қаралу қажет. Емдеу ұзақтығы Виагра® препараты пациентке сексуалдық стимуляция жағдайында ғана эрекцияға қол жеткізуге көмектеседі. Виагра® препараты әсер ете бастауы үшін қажетті уақыт аралығы әртүрлі адамдарда өзгеше, бірақ әдетте жарты сағаттан бір сағатқа дейін құрайды. Пациент Виагра® препаратының әсері басталу үшін ауыр тағаммен қабылдаған жағдайда көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Егер Виагра® препараты пациенттің эрекцияға қол жеткізуіне көмектеспесе немесе пациенттің эрекциясы жыныстық қатынасты аяқтау үшін ұзаққа созылмаса, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлау керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.