+275 бонус

ВЕЗИКАР 5 мг №30 таб

5500 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Солифенацин
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Нидерланды
  • Өндіруші: Астеллас Фарма Юроп Б. В.
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді зат- солифенацин сукцинаты 5 мг, қосымша заттар- лактоза моногидраты, жүгері крахмалы, гипромеллоза 3 мПа·с, магний стеараты, қабықтың құрамы: опадрай сары 03F12967 (гипромеллоза 6 мПа·с, тальк, макрогол 8000, титанның қостотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172)). Сыртқы түрінің, иісінің және дәмінің сипаттамасы Бір жағында "150" таңбалануы және компания логотипінің графикалық бейнесі бар ашық сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.
Қолданылуы
- ургентті (императивті) несепті ұстай алмауды емдеу - қуықтың аса жоғары белсенділігі синдромы бар пациенттерге тән несеп шығарудың жиілеуін және несеп шығаруға ургентті (императивті) қысылуды емдеу
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - несеп шығару іркілісі - ауыр асқазан-ішек аурулары (уытты мегаколонды қоса) - миастения гравис - жабық бұрышты глаукома - гемодиализ жүргізу - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі - CYP3A4 күшті тежегіштерімен, мысалы, кетоконазолмен бір мезгілде емдеген кезде бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының орташа бұзылуы Қолданған кездегі қажетті сақтық шаралары Везикар™ препаратымен емдеуді бастамас бұрын, несеп шығарудың жиілеуінің басқа себептері (жүрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек ауруы) бар-жоғын анықтау керек. Егер несеп шығару жолдарының инфекциясы анықталса, тиісті бактерияға қарсы емді бастау керек. Везикар™ препаратын мына пациенттерге сақтықпен тағайындау керек: - несеп ағынының бұзылуымен және несеп іркілісінің даму қаупімен қуықтың клиникалық маңызды обструкциясы бар -обструкциясы бар асқазан-ішек ауруларымен -асқазан-ішек жолдары моторикасының төмендеу қаупімен - бүйректің ауыр (креатинин клиренсі ≤ 30 мл / мин) және бауырдың орташа (Чайлд-Пью көрсеткіші 7-ден 9-ға дейін) жеткіліксіздігімен; бұл пациенттер үшін дозасы 5 мг-ден аспауы тиіс - бір мезгілде күшті CYP3A4 тежегішін, мысалы, кетоконазолды қабылдайтын - диафрагманың өңеш саңылауы жарығымен, гастроэзофагеальді рефлюкспен және / немесе эзофагитті туындатуы немесе өршітуі мүмкін дәрілік препараттарды (мысалы, бисфосфонаттарды) бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге - вегетативті нейропатиямен QТ аралығының ұзаруы және "пируэт" типті қарыншалық тахикардия QT аралығының ұзару синдромы және гипокалиемия сияқты қауіп факторлары бар пациенттерде байқалды. Нейрогендік факторлардан туындаған қуық детрузоры бұлшықеттерінің аса жоғары белсенділігі бар пациенттерде Везикар™ қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Галактоза жақпаушылығының сирек тұқым қуалайтын бұзылулары, Lapp-лактаза ферментінің жеткіліксіздігі, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс. Солифенацин сукцинатын қолданатын кейбір пациенттерде тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылумен ангионевроздық ісіну туралы хабарланды. Егер ангионевроздық ісіну туындаса, солифенацин сукцинатын қабылдауды тоқтату және тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет. Солифенацин сукцинатын қолданумен ем қабылдаған кейбір пациенттерде анафилаксиялық реакциялар туралы хабарланды. Анафилаксиялық реакциялар дамыған пациенттерде солифенацин сукцинатын қабылдауды тоқтатып, тиісті ем тағайындау және/немесе тиісті шаралар қабылдау қажет. Препараттың ең жоғары әсері кем дегенде 4 аптадан кейін анықталуы мүмкін.
Дозасы
Қолдану жөніндегі нұсқаулар Дозалары Ересектер, оның ішінде егде жастағы адамдар Күніне бір рет 5 мг-ден ішке, тамақтану уақытына қарамастан, сұйықтықпен іше отырып, таблетканы тұтастай жұту керек. Қажет болған жағдайда доза күніне бір рет 10 мг дейін арттырылуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.