+86 бонус

ВЕРОШПИРОН 50 мг №30 капс

1720 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Спиронолактон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Венгрия
  • Өндіруші: Гедеон Рихтер ОАО
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір капсуланың құрамында: белсенді зат: 50 мг немесе 100 мг спиронолактон, қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, магний стеараты, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты. 50 мг капсулалар Қақпақшасы: хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), желатин Корпусы: титанның қостотығы (Е 171), желатин 100 мг капсулалар Қақпақшасы: «күн батар түстес» сары (E 110), титанның қостотығы (E 171), желатин Корпусы: «күн батар түстес» сары (Е 110), хинолинді сары (Е 104), титанның қостотығы (Е 171), желатин
Қолданылуы
Верошпирон ересектерде келесі көрсетілімдер бойынша қолдануға арналған: басқа емге жауап бермейтін немесе оны көтере алмайтын пациенттердегі жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі, сондай-ақ басқа диуретиктердің әсерін күшейту үшін - эссенциалдық гипертензия, негізінен гипокалиемия жағдайында, әдетте, гипертензияға қарсы басқа да препараттармен біріктіріп - асцитпен және/немесе ісінумен қатар жүретін бауыр циррозы - бастапқы гиперальдостеронизмді емдеу - нефроздық синдром кезіндегі ісінулер - егер пациент қандай да бір басқа препараттарды алу мүмкін емес жағдайларда, гипокалиемияны емдеу - басқа емдеу әдістері қолданылмайтын кезде жүрек гликозидтерін қабылдайтын пациенттерде гипокалиемияның профилактикасы
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - анурия - бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі - бүйрек функциясының ауыр бұзылулары (шумақтық сүзілу жылдамдығы 10 мл/мин аз) - жүрек функциясының жеткіліксіздігі (шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин кем немесе креатининнің сарысу концентрациясы 220 мкмоль/л астам) - гиперкалиемия - гипонатриемия - Аддисон ауруы - эплеринонды немесе басқа калийсақтағыш диуретиктерді бір мезгілде қолдану - жүктілік және бала емізу кезеңі - балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (капсулалар қабығының құрамында балаларға тыйым салынған бояғыштардың болуына байланысты) - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, жалпы лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
Дозасы
Ересектер Бастапқы гиперальдостеронизм Диагностикалық мақсаттар үшін Ұзақ тест: спиронолактон тәулігіне 400 мг-ден 3-4 апта қабылданады. Гипокалиемия және артериялық гипертензияны түзетуге қол жеткізгенде бастапқы гиперальдостеронизм барын болжамдауға болады. Қысқа тест: спиронолактон тәулігіне 400 мг-ден 4 күн бойы қабылданады. Верошпирон препаратын қабылдау кезінде қанда калий мөлшері артқанда және оны тоқтатқаннан кейін төмендегенде бастапқы гиперальдостеронизм барын болжамдауға болады. Емі Хирургиялық емге дайындық кезінде спиронолактонды тәулігіне 100-ден 400 мг дейінгі дозаларда қолданады. Егер операция тағайындалмаса, спиронолактонды ең аз тиімді дозада ұзақ демеуші ем үшін қолдануға болады. Ондай жағдайда препараттың бастапқы дозасы ең аз тиімді дозаға жеткенге дейін әрбір 14 күн сайын азайтылуы мүмкін. Верошпирон препаратын ұзақ қолданғанда жағымсыз әсерлерінің айқындығын төмендету үшін басқа диуретиктермен біріктірілімде қолдану ұсынылады. Жүрек функциясының іркілістік жеткіліксіздігі немесе нефроздық синдром аясындағы ісінулер Бастапқы доза 100 мг құрайды және тәулігіне 25-тен 200 мг дейінгі аралықта өзгеруі мүмкін, препаратты 1-2 қабылдау ішінде қолдануға болады. Верошпирон препаратының анағұрлым жоғары дозаларын қабылдағанда бүйрек өзекшерінің анағұрлым проксимальдық бөлігінде әсер ететін диуретикпен бірге қолданылуы мүмкін. Ондай жағдайда Верошпирон препаратының дозасын түзету керек.   Жүрек функциясының ауыр жеткіліксіздігін емдеген кезде қосымша ем (Нью-Йорк кардиологиялық қауымдастығының (NYHA) жіктеуі бойынша III-IV класс және лықсыту фракциясы ≤35%) Альдактонды қолдануды рандомизацияланған зерттеу нәтижелері негізінде (RALES), егер қан сарысуында калий мөлшері 5,0 мЭкв/л аспайтын болса, ал креатинин концентрациясы қан сарысуында 2,5 мг/дл аспайтын болса, қолданудың басында базалық стандартты ем аясында спиронолактонның дозасы тәулігіне 25 мг құрауы тиіс екендігі анықталды. Тәулігіне 25 мг дозада препарат жағымдылығы жақсы пациенттерге клиникалық көрсетілімдері бойынша дозаны тәулігіне 50 мг дейін арттыруға болады. Препарат жақпайтын пациенттерге тәулігіне 25 мг дозада, препарат дозасын 2 күнде бір рет 25 мг дейін төмендетуге болады. Бұрын қолданылған гипотензиялық препараттардың тиімділігі жеткіліксіз болған жағдайда артериялық гипертензияны емдеу кезіндегі қосымша ем Спиронолактонның бастапқы дозасы басқа гипотензиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда тәулігіне 25 мг құрайды. Егер 4 апта өткеннен кейін артериялық қысым мақсатты мәніне жетпесе, препараттың дозасын екі еселеуге болады. Гиперкалиемия дамуын туындатуы мүмкін  препаратты қабылдайтын артериялық гипертензиясы бар пациенттерде (мысалы, АӨФ тежегіштері немесе ангиотензин рецепторларының блокаторлары), спиронолактон қолдануды бастағанға дейін қан сарысуында калий және креатинин мөлшерін бағалау керек. Қан сарысуында калий мөлшері 5,0 ммоль/л асатын, ал креатинин концентрациясы қан сарысуында 2,5 мг/дл асатын пациенттерге Верошпирон препаратын қолданбаған жөн. Спиронолактон қабылдауды бастағаннан кейін 3 ай ішінде қандағы калий және креатинин мөлшерін мұқият бағалау керек.   Асцит және бауыр циррозына байланысты ісінулер Егер несепте Na/K иондарының арақатынасы 1,0 асатын болса, препараттың тәуліктік дозасы 100 мг құрауы тиіс. Егер көрсетілген арақатынасы 1,0 аз болса, препарат дозасы тәулігіне 200-ден 400 мг дейінгі аралықта болуы тиіс. Демеуші доза әрбір пациент үшін жекелей белгіленуі тиіс. Гипокалиемия Егер калий препараттарын немесе басқа калий жинақтаушы әдістерді қолдану жеткіліксіз болатын болса, препарат тәулігіне 25-100 мг дозада тағайындалады. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Препарат капсула қабығының құрамында балаларға тыйым салынған бояғыштардың болуына байланысты балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды. Қажет болған жағдайда, балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде Верошпирон препаратын 25 мг таблетка дәрілік түрінде қолдану керек. Егде жастағы пациенттер Препаратпен емдеуді ең жоғары қажетті әсеріне жеткенге дейін оны біртіндеп арттыра отырып ең аз дозадан бастау ұсынылады. Спиронолактон метаболизмі мен шығарылуына әсер етуі ықтимал бүйрек пен бауырдың ауыр бұзылулары бар пациенттерде сақ болу керек. Сонымен қоса, препаратты егде жастағы пациенттерде қолданғанда гиперкалиемияның даму қаупін ескерген жөн. Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану бойынша арнайы нұсқаулар жоқ. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану бойынша арнайы нұсқаулар жоқ. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдауға арналған. Әдетте, спиронолактонның тәуліктік дозасы тамақтанудан кейін тәулігіне 1 немесе 2 рет қабылданады. Препараттың тәуліктік дозасын немесе тәуліктік дозасының бірінші бөлігін таңертең қабылдау ұсынылады. Емдеу ұзақтығы Верошпирон препаратын дәрігер тағайындағандай ұзақ қабылдау жөн. Бәлкім, бұл препаратты ұзақ уақыт қабылдауға тура келеді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.