+62 бонус

ВЕРМОКС 100 мг №6 таб

1250 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Мебендазол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Румыния
  • Өндіруші: ОАО Гедеон Рихтер
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Дәрілік препарат құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 100 мг мебендазол; қосымша заттар: натрий лаурилсульфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, натрий сахарині, тальк, жүгері крахмалы, лактоза моногидраты.
Қолданылуы
Асқазан-ішек жолдарының инвазиялардан туындаған оқшауланған немесе аралас паразиттік ауруларында: энтеробиоз (Enterobius vermicularis ) (жұмыр құрттар/острицалар); аскаридоз (Ascaris lumdricoides) (аскаридалар); трихинеллез (Trichuris trichiura) (түктібас құрттар); анкилостомидоз (Ancylostoma duodenale) (анкилостомалар); некатороз (Necator americanus) (америкалық қисықбасты құрттар); стронгилоидоз (Strongloides stercoralis) (жіпшелі нематодтар); тениоз (Taenia spp) (таспа құрттар).
Қарсы көрсетілімдер
белсенді затқа немесе препараттың қосымша затарының кез келгеніне жоғары сезімталдық галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза мальабсорбциясы сияқты тұқым қуалайтын аурулар жүктілік және емшек емізу кезеңі 2 жасқа дейінгі балалар.
Дозасы
Дозалану режимі Энтеробиоз Балалар мен ересектерде дене салмағына және жасына қарамастан: 100 мг бір дозаны (1 таблетка) бір рет қабылдау жеткілікті. Enterobius vermicularis инфекциясының қайталану жиілігі жоғарылығын ескеріп, емдеуді 2 және 4 аптадан соң қайталау ұсынылады. Отбасының барлық мүшелерін бір мезгілде емдеу ұсынылады. Аскаридоз, трихоцефалез, анкилостомидозда және аралас паразиттік инфекциялар Балаларға және ересектерде дене салмағына және жасына қарамастан: тәулігіне 200 мг (таңертең 1 таблетка және кешке 1 таблетка) 3 күн қатарынан. Тениоз, стронгилоидоз ересектерге арналған толық емдеу курсы: тәулігіне 400 мг (таңертең 2 таблетка және кешке 2 таблетка) 3 күн қатарынан. балалар мен жасөспірімдер үшін (≥ 2 - 16 жас): Мебендазолдың ≥ 2 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер шектеулі. Мебендазолды осы жас тобында баламалы емдеу жоқ болған жағдайда ғана тағайындау керек. Енгізу әдісі және жолы Ішке қабылдауға арналған. Таблетканы тұтастай немесе шайнап жұтуға болады. Кішкентай балаларға таблетканы ұсақталған түрде беру ұсынылады. Препаратты балалар қабылдағаннан кейін олардың жай-күйін бақылау керек. Сызығы тек таблетканы екіге бөлуді жеңілдетуге және жұтуға қолайлы болу үшін арналған, таблетканы теңдей екі дозаға бөлуге арналмаған. Емдеу кезінде іш жүргізетін дәрілер қабылдау немесе арнайы диета ұстану қажет емес.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.