+27 бонус

ВЕРАПАМИЛ 80 мг №50 таб

545 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Верапамил
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Россия
  • Өндіруші: Ирбитский химико-фармацевтический завод
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында: белсенді зат – верапамил гидрохлориді 80,0 мг, қосымша заттар: лактоза моногидраты, картоп крахмалы, кальций стеараты, тальк, полисорбат-80, хинолинді сары бояғыш Е104, титанның қостотығы, метилцеллюлоза, ара балауызы, вазелин майы.
Қолданылуы
- жүректің ишемиялық ауруында: тұрақты кернеулі стенокардия, тұрақсыз стенокардия (үдемелі стенокардия, тыныштық күйдегі стенокардия), вазоспазмдық стенокардия (нұсқалық стенокардия, Принцметал стенокардиясы), жүрек жеткіліксіздігі жоқ пациенттердегі инфарктіден кейінгі стенокардияда, егер бета-адреноблокаторлар көрсетілмесе - ырғақ бұзылуында: пароксизмалық қарыншаүстілік тахикардия, атриовентрикулярлық өткізгіштігі жылдам жүрекшелердің дірілдеуі/жыпылықтауы, Вольф – Паркинсон - Уайт (WPW) синдромын немесе Лоун-Ганонг-Левин (LGL) синдромын қоспағанда - артериялық гипертензия
Қарсы көрсетілімдер
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - кардиогенді шок - II немесе III дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада (істеп тұрған электрокардиостимуляторы бар пациенттерден басқа). - синустық түйін әлсіздігі синдромы (қызмет істеп тұрған электрокардиостимуляторы бар пациенттерден басқа) - лықсыту фракциясы 35 %-дан төмен және/немесе өкпе артериясының қысылу қысымы 20 мм сын.бағ. жоғары жүрек жеткіліксіздігі (егер тек бұл жағдай, Верапамил препаратымен емдеуге бағынатын қарыншаүстілік тахикардияға қатысты салдарлы жағдай болмаса) - қосымша өткізгіш жолдар болғанда жүрекшелердің дірілдеуі/фибрилляциясы (мысалы, WPW-синдром, LGL-синдром). Мұндай пациенттерде Верапамил препаратын қолданғанда қарыншалық фибрилляцияны қоса, қарыншалық тахикардияның даму қаупі бар - ивабрадинмен біріктіріп қолдану - верапамилмен емдеу кезінде бета-блокаторларды вена ішіне қолданбаған жөн (қарқынды ем жүргізу жағдайларын қоспағанда) - жүктіліктің I және II триместрі - тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дозасы
Дозалау режимі мен емдеу ұзақтығы науқастың жағдайына, ауырлық дәрежесіне, ауру ағымының ерекшеліктеріне және емнің тиімділігіне байланысты жеке белгіленеді. Қолдануға ұсынылатын барлық көрсетілімдер үшін орташа тәуліктік доза 240-ден 360 мг-ге дейін өзгереді. Ұзақ емдеу кезінде 480 мг тәуліктік дозадан аспау керек, алайда қысқа мерзімді емдеу кезінде едәуір жоғары тәуліктік дозаны пайдалануға болады. Ересектер мен дене салмағы 50 кг-ден асатын жасөспірімдер: Жүректің ишемиялық ауруы Ұсынылатын тәуліктік доза тиісінше 3-4 қабылдауға бөлінген верапамил гидрохлоридінің 240-480 мг құрайды: осы дәрілік препараттың 1 таблеткасынан тәулігіне 3-4 рет (тәулігіне 240-320 мг верапамил гидрохлоридіне сәйкес келеді). Едәуір жоғары дозалар үшін (мысалы, тәулігіне 360-480 мг верапамил гидрохлориді) әсер етуші заттың тиісті мөлшері бар дәрілік түрлері шығарылады. Артериялық гипертензия Ұсынылатын тәуліктік доза тиісінше 3 қабылдауға бөлінген верапамил гидрохлоридінің 240-360 мг құрайды: осы дәрілік препараттың 1 таблеткасынан тәулігіне 3 рет (тәулігіне 240 мг верапамил гидрохлоридіне сәйкес келеді) Едәуір жоғары дозалар үшін (мысалы, тәулігіне 360 мг верапамил гидрохлориді) әсер етуші заттың тиісті мөлшері бар дәрілік түрлер шығарылады. Пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия, жүрекшелердің дірілдеуі/жыпылықтауы Ұсынылатын тәуліктік доза тиісінше 3-4 қабылдауға бөлінген верапамил гидрохлоридінің 240-480 мг құрайды: осы дәрілік препараттың 1 таблеткасынан тәулігіне 3-4 рет (тәулігіне 240-320 мг верапамил гидрохлоридіне сәйкес келеді). Едәуір жоғары дозалар үшін (мысалы, тәулігіне 360-480 мг верапамил гидрохлориді) әсер етуші заттың тиісті мөлшері бар дәрілік түрлер шығарылады. Балалар (тек жүрек ырғағының бұзылуы кезінде): 6 жасқа дейінгі үлкен мектеп жасына дейінгі балалар Ұсынылатын тәуліктік доза 2-3 қабылдауға бөлінген верапамил гидрохлоридінің 80-120 мг құрайды. Осы мақсатта әсер етуші заттың (40 мг верапамил гидрохлориді) тиісті мөлшері бар дәрілік түрлер шығарылады. 6-14 жастағы мектеп жасындағы балалар Ұсынылатын тәуліктік доза сәйкесінше 2-4 қабылдауға бөлінген верапамил гидрохлоридінің 80-360 мг құрайды: осы дәрілік препараттың 1 таблеткасынан тәулігіне 2-4 рет (тәулігіне 160-320 мг верапамил гидрохлоридіне сәйкес келеді). Бұл дәрілік препарат, егер едәуір төмен дозаларды (мысалы, тәулігіне 80 мг верапамил гидрохлориді) пайдаланған кезде жеткілікті әсерге қол жеткізілмеген жағдайда қолданылады. Едәуір жоғары дозалар үшін (мысалы, тәулігіне 360 мг верапамил гидрохлориді) әсер етуші заттың тиісті мөлшері бар дәрілік түрлер шығарылады. Бүйрек функциясының бұзылулары Бүйрек функциясының бұзылулары бар пациенттерде Верапамилді сақтықпен және мұқият бақылай отырып қолданған жөн («Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары» бөлімін қараңыз). Бауыр функциясының бұзылулары Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препараттың метаболизмі бұзылулардың ауырлық дәрежесіне байланысты баяулайды, соның салдарынан Верапамил препаратының әсері күшейеді және ұзарады. Сондықтан, мұндай жағдайларда дозасын ерекше сақтықпен таңдап алу және ең аз дозаларынан бастау керек (мысалы, бауыр функциясы бұзылған пациенттер үшін алдымен күніне 2–3 рет 40 мг-ден, тиісінше тәулігіне 80–120 мг). Енгізу әдісі және жолы Препаратты сормай және жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су, бірақ грейпфрут шырыны емес) шайнамай қабылдау керек, дұрысы тамақтану кезінде немесе одан кейін бірден қабылдау керек. Верапамилді жатқан қалыпта қабылдауға болмайды. Миокард инфарктісінен кейінгі стенокардиясы бар пациенттерде Верапамилді жедел миокард инфарктісінен 7 күн өткен соң ғана қолдануға болады. Емдеу ұзақтығы Препаратпен емдеу ұзақтығы шектелмейді.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.