ВЕРАКОЛ 1г 1 флак

2060 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Цефтриаксон
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Греция
  • Өндіруші: Демо С.А. Фармасьютикал Индастри
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір құтының ішінде белсенді зат - 1193.00 мг натрий цефтриаксоны (1000.00 мг цефтриаксонға баламалы). Еріткіші бар бір ампуланың ішінде: белсенді зат - 37.30 мг лидокаин гидрохлориді моногидраты (35.00 мг лидокаин гидрохлоридіне баламалы); қосымша зат - 3.5 мл-ге дейін инъекцияға арналған су.
Қолданылуы
Цефтриаксонға сезімтал қоздырғыштар туындататын инфекциялар: - тыныс алу жолдарының инфекциялары, әсіресе пневмония, сондай-ақ ЛОР- ағзаларының инфекциялары - абдоминальді инфекциялар (перитонит, өт жолдарының және асқазан-ішек жолының инфекциялары) - бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекциялары - жыныс мүшелерінің инфекциялары, оның ішінде соз - сепсис - сүйектердің, буындардың, жұмсақ тіндердің, терінің инфекциялары және жара инфекциялары - иммунитеті төмен пациенттердегі инфекциялар - менингит - диссеминацияланған Лайм ауруы (II және III сатылар) Асқазан-ішек жолына, өт жолдарына, урогенитальді және гинекологиялық аумақтарға жасалатын операциялар кезінде инфекциялардың периоперациялық профилактикасы, бірақ ықтимал немесе дәлелденген контаминация жағдайында ғана. Бактерияға қарсы препараттарды тиісті түрде пайдалануға қатысты ресми басшылық нұсқауларды назарға алу қажет.
Қарсы көрсетілімдер
- аса жоғары сезімталдық Препарат цефтриаксонға немесе кез келген басқа цефалоспоринге аса жоғары сезімталдығы белгілі пациенттерге қарсы көрсетілімді. Анамнезінде пенициллинге немесе басқа бета-лактамды препараттарға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде цефтриаксонға аса жоғары сезімталдық қаупі жоғары болуы мүмкін. Құрамында лидокаин бар еріткіш пайдаланылатын Вераколды бұлшықетішілік инъекция кезінде, лидокаинді кез келген қолдануға болмайтын жағдайлар жоққа шығарылуы тиіс. - лидокаин белсенді ингредиентіне немесе анилидті типті жергілікті анестетиктерге аса жоғары белсенділігі белгілі. - құрамында лидокаин бар цефтриаксон ерітінділерін ешқашан вена ішіне енгізуге болмайды - лидокаинді 15 жасқа дейінгі педиатриялық практикада еріткіш ретінде қолдану - ауыр өткізгіштік бұзылыстары - жедел декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі. - шала туылған балалар Препарат 41 апталық мерзімге дейінгі (гестациялық жас + туғаннан кейінгі жас) шала туылған нәрестелерге қолдануға болмайды. - гипербилирубинемиясы бар жаңа туған нәрестелер Гипербилирубинемиясы бар жаңа туған нәрестелерді билирубиннің сарысулық альбумин цефтриаксонмен байланысуынан ығысуына байланысты билирубинді энцефалопатияның даму қаупіне байланысты препаратпен емдеуге болмайды. - жаңа туған нәрестелер және құрамында кальций бар вена ішіне енгізуге арналған ерітінділер Препарат цефтриаксон кальций тұздарының шөгуі нәтижесінде бүйрек пен өкпе ағзаларының өлімге әкелетін зақымдану қаупіне байланысты, парентеральді қоректену сияқты құрамында кальций бар үздіксіз инфузияларды қоса алғанда, құрамында кальций бар препараттармен парентеральді емдеу қажет болуы мүмкін жаңа туған нәрестелерге (≤28 күн) қарсы көрсетілімді. Сою өкпе мен бүйректе кристалдық материалды анықтаған өліммен аяқталған жағдайлардың аз саны цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділермен ем алған жаңа туған нәрестелерде тіркелді. Осы жағдайлардың кейбірінде цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді дайындау үшін сол бір инфузия желісі пайдаланылды, ал кейбір жағдайларда инфузия желісінде тұнба анықталды. Цефтриаксон мен құрамында кальций бар ерітінділерді әртүрлі уақытта және әртүрлі инфузиялық жүйелер арқылы берген жаңа туған нәрестеде кем дегенде бір өлім тіркелді. Сою кезінде осы жаңа туған нәрестеде кристалдық материал анықталған жоқ. Жаңа туған нәрестелерден басқа, пациенттер туралы ешқандай салыстырмалы есептер жоқ.
Дозасы
Бұлшықетішілік енгізу үшін құрамында лидокаин бар еріткіш қолданылады. Цефтриаксонды бұлшықет ішіне енгізер алдында лидокаинге кез келген қарсы көрсетілімдерді жоққа шығару қажет. Қолдануға дайын ерітінділерді дайындау (вена ішіне, бұлшықет ішіне және дене салмағына байланысты дозалар) «Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімін қараңыз.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.