+201 бонус

ВЕРАБЕЗ 20 мг №14 таб

4020 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Рабепразол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Испания
  • Өндіруші: ВЕГАФАРМ ЛЛП
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат-натрий рабепразолы *** 10 мг және 20 мг, қосымша заттар: маннитол (ұнтақ), ауыр магний тотығы, L-гидроксипропилцеллюлоза, LH-31 (төмен орын басқан гидроксипропилцеллюлоза), HPC (Гидроксипропилцеллюлоза-L), магний стеараты, сусыз этанол**, ортаңғы қабық: этилцеллюлоза (STD 10), ауыр магний тотығы, сусыз этанол**, ішек қабығы: гипромеллоза фталаты (HP55), дибутил-себацинат, темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), тальк, сусыз этанол**, тазартылған су** ** - соңғы өнімде жоқ, кептіру кезінде буланады *** - 9.42 мг (10 мг доза үшін) немесе 18.85 мг (20 мг доза үшін) негізіне шаққанда.
Қолданылуы
асқыну сатысындағы он екі елі ішектің ойық жара ауруы асқыну сатысындағы асқазанның қатерсіз ойық жара ауруы гастроэзофагеальді рефлюкстік аурудың (ГЭРА) симптоматикалық эрозиялық немесе ойық жаралы түрі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ мерзімді демеуші емдеу (ГЭРА демеуші ем) орташадан ауыр дәрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (ГЭРА симптоматикалық ем) Золлингер-Эллисон синдромы тиісті бактерияға қарсы дәрілермен біріктірілімде асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы бар пациенттерде Helicobacter pylori бактериясын жою
Қарсы көрсетілімдер
- натрий рабепразолына, орын басқан бензимидазолдарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дозасы
Ересектер / егде жастағы пациенттер Он екі елі ішектің ойық жарасы және асқыну сатысындағы асқазанның қатерсіз ойық жаралы ауруы Күніне 1 рет, таңертең 20 мг ішке қабылдау ұсынылады. Асқыну сатысындағы он екі елі ішектің ойық жаралы ауруы болған кезде, пациенттердің көпшілігінде ойық жараның жазылуы 4 апта ішінде болады. Алайда, кейбір пациенттер ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 4 апта емдеуді қажет етуі мүмкін. Асқыну сатысында асқазанның қатерсіз ойық жаралы ауруы бар пациенттердің көпшілігінде жазылу 6 апта ішінде басталады. Алайда, пациенттердің аз бөлігі ойық жараның толық жазылуына қол жеткізу үшін тағы 6 апта емдеуді қажет етуі мүмкін. Гастроэзофагеальді рефлюкстік аурудың (ГЭРА) эрозиялық немесе ойық жаралы түрі Верабез препаратының ұсынылатын дозасы-күніне 1 рет 20 мг, ішке. Емдеу ұзақтығы 4-8 аптаны құрайды. Гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды ұзақ мерзімді демеуші емдеу (ГЭРА демеуші ем) Ұзақ мерзімді емдеу кезінде пациенттің емге жауабына байланысты Верабез препаратының - 10 немесе 20 мг демеуші дозасын күніне 1 рет қолдануға болады. Орташадан ауыр дәрежеге дейінгі гастроэзофагеальді рефлюкстік ауруды симптоматикалық емдеу (симптоматикалық ГЭРА) Эзофагитсіз ГЭРА бар пациенттерге күніне 1 рет 10 мг ішке қабылдау ұсынылады. 4 апта емдегеннен кейін емдеуге жауап болмаған жағдайда қосымша тексеру жүргізіледі. Симптомдар басылғаннан кейін, олардың кейіннен қайта басталуын болдырмау үшін Верабез препаратын талап бойынша күніне бір рет 10 мг дозада ішке қабылдау керек. Золлингер-Эллисон синдромы Тағайындалған доза аурудың клиникалық көріністеріне байланысты. Ересектерге арналған Верабез препаратының ұсынылатын бастапқы дозасы 60 мг х күніне 1 рет, қажет болған жағдайда дәрігер пациенттің жеке қажеттіліктеріне байланысты дозаны тәулігіне 120 мг-ға дейін арттыра алады немесе дозаны күніне 1 рет 100 мг-ға дейін тағайындай алады. 120 мг тәуліктік доза тағайындалған жағдайда, бұл дозаны 60 мг-ден екі қабылдауға бөлуге болады. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. Helicobacter pylori қоздырғышын жою H. pylori жою үшін препараттардың келесі біріктірілімі 7 күндік курспен ұсынылады: Верабез препараты күніне 2 рет 20 мг + кларитромицин 500 мг күніне 2 рет және амоксициллин 1 г күніне 2 рет. Емдеу ұзақтығы: 7 күн. H. Pylori жою сызбасына сәйкес, препараттарды қабылдау күніне бір рет жүргізілуі тиіс, Верабез препаратын таңертең, таңғы ас алдында қабылдау керек, бірақ тәулік уақыты да, тамақ та натрий рабепразолының белсенділігіне әсер етпейді. Препаратты қабылдаудың бұл режимі емдеу режимін сақтауға ықпал етеді. Пациенттердің ерекше топтары Балалар Верабез препараты осы жас тобында тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты балаларда қолдану үшін ұсынылмайды. Егде жастағы пациенттер Егде жастағы пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес. Бауыр жеткіліксіздігінің орташа және жеңіл дәрежесі бар пациенттерде дені сау пациенттермен салыстырғанда ұсынылған дозада қабылдаған кезде натрий рабепразолының әсер ету деңгейі жоғары болды. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерді Верабез препаратымен 10 мг немесе 20 мг дозада емдеу сақтықпен жүргізілуі тиіс. Бауыр функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерді емдеген кезде рабепразолды қолдану "Арнайы ескертулер" бөлімінде толығырақ қарастырылған. Енгізу әдісі мен жолы Ішке қабылдау үшін. Егер дәрігер Верабез препаратын күніне бір рет қабылдауды ұсынса, онда оны таңертең, тамақтанар алдында қабылдау керек, дегенмен препаратты қабылдау және ас ішу натрий рабепразолының белсенділігіне айтарлықтай әсер етпейді. Верабез препаратының таблеткаларын шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, оларды тұтастай жұту керек.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.