+80 бонус

ВЕНТОЛИН 100мкг/доза 200 доз аэрозоль

1600 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Сальбутамол
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Франция
  • Өндіруші: Глаксо Веллком Продакшн
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір доза құрамында белсенді зат - сальбутамол сульфаты 120,5 мкг (100 мкг салбутамолға баламалы), қосымша заттар - 1,1,1,2-тетрафторэтан (HFA-134a пропеллент), құрамында хлорфторкөміртектер жоқ.
Қолданылуы
Вентолин®, ингаляцияға арналған аэрозоль тыныс алу жолдарының қайтымды обструкциясы кезінде жылдам басталуымен (5 минут ішінде) бронхтардың қысқа мерзімді (4-тен 6 сағатқа дейін) кеңеюін қамтамасыз етеді. Демікпе симптомдарын жеңілдету және алдын алу үшін қолданылады. Оны симптомдар пайда болған кезде жеңілдету үшін және пациент демікпе ұстамасын тудыруы мүмкін деп есептейтін жағдайларда (мысалы, физикалық жаттығу алдында немесе жақын арада аллерген әсері ету мүмкіндігімен) алдын алу үшін қолданылуы керек. Вентолин®, ингаляцияға арналған аэрозоль, егер оны қолдану жүйелі жүргізілетін ингаляциялық кортикостероидтармен емдеуді бастауды және қолдануды кешіктірмеген кезде жеңіл, орташа немесе ауыр демікпе симптомдарын жеңілдетуге арналған дәрі ретінде қолданылады.
Қарсы көрсетілімдер
- препараттың құрамына кіретін кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық Сальбутамолдың бұл шығарылымдағы түрі вена ішіне енгізуге арналмаған, мезгілінен бұрын босану және түсік тастау қаупін болдырмау үшін қолданылмауы тиіс.
Дозасы
Тек пероральді ингаляция жасау үшін қолданылады. Дем алу және аэрозольдің босап шығуы үйлесімінде қиындықтар туындайтын пациентерге Вентолин® ингаляцияға арналған аэрозольді спейсер түріндегі медициналық бұйымның жәрдемімен қолданылуы мүмкін. Ересектер Жедел демікпе симптомдарын, соның ішінде бронх түйілуін жеңілдету үшін бір ингаляцияны (100 мкг) бірреттік өте төмен бастапқы доза ретінде беруге болады. Қажет болса, бұл мөлшерді екі ингаляцияға дейін арттыруға болады. Аллергендерден немесе физикалық жаттығулардан туындаған симптомдардың алдын алу үшін мәселе туындағанға дейін 10-15 минут бұрын екі ингаляцияны қабылдау керек. Тұрақты терапияда тәулігіне төрт ретке дейін екі ингаляция жасау керек. Балалар Жедел бронх түйілуін жеңілдету 12 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегі доза: бір ингаляция (100 мкг). Қажет болса, дозаны екі ингаляцияға дейін арттыруға болады. 12 жастағы және одан асқан балалар. Ересектердегідей дозалау режимі. Аллерген немесе физикалық жүктемеден туындаған бронх түйілуінің профилактикасы 12 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегі доза: жүктеме немесе физикалық жүктеме алдында бір ингаляция (100 микрограмм). Қажет болса, дозаны екі ингаляцияға дейін арттыруға болады. 12 жастағы және одан асқан балалар. Ересектердегідей дозалау режимі. Тұрақты терапия 12 жасқа дейінгі балалар үшін әдеттегі доза: күніне 4 рет екі ингаляцияға дейін. 12 жастағы және одан асқан балалар. Ересектердегідей дозалау режимі. Бэбихейлер спейсер құрылғысын 5 жасқа дейінгі балалардың дем тартуын жеңілдету үшін пайдалануға болады. Талап бойынша Вентолин® ингаляцияға арналған аэрозольді қолдану 24 сағат ішінде 8 ингаляциядан аспауы керек. Жиі қосымша қолдану немесе дозаны кенеттен арттыру нашар бақыланатын демікпе немесе демікпе ағымының асқынуын көрсетеді. Енгізу әдісі мен жолы Тек пероральді ингаляция жасау үшін қолданылады. Дем алу және ингалятордан аэрозольдің босап шығуы үйлесімінде қиындықтар туындайтын адамдарға Вентолин® ингаляцияға арналған аэрозольді Көлемді шайба (Volumatic spacer device) түріндегі медициналық бұйымның жәрдемімен қолданылуы мүмкін. Ингалятордың қызмет көрсету қабілеттілігін тексеру Қолданар алдында ингалятордың қызмет көрсету қабілеттілігін тексеру керек. Қақпақтың екі жағын ақырын қыса отырып, мүштіктен абайлап алыңыз. Ингалятордың қызмет көрсету қабілеттілігін тексеру үшін жақсылап сілкіңіз, мүштікті өзіңізден сыртқа қарай бағыттаңыз және, препараттың екі дозасын ауаға шашырату үшін баллонды басыңыз. Егер ингалятор 5 күн бойы және одан көбірек пайдаланылмаса, жақсылап сілку қажет, бүлінбегендігіне көз жеткізу үшін, препараттың екі дозасын ауаға бүркіп шашырату керек. Ингаляторды қолдану 1. Ингалятордың мүштігінен қорғаныш қалпағын алу керек. Ингалятордың, мүштікті қоса, ішкі және сыртқы бөлігін, тазалығын және құрғақтығын, сондай-ақ құрылғының бекітілмеген бөлшектерінің бар-жоқтығын тексеру керек. 2. Ингалятордың ішіндегісі біркелкі араласуы үшін, сондай-ақ құрылғының бетінен бекітілмеген барлық бөлшектердің алынуы үшін ингаляторды қарқынмен сілкілеп шайқау керек. 3. Ингаляторды, оның мүштіктен төмен негізін бас бармаққа орналастырып, бас бармақ пен сұқ саусақтың арасына тігінен ұстайды. 4. Демді (барынша) терең шығару керек. Содан кейін мүштікті тіс арасына салып (оны тістемей), ерінмен мығымдап қымқырып ұстау керек. 5. Ауыз арқылы терең дем алу керек. Терең дем алуды жалғастыра отырып, ингалятордың жоғарғы жағын қысып басу керек. 6. Демді кідірте тұрады, ингаляторды ауыздан шығарып алып, ингалятордың жоғарғы жағынан сұқ саусақты алу керек. Демді барынша ұзақтау ұстаған жөн. 7. Егер ингаляцияны жалғастыру қажет болса, ингаляторды тігінен ұстап, шамамен жарты минуттай күте тұрған жөн, содан кейін 2 – 6-шы сатыларды қайталау керек. 8. Ингаляциядан кейін мүштікке шаңнан қорғайтын қалпағын абайлап кигізу керек. Балаларға көмек қажет болуы мүмкін және олардың ата-аналары оларға ингалятор енгізуі қажет болуы мүмкін. Сәбиге немесе балаға препаратты беру қажет болса, спейсер бэбихейлер құрылғысын немесе бет маскасы бар спейсерді пайдалануға болады – егер медициналық бұйым препаратты қолдануды жеңілдетеді деп ойласаңыз, дәрігеріңізбен сөйлесіңіз. Ингаляторды тазалау Ингаляторды аптасына кемінде бір рет тазалау керек. 1. Ингалятордың пластик корпусынан металл контейнерді алып тастаңыз және мүштіктің қақпағын алыңыз. 2. Бүркігішті жылы ағын сумен шаю керек. 3. Бүріккіштің ішін және сыртын мұқият құрғатыңыз. 4. Контейнерді және мүштіктің қақпағын орнына қайта салып қою керек. МЕТАЛЛ КОНТЕЙНЕРДІ СУҒА САЛМАҢЫЗ.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.