+2250 бонус

ВЕЛСОФ 400 мг/100 мг №28 таб

9:00-ден кейін қолжетімді
45000 ₸ бастап
Себеттегі баға өзгеруі мүмкін
Софосбувир и велпатасвир
Appteka сервисі
45 минутта жеткіземіз
45 минутта жеткіземіз
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
5000 ₸-ден бастап тегін жеткізу Halyk market
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Өзіңіз алып кету — қазір сатып алыңыз, ыңғайлы уақытта алып кетіңіз
Сипаттамалары
  • Ел: Индия
  • Өндіруші: ХЕТЕРО ЛАБС ЛИМИТЕД
Балама тауарлар
Нұсқаулық
Құрамы
Бір таблетканың құрамында белсенді заттар: 200 мг велпатасвир премиксі 100 мг велпатасвирге баламалы, софосбувир 400 мг қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Авицел РН 101), натрий кроскармеллозасы (Ас-Ди –Тұз), магний стеараты (Лигамед MF-2-V) үлбірлі жабын: Опадрай II Көк 85F505115: ішінара гидролизденген поливинил спирті, макрогол/ПЭГ, титанның қостотығы Е171, тальк, FD&C Көк № 2/Индигокармин алюминий лагы Е132, FD&C Көк №1/Бриллиантты көк, алюминий лагы Е133), тазартылған су
Қолданылуы
ВЕЛСОФ вирусқа қарсы біріктірілген емнің бір бөлігі ретінде ересектердегі созылмалы С вирустық гепатитін емдеуге арналған.
Қарсы көрсетілімдер
Белсенді компоненттерге немесе кез-келген қосымша заттарға жоғары сезімталдық. Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, өйткені оны осы жас топтарында қолдану тәжірибесі жеткіліксіз.
Дозасы
Барлық ВСГ генотиптері, оған қоса адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған, сондай-ақ бауыр трансплантациясынан кейін ВСГ қайталанған пациенттер үшін. Циррозы жоқ пациенттерге және компенсацияланған циррозы бар пациенттерге 12 апта ішінде софосбувир мен велпатасвир таблеткаларын қабылдау ұсынылады. Бауыр циррозы компенсацияланған 3 генотипті бар пациенттер үшін рибавиринді қосуды қарастыруға болады. Декомпенсацияланған бауыр циррозы бар пациенттерге Софосбувир мен велпатасвир таблеткаларын 12 апта ішінде рибавиринмен бірге қабылдау керек. Бауыр циррозы декомпенсацияланған пациенттер үшін рибавиринді екі тәуліктік дозаға бөліп қабылдау Бауыр циррозы бар пациенттерге трансплантацияға дейін Чайлд-Пью-Туркотт шкаласы (СРТ) бойынша классы дене салмағы <75 кг пациенттер үшін күніне 1000 мг және дене салмағы ≥ 75 кг пациенттер үшін 1200 мг тамақтану кезінде қабылданады. Бауыр циррозы бар пациенттер трансплантацияға дейінгі СРТ шкаласы бойынша және трансплантациядан кейінгі СРТ шкаласы бойынша В немесе С класы бойынша 600 мг дозадан бастап, оны ең жоғары 1000/1200 мг дейін титрлеуге болады (дене салмағы <75 кг пациенттер үшін 1000 мг және дене салмағы ≥75 кг пациенттер үшін 1200 мг), егер мұндай схема пациентке жағымды болса тамақпен бірге қабылдайды. Егер бастапқы дозаның жағымдылығы жақсы болмаса, дозаны гемоглобин деңгейіне негізделген клиникалық көрсетілімдерге сәйкес азайту керек. Егер рибавирин компенсацияланған бауыр циррозы бар 3 генотипті пациенттерге тағайындалса (трансплантациядан бұрын немесе кейін), рибавириннің ұсынылатын дозасы 1000/1200 мг құрайды (дене салмағы <75 кг пациенттер үшін 1000 мг және дене салмағы ≥75 кг пациенттер үшін 1200 мг). Егде жастағы адамдар Егде жастағы пациенттер үшін дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі Бүйрек жеткіліксіздігі жеңіл және орташа пациенттер үшін софосбувир және велпатасвир таблеткаларының дозасын түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр (есептік шумақтық сүзіліс жылдамдығы [еШСЖ) <30 мл/мин/1.73 м2) және гемодиализді қажет ететін БЖТС пациенттерде қауіпсіздік деректері шектелген. Үлбірлі қабықпен қапталған софосбувир және велпатасвир 400 мг/100 мг таблеткалары мұндай пациенттерге емдеудің басқа нұсқалары болмаған кезде дозаны түзетпей тағайындалуы мүмкін. Бауыр жеткіліксіздігі Бауыр жеткіліксіздігі жеңіл, орташа немесе ауыр пациенттер үшін софосбувир және велпатасвир таблеткаларының дозасын түзету қажет емес (Чайлд-Пью-Туркотт (СРТ) шкаласы бойынша А, В немесе С класы). Софосбувир және велпатасвир таблеткаларының қауіпсіздігі мен тиімділігі CPT бойынша C класты пациенттерде емес, CPT бойынша В класты пациенттерде бағаланды. Балалар Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану зерттелмеген. Енгізу жолы және тәсілі Ішке қабылдау үшін. Таблетканы тамақпен немесе онсыз толығымен жұту керек. Ащы дәміне байланысты үлбірлі қабықпен қапталған таблетканы шайнау немесе ұсақтау ұсынылмайды. Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі Софосбувир мен велпатасвир таблеткаларының ұсынылатын дозасы - тамақтануға қарамастан күніне бір рет бір таблеткадан, пероральді. Емдеу ұзақтығы 12 апта бойы рибавиринмен бірге софосбувир және велпатасвир немесе софосбувир және велпатасвир таблеткаларын қабылдау ұсынылады. NS5A тұратын схемасы бар алдыңғы емі сәтті болмаған пациенттер үшін софосбувир және велпатасвир препаратын рибавиринмен бірге 24 апта бойы қолдануды қарастыруға болады.

Тауардың суреті мен сипаттамасы басқа болуы мүмкін. Мысалы: елі, өндірушісі, құрамы, қолданылу көрсеткіштері, қарсы көрсетілімдері және дозасы өзгеше болуы мүмкін.

Тауардың суреті мен сипаттамасын тапсырыс рәсімделгеннен кейін APPTEKA қызметіне хабарласу арқылы нақтылауға болады.